Лекция 8
Тақырыбы: Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі
Жоспар: 1.Алдыңғы ми
2. Үлкен ми сыңарлары
3. Үлкен ми сыңарларының аймақтары
4. Жүйке жүйесінің гигиенасы
1.Алдыңғы ми
Адамда
алдыңғы мидың
үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған.
Алдыңғы миды кейде соңғы ми деп те атайды. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ
сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады.
Сыртындағы сұр заты
ми
қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады.
Қыртыс ми
сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады.
Ми
қыртысының калыңдығы шамамен 2-3 мм,
ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында
мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және козғалтқыш жасушалар
болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа
бөлімдерін бірімен-бірі байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары
бөлімі деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: