Лекция № 2
Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары
1. Өсу және даму заңдылықтары.
2. Жас кезеңдері.
Адам ағзасының физиологиясы және гигиенасы анатомиямен
бірге педагогиканың,
психологияның және медицинаның негізін қалайды. Адам ағзасының құрылысы мен
қызметін білу әр адамға ғылыми негізделген жеке және қоғамдық гигиена ережелерін
сақтауға, түрлі ауруларды
алдын алып денсаулық сақтауға, дене мәдениетін дамытуға
мүмкіндік жасайды. Кәсіптік тұрғыда педагогика мен психологияда оқу-тәрбие жұмысын,
даму процесін физиолгиялық
негізде ұтымды ұйымдастыруға, медицинада емдеудің
нәтижелі әдістерін әзірлеуге көмектеседі. Адам анатомиясы адам ағзасының құрылысы мен
пішіні, оның құрылымдык бөлімдерінің (мүше, ұлпа) жас, жыныс және жеке ерекшеліктері
жайлы ғылым.
Адам физиологиясы біртұтас адам ағзасындағы, мүшелер жүйесіндегі,
мүшелердегі,
ұлпалардағы, жасушалардағы тіршілік процестері және оларды реттеу
механизмдері туралы ғылым.
Адам гигиенасыоның денсаулығына,
жұмысқа қабілетіне,
өмірінің ұзақтығына қоршаған ортаның және кәсіптік іс-әрекетінің әсерін зерттейтін ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: