(гуморальды байланыс), ағзадағы барлық процесті реттейтін жүйке жүйесімен (жүйке
байланысы) қамтамасыз етіледі. Адам ағзасының тұтастығы оның психикалық және
соматикалық
бірлігіне байланысты, себебі денеден бөлек психика болмайды. Психика -
жоғары дамыған, ерекше құрылған, ойлауға қабілетті дене мүшесі
бас миының қызметі
(функциясы).
Ағза қызметтерінің
гуморальды реттелуі жасушалардың химиялық өзара әрекетінің ежелгі
түрі және зат алмасуд өнімдерінің қанмен таралып басқа жасушалар, ұлпалар, мүшелердегі
процестерге әсер етуі арқылы жүреді. Химиялық заттар қан ағымымен жай таралып, тез
ыдырап ағзадан шығарылып отырады. Жасушалардың химиялық тітіркендіргіштерге
сезімталдығы әр түрлі.
Ағза қызметтерінің жүйкелі (нервті) реттелуі эволюцияда
гуморальды-химиялық реттелуден кейін пайда болған.
Жасушалардың өзара әсері
рефлекторлық жолмен өте тез, қауырт жүреді және нерв импульстары белгілі жасушаларға
тура бағытталып қызметін реттейді. Ағза қызметінің гуморальды және жүйкелік реттелуі
өзара байланыста жүреді. Мысалы, қандағы гормондар белсенді химиялық зат ретінде жүйке
жүйесіне әсер етеді, сонымен қатар ішкі секреция бездерінің гормондарды түзіп қанға бөлуі
жүйке жүйесінің басқаруымен жүреді. Яғни, жүйке-гуморальды реттеудің механизмі
біртұтас. Ағзаның маңызды бір қасиеті – физиологиялық процестердің
өзін-өзі реттеуі
арқылы ағзаның ішкі ортасының жағдайының бір қалыптылығын (гомеостаз) ұстап отыруы.
Өзін-өзі реттеу, соңында ақпарат (информация) орталық жүйке жүйесіне түсетін, реттелуші
процеспен реттеуші жүйенің арасындағы өзара байланысқа негізделген.
Ұлпалартегі, құрылысы, қызметі бір жасушалар мен жасушааралық сұйықтықтан құралады.
Адам ағзасында төрт типті ұлпа болады:
эпителий, дәнекер, бұлшқет және жүйке
ұлпалары.
Мүшелер (орган) түрлі ұлпалардан құралады, белгілі құрылысы, пішіні, қызметі
болады. Ұлпаның бір түрі мүшенің негізгі қызметін, ал қалғандары көмекші қызмет
атқарады. Мүшелердің пішіні,
көлемі ағзаның жас, жыныс және жеке ерекшеліктеріне
байланысты. Қызметі және тегі бір мүшелер
мүшелер жүйесін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: