қызыл түсті пигменті. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120 күндей. Оның шамамен
2,5 млн көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сүйек кемігі майында қайта
түзіледі. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттердің тұтып
қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар.
Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі. Лейкоциттер (грекше le»- кесемін деген сөзінен шыққан. Себебі осып кесу ukos-ақ, kytos-
жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары. Адамның 1 мм
3
қанында 4-9 мың әр түрлі топқа жататын лейкоциттер болады. Лейкоцитердің құрылыс
ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті
лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті
лейкоциттерге-нейтрофилдер (45-75%), эозинофилдер (1-5%) және базофильдер (0-1%)
жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге-лимфоциттер (18-30%) моноциттер (2-9%) жатады.
Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лима түйіндерінде, айырша бездер және
көкбауырда түзіледі.
Ақ түйіршіктер- қызыл түйіршіктерге қарағанда өте аз өмір сүретін қан жасушалары.
Олар 7-14 күн ғана тіршілік етеді. Ақ түйіршіктер ағзада фагоцитоздық, қорғаныштық және
ақуыздың алмасуы кезінде бөлінген улы заттарды зиянсыздандырып, ыдырату, қабынуды
басу сияқты қызмет атқарады.
Қан тақташалары (тромбоциттер) – ядросыз, белгілі пішіні жоқ, өте кішкене, оңай
жабысатын, қанның ұюына қатысатын жасушалар, 1 мм қанда 150-300 мыңға жуық қан
тақташалары болады.
Тромбоциттер- сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Тамырлар
жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат тромб
түзіледі. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып, тамырдың зақымдалған жерін бітейді де, аққан
қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен сөң тамыр жарақаты жазылады тром жойылады.
Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок- фибриннен құралады. (Оны қысқаша
айтсақ-плазмадағы еріген ақуызды ибриногеннің ерімейтін ибрин ақуызды жіпшелерге
айналуынан қан ұйиды).
Достарыңызбен бөлісу: