1936)
«Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса- өлең емес. Нәрсіз сөз- зілсіз оқ есепті,» - деген қазақ ақыны (Жамбыл)
«Жазық кең дала менің Отанымболды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде
бесігімен алып жүрді.» Кімнің айтқан сөзі? (Жамбылдың)
«Мен жасардым, 18 жасар жігіттей шағыма келдім», деген сөздерді Жамбыл қай әңгімесінде айтқан? («Менің бақытым)
«Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен» деген пікірді айтқан адам (М.Әуезов)
«Сіз өзіңіздің ұзақ өміріңізде ұлы істерде бастан кшірдіңіздің. Сіздің жүрегіңіз ешбір қартаймайды», - деген жолдарды дат
жазушысы Мартин Андерсен Нексе кімге арнаған? (Жамбылға)
Әдебиеттегі Жамбыл туралы айтылған пікір: (ХХ ғасырдың Гомері)
«Халық поэзиясының алыбы, ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақыны
(Жамбыл)
«Халық ақыны Жамбыл» және «Сүйінбай Аронұлы порттертерінің авторы:( Ә.Қастеев)
Қазақстан жазушыларының Бірінші құрылтайында Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған халық ақындары: (Жамбыл,
Нартай, Кенен)
Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдері: (Нұрпейіс Бағанин, Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов)
Жамбылдың шәкірті ( Кенен Әзірбаев)
Кенен Әзірбаевтың өлеңі ( Базар- Назар)
Спандияр Көбеев (1878-1956)
С. Көбеев Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог –( жазушы).
Туған жері :бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты №3 ауыл (қазіргі Қостанай обылысы, Меңдіқара ауданы).
Еңбектері: «Үлгілі тәржіма» (Қазан, 1910), «Үлгілі бала» (Қазан, 1912), «Қалың мал» романы (Қазан, 1913), «Орындалған
арман» романы (1951).
С.Көбеевтың Ы. Алтынсарин ашқан мектепті бітірген жылы: (1892)
Спандияр Көбеев 1887 жылы оқыды: (Ыбырай мектебінде)
С. Көбеев Шәкірті болған: (Ы. Алтынсариннің)
Ыбырайдың көмегімен оқуға түскен педагог, жазушы: (С. Көбеев)
С.Көбеев И.Крылловтың мысалдарын қай жерде жүріп аудара бастаған: (Кішіқұмда)
Ыбырайдың бала оқытып жатқан үйіне мал қамағанын ызалана жазатын оқытушы: (С.Көбеев)(«Орындалған арман»
романында)
«Менен бұрын бес баласы, бір қызы бар ата- ана мен дүниеге келгенде, сірә, қуна қоймаған болу керек.» Осы сөздің авторы:
(С. Көбеев)
«Үлгі тәржіма» кітабының қай жылы, қайда шыққан: (1910ж . Қазанда)
«Осы жинақ шыққаннан кейін мен жазушылыққа бет бұрдым»- дейді С.Көбеев. қай кітабына байланысты айтылған ой:
(«Үлгілі бала»)
Көбеевтың «Үлгілі бала» кітабы: (бастауыш мектеп балалыры үшін оқу кітабы)
С. Көбеевтың «Үлгілі бала » жинағы 1912 жылы басталған қала: (Қазан)
С. Көбеев: «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта- ниетімді біржолата баянды етіп бекітті,» - деген
пікірінде айтып отырғаны: (Ы. Алтынсарин)
Ы. Алтынсариннің үлгісімен тәрбиелік мәндегі қысқа аңгімелер жазған жазушы: (С. Көбеев)
«Құмырсқа мен көгершін», «Атасы мен немересі», «Ат пен есек» үлгісіндегі шағын аңгімелердің авторы: (С.Көбеев)
С.Көбеевтің романы («Қалың мал»)
С.Көбеевтың «Қалың мал» романының тақырыбы: (Әйел теңсіздігі мен жастардың бас бостандығы )
С. Көбеевтың «Қалың мал» романының қалың мал романындағы басты кейіпкер: (Ғайша)
«Егер Ғайша жанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге сұрасам ба екен?»- деген
үзінді алынған шығарма: («Қалың мал »)
Итбай, Амантай, Жамантай, Серғазы, Әбіш бейнелері кездесетін шығарма: («Қалың мал»)
Жүніс, Бірке, Әлкен деген кейіпкерлер кездесетін шығарма: («Қалың мал»)
С.Көбееевтың «Қалың мал» романындағы Қожаштың жолдастары: (Бірке, Алкен, Жүніс)
С.Көбееевтің «Қалың мал» романында еркіндікті аңсаушы жастың бірі: (Жүніс)
С.Көбеевтың «Қалың мал» романында: «Құтқарамын, Тұрлығұлдай бай емеспін, қара басыма риза болсаң...»- дегенді айтқан:
(Қожаш)
Ғайша мен Қожашқа (С. Көбеев «Қалың мал») көмектесетін жақын ағасының аты (Серғазы)
С.Көбеевтың «Қалың мал » романындағы Тұрлығұл бай мен ол айттырған жас қыз Ғайшаның жастары. (Алпыс – он бес)
С. Көбеевтың «Қалың мал» романында қай кейіпкердің бейнесін жасауда юморды щебер пайдаланған: (Итбайдың )
С. Көбеевтың «Қалың мал» романындағы Итбайдың мақсаты: (Баю, мал жию)
С. Көбеевтің «Қалың мал » романындағы Итбайға ең керекті нәрсе: (Байлық)
С.Көбеевтің «Қалың мал » романындағы ұнамсыз кейіпкерлер: (Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбай)
«Қалың мал» романындағы озбырлықты, надандықты байқатанын бейне: (Тұрлығұл)
«Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге
мазақ, қатты мінезді адам. » - деген сипаттама «Қалың мал» романындағы портреті: (Тұрлығұлдың)
С. Көбеевтің «Қалың мал» романында Тұрлығұлға: «Қатын өлді – қамшының сабы сынды» деген, мал берсең біреу өзі – ақ
қызын акеп тастар,» - деп көңіл айтушылар: (Ауыл ақсақалдары)
«Қалың мал» романында: «Байдың қатын өлсе, төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырар дегендей, басы
қаңғырады дейтін жарлы емессің, мал берсең, қызын біреу өзі – ақ акеп тастар»- деп жұбату айтушы: (Ауыл ақсақалдары)
«Есіл бойында қыстайтын Атығай деген елде Тұрлығұл деген байдың қырық жыл отасқан Қанша деген бәйбішесі елубес
жасында қайтыс болды,»- деген үзінді алынған шығарма: («Қалың мал»)
С. Көбеевтің өлеңі: («қайыршы»)
С. Көбеевтің өз айтуы бойынша «көлбақа мен юпитер» мысалын аудару себебі: (Ыбырай Байды әшкерелеу үшін)
Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,
Кемдікке қалдырмаңыз не қылат деп.
Жиылып өңшең жаман кейбір жерде
Алатын сыбағасын басып көктеп- деген шумақ алынған С. Көбеевтің мысалы: (Арыстан мен сары масалар)
С. Көбеевтің «Арыстан мен тышқан», «жапырақтар мен тамырлар» мысалдарының идеясы : (қалың бұқараның қолында
үлкен күш барын аңғарту)
С. Көбеевтің «Маймыл мен көзілдірік » мысалының идеясы: (әр затты өз орнына пайдалану)
С. Көбеевтің адам бойындағы ұнамсыз мінезді көрсететтін шығармасы : (сауысқан мен қарға)
С. Көбеевтің аллегория (меңзеу) түрінде жазылған туындысы: («ат пен есек»)
С.Көбеевтің өз бейнесін және Алтынсариннің ағартушы педагогтық обрызын жасайтын туындысы: («орындалған арман»)
С.Көбеевтің «орындалған арман» кітабы : (мемуарлық кітап1951жылы шыққан)
С. Көбеевтің 20- ғасырдың басында әдебиеттің қалыптастырған саласы: (көркем проза)
«20- ғасырдың бас кезінде қазақстанда көркем проза туа бастайды оның алғашқы бастамасы С. Көбеевтің «Қалың мал»
романы болды»- деген пікірдің иесі:(М. Әуезов )
Достарыңызбен бөлісу: |