Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
4. Нығайту/ закрепление:
Тест
1. Тері қабаты нешеу?
а) 1 ә) 3 б) 2
2. Тері қызметін атаңдар.
а) Көру ә) Сезу б) Есту
3. Тері пигменті.
а) Лизоцин ә) Меланин б) Хлоратин
4. Тері қандай ұлпадан тұрады?
а) Эпителий ә) Дәнекер б) Жүйке
5. Терінің мүйізді түзілісі.
а) Шаш ә) Тырнақ б) Тері
6. Тері қандай мүше?
а) Дәм сезу ә) Сипап сезу б) Көру
7. Тері ауруының дәрігері.
а) Уролог ә) Дерматолог б) Терапевт
8. Нағыз тері қабаты
а) Эпидермис ә) Дерма б) Май бездері
9. Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі?
а) 1 литр ә) 1, 5 литр б) 5 литр
10. Терінің сыртқы қабаты.
а) Май қабаты ә) Эпидермис б) Май бездері
5.Үй жұмысы: 
99-102 бет
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
2. Б.Қалкенова «Адам анатомиясы, жас ерекшелігіне қатысты физиология және
гигиена».«Фолиант» баспасы, Астана 2015 ж
3. Е. Керімбеков Адам анатомиясы, «Рауан», Алматы 1992 ж.
Оқутышы:
Омарова Ш.К.
Лекция 33
Тақырыбы: 
Терінің құрылысы мен қызметі. Терінің гигиенасы.


Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі 
мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы 
және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзада зат алмасу 
процесіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның 
температурасы қаншалықты ауытқығанымен адамның дене температурасы үнемі тұрақты 
болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін 
физиологиялық процестерді жылу реттелу дейді. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар, сүт 
қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым процесінде 
қанның сақталатын қоймасының да қызметін атқарады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, 
сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін атқарады. Адам 
тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді. Терінің 
витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің 
ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу
процесі жүреді, яғни оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май 
және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде 
жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет