«Саңырауқұлақ аурулары» Саңырауқұлақ ауруларын 4 топқа бөлуге болады.
1-тобы терінің беткі қабатын зақымдайды. Бұл кезде теріде ешқандай белгілер байқалмайды.
Бұған адамның терлеуі және терідегі ақ таңдақтар жатады.
2-тобы терінің төменгі қабатын зақымдайды. Бұл қабыршақты қабатты,аяқтың,қолдың
тырнақтарын толық зақымдайды. Бұған эпидермофития ауруы жатады.
3-тобқа теміреткі,парша,трихофития аурулары жатады. Бұлар шашты зақымдайды,әрі
жұқпалы болады.Мұндай ауруларды ауруханада емдейді.Бүгінгі таңда тері аурулары көп
кездесетін жағдай. Көп кездесетін түрі аллергиялык аурулар, теміреткі аурулары. Соның
ішінде жұқпалы аурулары да бар:қотыр, саңырауқұлақ. Бүгінгі кезде саңыраукұлак
аурулары көп кездеседі. Олар терінің бетін зақымдайды,тері беті зақымданғаннан
кейін,ошағы көрінеді, қызарып шығады, кішкене шет жағында бөртпелер болуы мүмкін,
қышуы мүмкін, уақытылы карамаса үнемі ұлғайып, қасығаннан кейін терінің ашық
жерлеріне,шашқа шашырап түсуі мүмкін. Көбіне саңырауқұлак терінің ашық жерлеріне
шығады. Балалардың арасында жиі кездеседі. Олар өздерінің жеке гигиенасын
сақтамағаннан, үй-жануарларынан, көбінесе мысықтардан, иттерден жұғады. Қазіргі кезде
каңғыбас ит-мысықтар көбейіп кетті. Оларды балалар қолдарына алып,ойнатады, одан кейін
олар қолдарын жумайды. Жануарлардың патогендік споралары, саңырауқұлақтар ашық
жерлерге түседі. Саңырауқұлақ шаш бөлігінде зақымдайды. Ол кезде не болады? Шаш
дөңгеленіп түсіп қалады, қазір мына баланың шашы алынған,сонда да ошақтары көрініп тұр.
Шаш түсіп,қабыршақтанады қышиды,бала қасығаннан кейін саңырауқұлақ споралары басқа
ашық жерлерге шашырап түседі,сондықтан мына балада басында ошақ өте көп.
Саңырауқұлақ аурулары тағы тырнақтарды зақымдайды. Тырнақ зақымданғаннан кейін түсі
өзгереді, сарғаяды,үгітіледі. Сарғайып түссе қолдыда, аяқтыда зақымдайды.
4-топтағы саңырауқұлақтар тері асты жасунықтарын, булшық еттерді, сүйектерді,
кейбіреулері ішкі мүшені зақымдайды.
Біз бұл ауруларға шалдықпауымыз үшін жеке бас гигиенасын сақтауымыз керек
«Қышыма қотыр» Қотыр кене ұзындығы 3 мм, жылтыр болғандықтан жай көзге көрінбейді. Ол дененің
жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп
өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге
қарай қышығаны қатты үдейді. Біздің иммундық жүйеміз онымен күреседі. Аналық кене
арнайы фермент бөліп, сол арқылы теріні тесіп, тері астына енеді. Аналық кене тері астында
тіршілік ете отырып жұмыртқасын салып, көбейіп, тіршілігін жалғастыра береді.
Қотыр кене ұзындығы 3 мм, жылтыр болғандықтан жай көзге көрінбейді. Ол дененің
жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп
өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге
қарай қышығаны қатты үдейді. Біздің иммундық жүйеміз онымен күреседі. Аналық кене
арнайы фермент бөліп, сол арқылы теріні тесіп, тері астына енеді. Аналық кене тері астында
тіршілік ете отырып жұмыртқасын салып, көбейіп, тіршілігін жалғастыра береді.