Cабақтың түрі/Вид урокаабақтың түрі/Вид урока: Тәжірибелік сабақ Сабақтың мақсаты/Цель урока: Балаларға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқытушылық/Обучающийся: Салауаттану - адам жаны мен тәнінің тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Дамытушылық/Развивающая :
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру Тәрбиелік/Воспитательная:алған білімдерін болашақта пайдалану,биологиялық терминдерін сауатты қолдану Пәнаралық байланыс/Межпредметные связи: биология, педагогика Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар/Наглядные пособия, оборудования, раздаточный материал: дәріс материалдары , компьютер, мультимедиялық проектор Сабақ барысы/Ход урока 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)/
Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).
2.Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала: Биологиялық диктант
1. Терінің сыртқы қабаты _______________________
2. Терінің ішкі қабаты __________________________
3. Терінің қызметі ______________________________
4. Теріні зерттейтін ғылым ______________________
5. Тері дәрігері _________________________________
6. Тері түзілістері _______________________________
7. Эпидермистің қалыңдығы ____________________
3. Жаңа тақырып: Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін,
адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын
қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және
біздің қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам
денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі-еңбекке
қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның
құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және
сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші
баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын
нығайту,денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
1.
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.
2.
Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.
3.
Бала денесін шынықтыру.
4.
Балалардың жүру, жүгіру. Секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.