Ой
ңозғау кезеңінде
студенттер
өздерінде
бар
білімдерін
көрсетіп, берілген тапсырма бойынша ұғымдарының бар екендіктерін
білдіреді. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру студенттердің танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыруға, берілген тақырыпты қарастырудың
мақсатын айқындауларына мүмкіндік береді.
Үғыну (тақырыптың мәнін түсіну) кезеңінде студент жаңа ақпаратпен
жұмыс істейді, оны жүйелейді, жаңа және ескі ақпарат бойынша сұрақтар
қоюды үйренеді.
Рефлексия (ойлану, ой толғаныс) кезеңі студенттерге жаңа білімді
бекітуге және жаңа материал туралы езінің алғашқы ойын өзгертуге
мүмкіндік береді. Осылайша жаңа білімді игеріп, ойланып- толғануға,
өтілген материалға өзіндікжеке кезқарасын қалыптастыруға болады. Бұл
технология бойынша жұмыс барысында студенттер ақпаратпен жұмыс
істеудің түрлі тәсілдерін меңгереді, пайымдау жасауға, ой қорытуға, өз
көзқарасын қалыптастырып, оны логикалық дәйектермен дәлелдей
білуге, өз ойын анық жеткізуге, қарсыласының сөзін мұқият тыңцауға және
т.б. үйренеді.
Б.Блум таксономиясы сыни ойлау технологиясында қолданылатын
тәсілдердің бірі болып табылады. Таксономия мәтінді оқытудың тиімді
тәсілдер жүйесін қолдана отырып, сыни ойлауды дамытумен жалпылама
таныстыруға, студенттерге дербес болуға, сыни тұрғыда ойлауға, оқуға
жауапкершілікпен әрі шығармашылықпен қарауға бағытталған әрі студентті
топта серіктеспен жұмыс істеуге үйретеді. Блум таксономиясы мәтінге
егжей-тегжейлі талдау жүргізуге, сыни пікір айта білуге, оқырманның өз
тұжырымын білдіруіне бағыт береді.
Достарыңызбен бөлісу: