керек. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір
шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның
терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді.Қолдағы барлық
бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана
тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды
таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған жөн. Адамның терісі құрғақ немесе
майлы, ылғалды болып келеді. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында,
күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу
үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин
ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш
сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша
гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: