Зәрдің түзілуі Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен
ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болады. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен
тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» -
сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр
түзілудің
сүзілу
кезеңінде бүйректің қыртысты
затында
орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны
бірінші реттік зәр түзілудеп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады.
Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің
құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің
құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант,
аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға
сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне
шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе
зәрдің
сыртқа
шығарылуы
өсімді жүйке
жүйесі арқылы
(жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін
реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен
бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға
(тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында
нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның
жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып,
одан зәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.
Бүйрек жұмысына ішімдіктің әсері Бүйректің дұрыс жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп
ішу бүйрек жұмысын бұзады. Бүйректің жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын
болады. Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға
бастайды. Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқталады.
Бүйрек аурулары
Бүйрек кызметінің бұзылуынан, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс (20-30 есе)
көбеюінен уремия (зәрліқан) ауруына шалдығу мүмкін. Бүйректің ең кауіпті ауруы
- нефрит (гр. nерһrоsrоsоs - бүйрек) - бүйректің кабынуы. Нефрит ауруын бактериялар тудырады.
Қанның нәруызы азайып, кан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті
төмендейді әрі зәрдің түзілуі де баяулайды. Жаракаттанған бүйрек қанта ренин затын көп
бөледі. Ренин қан тамырларын тарылтып, қан кысымын көтереді.
Бүйрек тасы (уролитиаз)
Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер
қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа
айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға
тура келеді. Зәршығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі - қуықтың қабынуы
(гр. kystis - қуық). Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды.
Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек.
Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы - түнде зәр тоқтамау (энурез). Бұл ауруды
шыжың деп те атайды. Ол бадамша бездердің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру
көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету
қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог (гр. urоson - зәр) деп атайды.
Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аспабы
- гемодиализатор қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса,
басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.