Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Иммунитеттің жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
3. Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрықтың қанында
антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының қорғаныс қабілетіне байланысты
оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының қанындағы
антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы
көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру қабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың
ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады.
Алғашқы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана
сүтінің құрамында болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10
жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан
40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс
мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммундық қабілет те төмен болады.
4. ЖҚТБ. ЖҚТБ-ның алдын-алу.
ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. Бұл ауру адамның қорғаныш 
тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы арқылы пайда болады. Адамның қорғаныш 
тапшылығы қоздырғышыиммун жүйесін әлсіретеді, соның нәтижесінде организм әртүрлі 
ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. ЖҚТБ терминімен АҚТҚ соңғы кезеңін 
белгілеген; ол адамның иммун жүйесінің зақымдалуымен сипатталады, соның салдарынан 
ілеспе өкпе, ішек-асқазан жолдары ағзалары, бас миы аурулары дамиды. Ауру өліммен 
аяқталады. 
ЖҚТҚ аббревиатурасы жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ЖҚТБ
дегенді білдіреді.
Синдром (белгі) — қандай да бір ауруды сипаттайтын симптомдар, белгілер жиынтығы.
Жұқтырылған — өмір сүру барысында жұқтырған ауру.


Қорғаныш тапшылығы — организмдегі иммундық жүйе белсенділігінің жеткіліксіздігі.
Қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тірі жасушаларды (лимфоциттер) зақымдайды
және соларда дамиды. Тірі жасушалар вирустар бөлінетін және көбейетін «инкубатор»
түрінде пайдаланылады. АҚТҚмөлшері өте кішкентай: ұзындығы 1 см болатын сызыққа 100
мыңға жуық вирустық бөлшектер орналасуы мүмкін. Вирус ұзақ уақыт жасырын
(инкубациялық) кезеңде (зақымдану сәтінен бастап ауру белгісі пайда болғанға дейін)
болатын баяу ағымдық ауруды тудырады. Сондықтан, о баста адам организміне
енгенАҚТҚөзін ешбір білдірмейді. ЖҚТБжетілгенге дейін жылдар өтеді.
АҚТҚ (қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) зақымданудың негізгі себебі есірткіні
инъекциялық қолдану болып табылады (80%), сонымен қатар жыныс жолдары арқылы
зақымдалған адамдар мен АҚТҚ бар әйелдерден туылған балалар саны артып келеді.
4. Ауру ағымы
АҚТҚ жауыздығы мынада, ол организмге түсіп, ұзақ уақыт өзін білдірмейді және оны тек
зертханалық тексеру кезінде ғана анықтауға болады. Адамның иммун тапшылығы вирусы
туғызған аурулар ағымы бірнеше кезеңде көрінеді:
Бірінші кезең — АҚТҚ клиникалық белгісінің болмауы. Бұл кезең 2 ден 15 жылға дейін
созылады. Бұл асимптомдық инфекция (жұқпа) деп аталады. Адам өзін сау сезінеді әрі
сыртқа солай көрінеді, сөйте тұрып басқа адамдарға инфекция жұқтырады.
Екінші кезең — ЖҚТБ алды.Аурудың алғашқы симптомдарының көрінуімен сипатталады:
лимфа түйіндердің ұлғаюы; дене салмағын жоғалту; қалтырау; әлсіздік.
Үшінші кезең — ЖҚТБ.Бірнеше айдан 2 жылға дейін созылады, науқастың өлімімен
аяқталады. Зеңдер, бактериялық вирустар арқылы өмірге қауіп төндіретін ауыр аурулардың
дамуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет