Лекция №1
Тақырыбы: Анатомия, физиология жғне балалар гигиенасының негіздері пәннің
міндеттері және зерттеу әдістері
Жоспар: 1. Анатомия биология ғылымының бір саласы.
2. Анатомия ғылымының бірнеше салаға бөлінуі .
3. Анатомияның ғылыми зерттеу әдістері.
Биология ғылымы негізінде екі үлкен салаға бөлінеді.Организмнің
құрылысы мен пішінін тексеретін саласын – морфология десе ал оның тіршілік әрекеті
мен қызметін зерттейтін саласын – физиология деп атайды.
Ал анатомия осы морфология ғылымының бір саласы болып табылады.Ол
адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттейтін саласын зерттеу мен бірге ,
олардың өзара байланысын және сыртқы ортамен қатынасын және біртұтастығын
дәлелдейді. Пәннің аты грек «аnatome»- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу »- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу
–анатомияның зерттеу әдістерінің бір тәсілі болып саналады.
Анатомия ғылымы организмі жан-жақты зерттеуіне байланысты бірнеше салаға
бөлінеді. Оларға: сипаттамалы, топографиялық, мүсіндік (пластикалық), функционалды,
динамикалық, антропологиялық, салыстырмалы және микроскопиялық анатомиялар
жатады.
Сипаттамалы анатомия-тек организмнің құрылысы мен пішінін сипаттауға бейімделсе ,
жүйелі анатомия оның құрылысын атқаратын қызметіне қарай (тірекқимыл, ас қорыту,
тыныс алу, зәр шығару т.б.) зерттейді.
Топографиялық анатомия-адам денесіндегі органдардың орналасу тәртібінің өзара
байланысын хирургиялық мақсатқа орай зерттеу.
Мүсіндік (пластикалық) анатоми-адам денесінің сырт пішінін, оның мүшелерінің
пропорциясын зерттеп, суретшілік ілімінің негізін қалайды.
Организмдегі органдардың
қалыптасуын, еңбекке, жұмыс әрекетіне және сыртқы
ортаға беймделуін
функционалды анатомия дейді.
Динамикалық анатомия адам денесіндегі тірек –қимыл аппараттарының құрылысын
зерттеп, физкультура және спортқа қажетті материалдар береді.
Адамның жасына қарай пайда болатын ерекшеліктерін, өзгерісін жас ерекшелік
анатомиясы зерттейді.
Антропология- адам тегінің пайда болу (филогенездік)жолындағы өзгерістер зерттесе,
салытырмалы анатомия қазіргі кезіндегі адамдар
мен жануарлар арасындағы
ерекшеліктері мен ұқсастығын зерттейді.
Организмдегі органдардың ткаьдік, клеткалық (ұсақ) құрылыстарын препараттар
арқылы тексеретін анатомия саласын микроскопиялық анатомия дейміз.
Анатомияның өзі көптеген пәндердің негізгі болып есептеледі.. Себебі
палеантология, антрополгия, физиология, гистология, эмбриология, салыстырмалы
анатомия, дарвинизм, психология т.б. пәндерді анатомиялық білім қағидаларынсыз
айқын түсініп кету қиын.
Жан-жақты зерттеудің нәтижесінде анатомиядан гистология ,
эмбриология және
цитология пәндері бөлініп шықты. Осыған орай, қазіргі сол аталған ғылымдар
жетістіктеріне байланысты анатомия да дамып келеді.
Психология және педагогика ғылымдары да анатомияның жетістіктеріне сүйенеді.
Себебі әрбір педагог анатомиялық білім берумен оқушылардың дене дамуы гигиеналық
қағидалардың сақталуын және дәрігерлік көмек бере білуін де қажет етеді.
Сонымен қатар анатомиялық білімді меңгеру адамдар мен жануарлар арасындағы
айырмашылықты дұрыс бағалауға жәнке адамның табиғаттағы көзқарастың дұрыс
қалыптасуына да мүмкіндік береді.
Адам тек қана жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесі ғана емес, ол
әлеуметтік ортаның, қоғамдық құрылыстың жемісі. Еңбек әрекетіне байланысты жоғары
дәрежелі нерв жүйесінің дамуы, адам организмін көптеген сапалы ерекшеліктерге
жеткізіп, әлеуметтік жоғары сатыға қойды. Еңбек пен сөйлеу
процесінің пайда болуы
адам тегінің жануарлардан бөлініп шығуына жағдай жасады. Адам анатомиясының тағы
бір міндеті-адам денсаулығының дұрыс жағдайы мен патологиялық жағдайын ажыратуға
жәрдем ету. Сондықтан да анатомия пәні медицина ғылымының негізгі бір саласы болып
саналады.
Анатомияның ғылыми зерттеу әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Оның бөлшектеу
салаларын аналитикалық, ал адам мүшелерін тұтастай тексеретін саласын
экспериментальдық әдістер д.а. Бірінші немесе аналитикалық әдістерге өлік денесін
кескілеу, иньекциялық, коррозиялық, мацерациялық, фиксациялау және ежелден келе
жатқан «кескілеу» әдісі қазіргі кезде де өз маңызын жойған жоқ. Ол макропрепараттар
жасауға, адам денесінің барлық мүшелерімен танысуға жағдай жасайды.
Иньекциялық немесе құйып толтыру әдісі тез қататын бояулы заттарды пайдалану
арқылы өтеді. Сол бояулы сұйықтықпен қуысты органдардың ішкі толтырылып,
олардың
пішіні, құрылысы тексеріледі.
Коррозиялық әдіс өте нәзік және күрделі құрылысты органдардың (өкпе, бауыр)
құрылысын зерттейді. Осы органдардың тамырларын тез қататын заттарды құйып, қатқан
соң әртүрлі қышқыл ерітінділерімен сыртқы жұмсақ тканін ыдыратып, ішкі құрылысы
мен пішіні анықталады.
Мацерациялық әдіс өлік денесін шірітіп, одан кейін қайнаған сумен шаю арқылы
сүйектерден тұтас қаңқа жасауға мүмкіндік береді. Ол сүйектер жұмсақ тканьнен
ажыратылып, кептіріліп, сабаққа оқу құралы ретінде беріледі.
Фиксациялау (бальзамдау)
әдісі тұтас денені, жеке органдарды бұзбай, ұзақ уақытқа
сақтау үшін қолданылады.
Микроскопиялық әдіс анатомиялық зерттеу кезінде органдардың нәзік құрылысын
байқау үшін микропрепаратттар арқылы микроскоп аспабын қолданумен өтеді.
Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты тірі организмді тексеру. Бұл үшін
рентгенологиялық әдіс кеңінен қолданылады. Бұның өзі екі жолмен жүреді. Егер рентген
сәулесі арқылы органдардың бейнесін экранда көретін болса, оны рентгеноскопиялық әдіс
дейміз де, ал рентген сәулесі арқылы органдардың бейнесін арнаулы пленкаларға түсіріп
алса рентгенография әдісі д.а. Ауторадиографиялық әдіс (радиоактивті изотоптар
жәрдемімен) тіс, қаңқа сүйегінің т.б. органдардың даму кезеңдерін тексереді.
Антропометриялық әдәс-адамның сырт пішінін, салмағын өлшеу арқылы қалай дамып
келе жатқанын анықтайды. Осы соңғы аталған рентгенологиялық, ауторадиографиялық
антропометриялық әдістер эксперименалдық зерттеу түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: