Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет27/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162
5.Үй жұмысы: 2 тарау, 30 – 36 бет


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Кабанов А.Н., Чабовская А.П. «Мектеп жасына деінгі балалар анатомиясы, физиологиясы
және гигиенасы» А-А, 1982 ж.
2. Хрипкова А.Г. «Возрастная физиология», «Просвещение», М.., 1978 ж.
Оқутышы: Омарова Ш.Қ.
Лекция 5
Тақырып: 
Жұлынның құрылысы мен қызметі.
Жоспар:
1.Жүйке жүйесіне жалпы шолу.
2.Жүйкелердің құрылысы,ерекшеліктері,негізгі қасиеттері.
3.Орталық жүйке жүйесі
4.Жұлын және оның құрылысы.
Лекция мәтіні
Ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеп ,үйлестіріп,басқарып,сыртқы 
ортамен байланыстырып отыратын арнаулы жүйе жүйке жүйесі деп аталады
Ағзаны сыртқы ортамен байланыстырып,оған бейімдеп отыратын жүйке жүйесінің әрекеті 
жүйке жүйесінің жоғарғы дәрежелі қызметі болып табылады.Ал тек қана денедегі мүшелердің 
қызметін ғана реттеп,келістіретін және басқаратын жүйке жүйесінің әрекеті жүйке жүйесінің 
төменгі дәрежелі қызметі болып табылады.
Жүйке жүйесі морфологиялық құрылымдары мен қызметтеріне қарай 3 бөлімге бөлінеді.
1.Орталық жүйке жүйесі: ОЖЖ ,бұл бөлімге жұлын мен ми жатады
Қиян(перифериялық) немесе шеткі жүйке жүйесі:бұл бөлімге мидан шыққан 12 жұп және 
жұлыннан шыққан 31 жұп жүйкелер жатады.
Ерекшеленген (вегетативті) жүйке жүйесі:ВЖЖ.
Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше бірнеше жүйке талшықтары бірігеді де, сыртын 
талшық қаптайды.Оны жүйке тамыры деп атайды.
Орталық жүйке жүйесіне филогенетикалық жағынан өте әріден басталған жұлын және ең 
жас,біртіндеп дамып келе жатқан ми жатады.
Бұл екі бөлімнің генетикалық, морфологиялық құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз 
байланыстыжәне біртұтас құрылым.Жұлын мен миды 3 қабатты қабықша қаптайды:
1.жұмсақ немесе қан тамырлы қабық ,ең ішкі қан тамырларына бай жұлын мен мидың үстіңгі 
бетімен бірігіп жататын қабық
2.торлы қабық өте жұқа қантамырсыз қабық
қатты қабық ең сыртқы дәнекер ұлпалы қабық
Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады.Ересек адамдарда оның 
ұзындығы 45 см,ені 15 мм,салмағы 36 гр.Жұлын жжоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында 
сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат 
құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді де сол жерге бекиді
Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі болмайды;бас жағы 8жуан,құйрық жағы 
жіңішке болады. Жұлынның 2 жері жуандау ; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы 
болады. Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге :алдыңғы орталық сай және 
артыңғы орталық 8жүлгесі болады,жәе бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады
Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады.Олортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең 
кесіндісінен оның ақ зат пен сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған 
көбелекке ұқсас , алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша , артқы бөлігі артқы аша деп 
аталады.Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және 
аксондардан түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері 


және қатынасы әр түрлі болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет