әдістерін зерттейді, сонымен қатар студент диагнозды құру логикасына қисынына) ие болады.
Кеселдің себептері- биологиялық (микроорганизмдер) этиологиясы
Асқорыту жүйесінің аурулары. Гастрит, панкреатит, асқазан және 12 елі ішек жарасы, энтерит,
колит т.б. Гастрит- асқазанның шырышты қабатының қыбынуы. Панкреатит-асқазан асты (ұйқы)
безінің қабынуы. Энтерит- аш ішектің қабынуы. Колит- тоқ ішектің қабынуы.
•.Микробиология-Салмонеллез», «дизентерия» қоздырғыштарымен «эшерихиоз», «іш сүзегі»
арасындағы байланысы: Бұл топқа спора түзбейтін грам теріс таяқшалар жатады. Олар сыртқы
ортада кең таралған, адамның және жануарлардың ішегінде кездеседі. Олардың ішінде шартты-
патогенді, сапрофитты және патогенді түрлері кездеседі. Топтың әрқайсысы бір-бірімен антигендік
қасиеттерімен ажыратылады. Морфологиялық және биологиялық қасиеттері: таяқшалар, пішімдері
0,5-3 мкм аралығында болатын, грам теріс, спора және капсула түзбейді, эшерихиялар ішек
таяқшасының кейбіреулері капсула түзеді. Факультативті анаэроб, қарапайым қөректік орталарда
өсіп көбейеді. Токсиндері
:эндотоксин бөліп шығарады, экзотоксин тек қана Григорьев-Шиг
шигеллаларында анықталған. Төзімділігі
: сыртқы ортада төзімді болып келеді, суда, топырақта, және
басқа әртүрлі заттарда бірнеше күннен бірнеше айға дейін сақталады. 1% Карбол қышқылы, 3-5%
хлорамин ерітіндісі әсер еткенде бірнеше минутта жойылады. Микробиологиялық
диагностика
: негізгі әдіс болып микробиологиялық зерттеу саналады.
• Жалпы фармакология негізі. «Антибиотиктер»
Антибиотиктер дегеніміз- микроорганизмдер өнімі болатын химиотерапевтік заттарды айтады.
Тетрациклин, левомицетин және т.б.- бактериостатикалық әсер ететін антибиотиктер.
• Анатомия. «Ащы және тоқ ішектің құрылысы» Ащы ішектің ұзындығы 5-7м., тоқ ішектің
ұзындығы 1,5-2м. Ащы ішектен 2 есе жуан. Эндотоксин әсерінен микробтар ащы және тоқ ішекте
өзгерістерге алып келеді, ішектердің кілегейлі қабаты және лимфа түйіндері арқылы қанға түседі.
•Эпидемиология
: жұқпа көзі науқас адам немесе бактерио тасымалдаушылар т.б. болып саналады.
Клиника: аурудың белгілері болып іш аймағында ауырсыну, құсу, жүрек айну, жиі іштің өтуі, бас
ауру, әлсіздік байқалады. Профилактика
: санитарлық-гигиеналық шаралар, ауру ошағында
дезинфекция шараларын жүргізудің маңызы үлкен. Емдеу
:антибиотиктер (тетрациклин,
левомицетин) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: