Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Тақырып: Нейрон – жүйке жүйесінің негізі



Pdf көрінісі
бет25/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162
Тақырып: Нейрон – жүйке жүйесінің негізі
.
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Нерв жүйесінің физиологиясы.
3.Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
Кілт сөздер: нерв жүйесі, нерв талшықтары, нейрон, синапс, ми.
«Невропатология негіздері » - бұл балаларда және ересек адамдарда жүйке және психика 
жүйелерінде ауытқулары бар, туа пайда болған немесе жүре пайда болған кемістігі бар және 
жоғарғы жүйке жуйесінің қызметінде кемістігі бар адамдарды зерттейтін пән.
Курстын мақсаты-өз мамандығында әртүрлі сезім мүшелерінде кемістігі бар балаларды 
оқытып-тәрбиелеу негізінде анализаторлардың анатомиясынан , физиологиясы мен 
патологиясынан хабары бар, ғылыми және тәжірибелік білімді, коррекциялық педагогика 
мамандарын даярлау.
Курстын міндеттері-
-жүйке жүйесінің ауруларының себептері жалпы және даму механизмдері туралы студенттердің
мағлуматы болуы керек.


-жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын; мүмкіндіктері шектелу балаларға тән 
неврологиялық синдромдарды білуі керек .
-неврологиялық синдромдарды анықтау және сөйлеу , зият, моторикасының ауытқуларын 
түзету біліктілігі болу керек.
Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы.
Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі 
ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе.Оның негізгі құрылымдық бірлігі- нерв 
клеткасы- нейрон.
Адам организімі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, органдардан және 
тканьдерден тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі.Осы 
күрделі құрылымда ерекше ролді орталық нерв жүйесі- ми мен жұлын атқарады.Ол адам 
организіміндегі барлық клеткаларды, тканьдерді, органдарды, бұлардың жүйелерін, өзара 
байланыстырып функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері 
арқылы барлық органдер мен тканьдерде болатын рецопторлар тітіркенген кезде туатын 
афферентті
(орталыққа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді(өңделеді) 
және түрлі шеткі органдардың әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардың 
тонусын сақтауға көмектесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда 
болады.Орталық нерв жүйесі жеке организімнің қоршаған ортаға бейімделуін, оның барлық 
қызметтерінің ең жетіген реттелуін, бірлескен түрде іске асуын қамтамасыз етеді. Қозғыш 
ұлпалар физиологиясы. Нейрондағы қозу және оның таралуы
Физиологиялық тыныштық пен физиологиялық белсенділік. Тітіркену, тітіркендіргіштер. 
Нейрон. Қозу, оның кезеңдері және нерв талшығымен таралуы. Мембрналық және әрекет 
потенциалдар, олардың пайда болуы. Тұрақты тканге әсері.
Жан- жануарлар екі түрлі қалыпта болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық 
белсенділік.
Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзі жұмулы, тыныш, ештеңені ойламай, естімей, 
денесін босатып, бір қалыпта ақырын баяу дем алып, ояу жатқан жағдайын айтады. Мұндай 
жағдайда тіршілікке қажетті дене құрылымдарының бәрі (жүрек- қан тамырлар, тыныс алу, зәр 
шығару, дене мен ондағы торшалардың тұақтылығын, тіршілігін сақтайтын механизмдер зәр 
шығару, дене мен ондағы торшалардың тұрақтылығын, тіршілігін сақтайтын механизмдер, зәр 
шығару т.б.) белгілі шамада қызмет істейді. Бұл кезде ткандердің торшаларында белгілі 
мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Мұндай қалыпта жатқан сыртқы ортаның қандай да 
болмасын бір жағдайлары әсер етсе, ағза физиологиялық тыныштықтан физиологиялық 
белсенділікке ауысады.
Ағзаның қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл дененің белсенді 
қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физмологиялық белсенділік 
кезінде зат алмасуы тыныштықтағы мөлшерден артады, бірнеше мүшелер немесе мүшелер 
жүйелер қызмет атқаруына байланысты оларға қоса, жүрек- қан тамырлар, тыныс, зәр шығару 
жүйелерінің т.б. да қызметтері күшейеді. Осындайжағдайда сыртқы және ішкі орталардың 
әсерлері денедегі ткандарді, торшаларды тітіркендіреді. Жан- жануарлардың денесіндегі 
кһөпшілік тірі торшалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі 
орталардың түрлі әсерлеріне жауап ретінде зат алмасуының үдеуін айтады. Сыртқы және ішкі 
орталадың әсері ететін факторларын тітіркендіргіштер дейді. Тітіркендіргіштердің әсерінен ағза
немесе оның жеке ткандері, торшалары физиологиялық тыныштықтан белсенді қызмет етуге 
ауысады.
Тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық деп төрт топқа
бөлуге болады.
Физикалық тітіркендіргіштерге түрлі механикалық (қысым, соққы, шаншу, т.б.) және электрлік 
әсерлер жатады.
Химиялық тітіркендіргіштерге сілтілер, қышқылдар, тұздар мен олардың ертінділері, дәрілері, 
улы заттар, тамақтың құрамындағы органикалық және анорганикалық заттардың әсері жатады.
Физико- химиялық тітіркенгіштерге ертінділердегі заттардың осмастық және иондардың, түрлі 


заттардың концентрациялық айырмашылықтарының әсері (мысалы, тұздың 0,8 және 1 % 
ертінділер әсерінің айырмашылығы ) жатады.
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі үлкенді- кішілі (макро- және микро-) ағзалардың әсері 
жатады. Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркене алатын ткандерді тітікенгіш ткандер деп атайды. 
Мұндайларға без, ет, нерв ткандері жатады. Бұл ткандер тітіркендіргіш әсер еткен қозып жауап 
береді, яғни қозу олардың жұмыс қабілеті. Қозғағанда бұл ткандердің электрлік, биохимиялық 
қасиеттері өзгереді де ткандер қызмет атқарады немесе бұрынғы қызметін күшейтеді.
Тірі тканлдердің электрлік қасиеті биоэлектрлік құбылысқа жатады. Көп торшалы ағзаларда 
сырты және ішкі ортаның мәліметтерін қабылдап, талдап, сақтап, бір жерден екінші жерге 
жеткізуі немесе қажетінше қайтадан жаңғыртуы эволциялық даму барысында қалыптасқан 
электр сигналдары арқылы орындалады.
Тітіркендіруге жауап қайтару қасиеті жануарларға да, адамға тән. Тітіркену қасиеті бір 
торшалы қарапайым жәндіктер де болады. Олардың суға салған тұз кристалынан 
қашықтайтынын, жарық түскен жерден көлеңкелеу жерге ауысатынын мектепте зоология 
пәнінен қойған тәжірибелерден көрген боларсыздар. Яғни барлық тірі торшалы қарапайым 
жәндіктер өсер еткенде тітікеніп жауап бере алады. Ал төменгі сатыдағы көп торшалы 
жануарларда ( мысалы, гидра) өте қарапайым жүйке жүйесі болады. Олардың жұлдыз тәрізді 
торшалары болады да бірбіріне өздерінің өсінділерімен жанаса алады. Тітіркендіруді 
қабылдайтын торшалар қабылдағыштар (рецепторлар) мұндай жануарлардың денесінің сыртқы 
қабатында болады. Рецепторлар да пайда болған қозу нерв торшасының барлық торына 
таралады да жануар (гидра, медуза) тітіркендіруге жауап қайтарады. Мұны гидра тәжірибе 
жасап көруге болады. Егер гидраның денесіне жіңішке инені тигізсе, ол жиырылып домаланып 
қалады.
Өте күрделі құрылысты жануарларда орталық жүйке жүйесі бар. Сол түйіндерден бүкіл 
денесіне бүкіл денесіне тарайтын нервтері болады.
Омыртқалы жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады., ал 
орталық жүйке жүйесінен дененің барлық жеріне нервтер тарайды. Омыртқалы жануарлардың, 
балықтан сүт қоректілерге дейін, орталдық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі әсіресе 
анық көрініп тұрған миының дамуы күрделене түседі. Омыртқалы жануарлардың құрылысы 
күрделенген сайын ми сыңарлары да дами түседі және жүйке жүйесінің қызметі де көбейіп, 
алуан түрлі болады.
Ең жоғары дәреже де дамыған адамның жүйке жүйесі нің анатомиялық және фукциялық негіз 
нерв торшасы – нейрондар. Олар тітіркенгіш келеді, яғни қоза алады және электр импульстерін 
бір жерден екінші жерге тасмалдап жеткізе алады. Бұл қасиеті рецепторлар мен 
эффекторлардың ара қатынасын іске асыруға мүмкіндік береді. Қабылдағыштар (рецепторлар)- 
тітіркендіргіштің әсерін, яғни тітіркенуді қабылдайтын торшалар немесе мүшелер (мысалы, 
терінің рецепторлары) ал эффекторлар- тітіркендіруге жауап беретін торшалар мен мүшелер. 
Нерв серпілістерін орталық жүйке жүйесіне (миға және жұлынға ) тасымалдайтын нейрондар 
афференттік немесе сенсорлық нейрондар, ал орталық жүйке жүйесінен импультерді 
эффекторларға таситын нейрондар эфференттік немесе моторлық нейрондар деп аталады. 
Көптеген жағдайда афференттік нейрондар эфферентік нейрондармекн аралық нейрондар 
арқылы байланыстырылады. Әрбір нейронның денесі болады. Оның диаметрі 3-100 мкм. 
Нейрон денесінің цитоплазмасында ядро және басқа торшалық органелдалар болады. Оның 
денесінің көптеген ұзынды- қысқалы өсінді талшықтары бар. Нейронның денесін сома (грекше-
дене) деп атайды. Ұзын талғығын аксон (грекше – тірек ) немесе нерв талшығы, қысқы 
талшығын дендрит (грекше – ағаш ) деп атайды. Аксон нерв импультерін нейронның денесінен 
басқа торшаларға немесе шеткі мүшелерге тасиды, оның ұзындығы ондаған сантиметр болуы 
мүмкін. Олар жіңішке келеді. Аксонның ұшы нейросекреттер түзе алады және басқа көршілес 
торға немесе мүшеге келгенде тармақталып, қабарып аяқталған нерв ұштарына айналады. 
Аксондар көршілес нейрондармен синапс деп аталатын ерекше құрылым арқылы жалғасады. 
Синапстар қоздырушы және тежеуші болып екіге бөлінеді. Нерв ұштарының қабарып 
томпайған жері көпіршіктер мен митохондрияларға толы болады. Көпіршіктерде ерекше 
заттар- нейромедиаторлар (ацетилолин) бар. Ал митохондриялар нерв ұштарындағы күшті 
метоболистік белсенділікті қамтамасыз етеді.
Дендриттер қысқа және аксондардан анағұрлым алуан болады. Дендриттердің ұштары шеті 


томпайған терминальді тармақтарға айналады. Бұл нейрондардың басқа торшалармен ұштасу 
ауданын үлкейтеді. Дендриттер арқылы нейронның денесіне бюасқа торшалардан нерв 
импульстері келеді, яғни дендриттер олар лың «кірер есігі», ал аксондар «шығар есігі», деуге 
болады. Дендриттердің саны көп болады. Нейронның денесінде белоктық синтезделумен 
байланысты рибосомалар тобы- Ниссль денешіктері және Гольджи аппараты орналасқан. 
Нейронның аксоплазмасывнда эндоплазмалық ретикулум, митохондриялар, нейрофибрилдер 
т.б. органеллалар жайласады.
Кейбір талшықтарының сыртында миелин қабаты болады. Миелин- сарғыш май тәрізді (липид) 
заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 мм сайын үзіліп Ранвье белдеушісіне айналады. Белдеушелердің 
арасында Шван торшаларының ядроларын көруге болады. Миелині бар нерв талшықтарын 
( айталық,ми мен жұлындағы талшықтар) миелинсіз талшықтар деп атайды. Миелин қабатының
сыртында мықты созылмайтын мембрана- негрилемма болды. Миелинсіз талшықтарда Ранвье 
белдеушесі болмайды, сондықтан талшықтың сырты Шван н торшасы торшаларымен толық 
қапталмайды. Бір Шванн торшасы тоғызға дейін талшықтарды қаптап тұруы мүмкін. Сырты 
бәріне ортақ дәнекер тканді қабық-эпиневриямен қапталған нейронның топтаған өсінділерін 
нерв деп атайды. Талшықтын ішіне қарай бағытталған эпиневрияның перинеприя деп аталатын 
өсінділері нерв талшығын ұсақ дәнекертканді қабығы- эндоевриясы болады. Нерв импультерін 
орталық жүйке жүйесіне тасымалдайтын нервтерді сенсорлық немесе афференттік, яғни сезгіш 
немесе орталыққа тепкіш нервтер (иіс, дәм, сезу, көру, есту нервтері т.б.) деп, ал орталықтан 
периферияға тасымалдайтын нервтерді (көзді қорғаушы ,шығырық, бұру нервтері сияқты) 
эфференттер дейді. Аралас нервтер ( мыс., бет, үшкіл, тілжұтқыншақ, кезеген және барлық 
жұлын нервтері ) импульстерді екі бағытта тасымалдайды.
Мидың осындай бүкіл организімдегі тіршілік процестерін ең жоғарғы және нәзік 
интеграциялаушы орган ретіндегі материалистік көзқарастың қалыптасуында отандық 
физиологтардың олардың ішінде И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың атқаратын рольдері 
айрықша.
И.М.Сеченов (Павлов оны «орыс физиологиясының атасы» деп атаған) организімнің қоршаған 
ортамен байланысы, оның түрлі әсерге қайтаратын барлық жауап реакциялары (рефлекстер) 
нерв жүйесі арқылы іске асатынын 1862 жылы «ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде 
дәлелдеді. Осы және басқа еңбектерінде ол рефлекстің орталық звеносындағы яғни орталық 
нерв жүйесіндегі құбылыстар мен процестерді білу керек деген ғылыми идея ұсынды.
Клетка денесінен шығатын өсінділер- дендриттер мен аксондар.Көпшілік жағдайда дендриттер 
қысқа, көп тармақталған өсінділер.Осы себептен де олардың жиынтық беткейі клетка денесінен
әлдеқайда артық.Дендриттерде орналасқан синапстар саны өте көп.Сондықтан нейрондардың 
информация қабылдауында басты роль осы дендриттерге тиеді.Бұлардың мембранасында 
кпетка денесіндегі сияқты химиялық рецепторлар функциясын атқаратын көтеген белокты 
молекулалар болады.Осылар белгілі бір спецификалық химиялық заттар әсерін сезеді.Бұл 
заттар бір клеткадан екінші клеткаға сигнал жеткізуге қатысады, содықтан синапстағы қозу мен
тежелудің медиаторы болып есептеледі.Аксон- ұзын, бір ғана өсінді.Оның негізгі функциясы 
нерв импульсін- әрекет потенциалын өткізу (тарату).Аксонның клетка денесінен шығатын жері 
аксон төбешігі (холмик)деп аталады.Аксонның бастапқы 50-100 мкм, бойынша миелин қабығы 
болмайды.Осымиелинсіз участокты аксон төбешігімен қосып алғашқы сегмнет деп 
атайды.Мұның ерекшелігі- нейронның басқа участоктеріне қарағанда қозғыштығы жоғары 
болады: тітіркендіру табалдырығы шамамен үш есе төмен.
Нерв талшықтарының қасиеттері: нейрон денесімен байланысты, салыстырмалы тұрде 
шаршамайды, зат алмасу жоғары емес, жоғары қозғыштық және лабильдік.Нерв 
талшықтарының яғни нерв клеткалары өсінділерінің ең негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу 
импульстерін өткізу(тарату) болып есептеледі. Біртекті нерв клеткаларының шығатын нерв 
талшықтары шоғырланып орталық нерв жүйесі щеңберінде өткізгіш жолдар деп 
аталады.Орталық нервжүйесінен шыққан соң түрлі талшықтар бірігіп нерв бағанын немесе 
нервтерді құрайды:Атқаратын қызметтеріне қарай нерв талшықтары түрлішеаталады 
(орталыққа тепкіш- афференттік, орталықтан тепкіш- эфференттік, қозғағыш, секреторлық, 
трофикалық, тамыр қозғағыш, висцермоторлық т.б. ).
Жүйке жүйесі құрылысына байланысты екіге бөлінеді.
1) орталық ( жұлын, ми)


2) шеткі (нерв талшықтары)
Жүйке жүйесі қызметі бойынша:
1) соматикалық (тірек-қимыл аппаратының қызметін реттейді)
2) вегетативті (ішкі мүшелер қызметін реттейді)
Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық 
жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар
нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және 
электр изоляторы қызметін атқарады.
Нейронның денесін сома деп атайды. Оның пішіні әр түрлі: сопақша , ұршық тәрізді, дөңгелек, 
домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, жұлдыз тәрізді т. б. Денесінен ұзынды-қысқалы 
өсінділері – нерв талшықтары шығады. Ұзын талшығын аксон(грекше аксон – тірек деген 
иағынада), қысқы талшықтарын дендритдеп атайды (дендрон - ағаш).
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай 
анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін 
қамтамасыз етеді:
Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштары – рецепторлар, 
қозғаушы ұштары – эффекторлар.
Нейронның бір-бірімен байланысы синапсдеп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске 
асады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы) және постсинапстық
(синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар. 
Пресинапстық мембрана нейронның аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешегінің қабығы. 
Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатордеп аталатын 
белсенді химиялық заттан тұрады (латынша медиатор – делдал, арада жүруші). Қабылдаушы 
нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп
атайды. Пресинапстың және мембраналардың арасында синапс аралығы болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв 
талшықтары деп атайды. Нерв талшықтары екі түрлі болады: миелинді және миелинсіз. 
Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың 
сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған миелині болмайды.
Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп 
аталады, ал қосуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді, орталықтан тепкіш 
немесе эфференттік нервтер дейді.
Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады.
Орталық жұйке жүйесінің негізгі қызметі-рефлекс. Рефлекс сөзін бірінші рет қолданған 
француз философы Рене Декарт. Оған ғылыми сипаттама берген чех ғылыми Прохаска. 
Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары
И.М. Сеченов, И: П: Павлов , П.К. Анохин.
Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіргендіргіштеріне беретін 
күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі –рефлекс доға, яғни қозуды рецепторлардан 
жүйке орталығына , онан шеткі ағзаға /эффеторға/ жеткізетін жол . Ол бес бөлімнен тұрады: 
1/.кабылдаушы құрылым –рецептордан ,2/.қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден 
3/.аралық нейрондардан тұратын орталықтан/ми қыртыстары/,4/.эфференттік жол 5/жауап 
беруші құрылым эффектордан тұрады.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік 
шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. 
Оның алтыншы бөлімі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс 
туралы хабар, яғни кері байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Кері байланыс рефлекстік 
доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады.
Рефлекс түрлері. Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше
топқа бөлінеді;
1/. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік /теріде , ауыз, көздің кілегей 


қабықтарында орналасқан/, интероцептивтік/ішкі ағзаларда , қантамырларында /, 
проприоцептивтік / сіңірде, бұында/
2/.жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып екіге бөлінеді.
3/.Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми, 
алдыңғы ми рефлекстер болып бөлінеді.
4/.Қимыл -әрекетіне қарай жұту, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыраталады.
5/.Орталықта туатын ұрдістер түріне қарай қоздырушы, тежеуші рефлекстер болады.
6/.И.П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз, шартты деп екі топқа бөлді.
7/. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп 
нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып, дененің терісін , аяқ-қолдарын, дене тұлғасының 
беттерінің нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет