өзара шекарасы жіктеле де бастаған сияқты. Платон осы жіктелуді
жамандықтың нышанындай көріп, оны сынап, айрыкша шүйліккен.
Барлық тектер мен түрлердің түпкі үлгісі моңгілік алғашқы идеялар
боғандықтан, олар - акиқаттың да, көркемдіктің де, жақсылықтың да
түпкі өлшемдері. Түпкі идеяларда олар бір нәрсе. Яғни сол идеялар-
дың кейінгі туындылары - табиғи нэрселер болсын, адамдар дүниесі
болсын, ақиқаттығы да, көркемдігі де, жақсылығы да өзінің түпкі
үлгісіне қаншалықты сәйкес екендігімен анықталады. Әрбір жеке
қүбьшыста, әрбір жеке адамда олардын алғашқы үлгі-идеясы канша-
лықты корінген, іске асқан, олар соншалыкты ақикат, соншалықты
жақсы. Әрине оз үлгісіне қанша жақын болса да, ешбір қүбылыс оны-
мен бірдей бола алмайды. Онда ол сол үлгінің өзі болған болар еді.
Ал бүл мүмкін емес. Себебі үлгі - ол шексіз жетілгендік. Жетілгендік
- барлық боліктері бір-бірімен толық үйлескен түтастык, бүтіндік.
Өзінің омірлік мүраты жетілген қоғамдық қүрылысты ойлап табуға
үмтылғанда да, ол сондай қүрылысты бірден-бір акиқат, бірден-бір
коркем, әрі бірден-бір бақытты коғамдық өмір деп түсінді. Осы
үшеуінің бірі болмаса, калған екеуі де мәнінен айрылады.
Осыған жақын ойлар жүйесін абсолюттік рухтың дамуы түрғысы-
нан кейін Гегель де түзеген. Бірақдаму идеясының түрғысында ақикат,
коркемдік, жаксылық озінің бірлігін сактай алған жоқ. Гегель фило
софияны ғылым деп түсінгендіктен ақиқатты ең жоғарғы қасиет деп
қарап, көркемдікті, жақсылықты (коркемонер мен адамгершілікті)
ақиқатқа жету жолындағы томенгі сатылар деп бағалаған. Ақикат,
яғни Гегельдің ойынша тек танымдық ақиқат, Рухтың дамуының ең
биік дәрежесі, ол көркемдік пен жақсылықгы оз ішінде тек бір бағыны-
шты кезеңцер ретінде ғана сактайды. Коркемдікті де, жақсылықты да
тек қана ақиқаттылық ақтай алады, керісінше, мүмкін емес. Нәр-
сенің коркемдігі немесе жақсы екендігі оның ақиқаттығының кепілі
бола алмайды. Гегель де бүл үшеуінің бірлігін қостайды, бірак ол
оның ойынша тең бірлік емес, ол бірлік тек акиқатқа бағынады, тек
сонымен аныкталады.
Шығысқа тән рухани әлемде негізінде ол адамның өз жан дүни-
есін жетілдіруге бағышталғандықтан ақиқат, коркемдік, жақсылықтың
әр қайсысы басқаларга жат, богде нэрселер болып кеткендігі байкал-
майды. Шығыс фйлософиясы да окшауланған дербес кызметке ай-
налмағандықтан олардын таза философиядағы тағдырына шолу жа
сау қиын. Ол әлі зерттеуді кажет ететін мәселе.
Сондықтан біз кобірек зерттелген Батыс философиясы мен оның
болмысында осы үш қатынастың ажыраған, бір-бірінен оқшау бей-
нелері қандай болды, соны біршама қарастырайық.
Ең алдымен
Достарыңызбен бөлісу: