Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет158/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Ахиллов рефлексі
Зеттелуші аяқ табанын бос салбыратып тізесімен орындыққа тұрады. Неврологиялық 
балғашамен әлсіз соққы өкше (Ахиллов) тарамасына беріледі. 
Жауап реакциясы – табанның бүгілуі. 
Есеп беру түрі: Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берініздер. Шартсыз рефлекс 
дегеніміз не? Шартсыз рефлекстің биологиялық маңызы қандай? Соматикалық 
рефлекторлы доғаның сызбасын сызыңдар. 
№ 3 практикалық жұмыс.
Тақырыбы: тор қабықтағы соқыр дақ /Мариотта тәжірибесі/
Мақсаты: адам көзіндегі тор қабықта соқыр дақтың бар екендігін дәлелдейтін бір әдіспен
танысу.
Зерттелуші объект: адам
Құрал-жабдықтар: қарындаш, сызғыш, парақ қағаз, соқыр дақты анықтайтын сурет. 
Тор қабықтың көру жүйкесі шығар тұста соқыр дақ орналасады. Бұл жерде рецепторлар 
болмағандықтан, сәуле түссе заттың бейнесі көрінбейді. Соқыр дақ аумағы 2,5 мм-ден 6 
мм-ге дейін ауытқиды. 
Жұмыс барысы.
Көз алдыңызға дайындалған суретті әкеліңіз. Сол қолыңызбен сол көзінізді жауып, оң 
қолыныздағы суретті оң кезінізге жақындатыңыз. Шартты белгісіне қарай отыра қағазды 
өзіңізден жайлап алшақтатыңыз. 20-25 см қашықтықта доңғалақ жоғалып кетеді, яғни 
кезіңізге көрінбейді. Оның бейнесі соқыр даққа түседі. Бұл кезде соқыр дақтың бар екенін 
дәлелдейді. 
Тәжірибе екінші кезде қайталанады. 


Есеп беру түрі.
Тәжірибеге қысқаша сипаттама беріп, екінші бейне (доңғалақ) жоғалған кездегі 
қашықтықты өлшеңіз. Екі кездегі соқыр дақтың орнын анықтаңыз. 
№ 4 практикалық жұмыс.
Тақырып: Тері рецепторының температураға бейімделуі. 
Мақсаты: тері рецепторының бейімделгіштік қасиетін анықтау.
Зерттелуші объект: адам
Құрал-жабдықтар: суы бар 3 ыдыс: 1) 0-15 
0
С, 2) 25-30 
0
С, 3) 40-50 
0
С, секундомер 
немесе секундтық тілі бар сағат. Егер оң қолды суық суға, ал сол қолды жылы суға ұстап 
тұрса, сол қолдың ыстыққа сезгіштігі, оң қолдың суыққа сезгіштігі төмендейді. 
Жұмыс барысы.
Зерттелуші қолын ыстық (40
0
С) немесе (10
0
С) суық суға батырады. Зерттелуші 
секундомер көмегімен бейімделу уақытын анықтайды. Зерттелуші екі қолын да 40
0
С 
жылытылған суға батырады. Екі қолдағы сезім бірдей болады. Ол бір қолын 40 
0
С, екінші 
қолын 10 
0
С суға батырады. Бұл жағдайда контраст сезімі пайда болады. Суық суға 
батырылған қол жылуда сезеді де, ыстық суға батырылған қол суықты сезеді. 
Есеп беру түрі.
Алынған нәтижелерді салыстырыңыз да, кесте толтырыңыз. 
Тері рецепторының бейімделгіштігі
ФИО
Сезгіш рецептордың суыққа 
бейімделуі
Сезгіш рецептордың жылуға
бейімделуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет