Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет28/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

Зиг­
мунд Фрейд.
Бірақ, Австриялық атақты психиатр ол фактіға өзінше 
түсініктеме берді. 3. Фрейдтің айтуынша: адамда биологиялық жара- 
тылысынан айрыкдіа роль атқаратын оның табиғи инстинкттері. Та- 
биғи инстинктер онда, оның жан дүниесінде белгілі импульстер туғыза- 
ды. Олар организмді сақтауға бағытталған, сол организмнің мүқтаж- 
дықтарын білдіреді. Импульстер табиғатынан айрықша куатқа ие. 
Инстинкттерден туындайтын импульстер, мүқтаждықтар мен үмты- 
лыстар бейсаналық психикалық дүниені құрайды, ойткені олар сана­
лы үмтылыстар бола бермейді. Оның себебі, саналы психикалық про­
цестер рефлексиялық қызмет екенін білеміз, ал табиғи дәрежедегі 
инстинкттерде рефлексия, озін өзі тану, кору жоқ, яғни өзін өзі рет­
теу жоқ. Фрейдтің, бірақ, негізгі ашқан жаңалығы бір-біріне қарсы 
пиғыддардың, үмтылыстардың тартысында бейсаналық психикалык 
үмтылыстардың пайда болатындығы. Адамдар мәдени ортада, қоғам- 
да өмір сүретін болғандықтан, сол ортаның талаптары мен нормала- 
ры да әрбір жеке адамның пиғылына психикалык мүқтаждықтары 
мен үмтылыстарына айналуы сөзсіз. Ал, олар адам организмінің та- 
биғи үмтылыстарына тежеу салады, оларды белгілі бір арнаға, ереже- 
лерге бағындыруға тырысады. Енді жабайы табиғи адамның ноқта 
көрмеген асау аттай инстинкттері мәдениет нормаларының аясында 
отуге мәжбүр. Яғни жаратылысынан туындайтын мүқтаждықтар 
(“Оно”) мен мәдени талаптарының (cynep-Ego) арасында Фрейдтің 
түсінуінше епіқашан жоғалмайтын қайшылық бар. Олар кейбір нақты 
жағдайларда тікелей араздыққа тіпті жаулыққа дейін күшейеді. Олар­
ды бір-бірімен бітістіріп, ымыраға келтіретін, сол арқылы бейсана- 
лықтың қараңғы түнегінен шығып жататын психикалык, импульстерді 
басып, кері қайтарып, қүрсауда үстайтын саналы процесс. “М ен” 
(”Ego”), саналы процесс қарама-қарсы екі күшті де қамтуға тырыса­
ды. Біріншіден, дүлей инстинкттерді тежеп, не реттеу үшін, екіншіден 
мәдениеттің, әлеуметтік ортаның тым қатаң талаптарын жүмсарту 
үшін олардың әрқайсысын сананың жарық дүниесіне тартып, ымы- 
ралық жағдайда біріктіреді. Саналы “Менді” Фрейдтің өзі асау атқа 
мініп бас білдіріп жүрген адамға теңеген. Адамдағы кейбір пиғылдар 
белгілі бір мәдени ортаның талаптарына, әсіресе адамгершілік нор- 
маларына тым қайшы келетін болса, (әрине, ол нормалар сол адам- 
ның өзінің де қастерлейтін нәрселері болған жағдайда), ондай пиғыл 
саналы түрде оның өзі білетін нәрседен, яғни сана аясынан бейсана- 
лықтың қараңғы түпкірлеріне ығыстырылады (вытеснение). Олар 
адамның өзі кейде тіпті білмейтін, оз жанында сондай пиғыл мен 
тілектің бар екенін сезбейтін дәрежеде ығыстырылып немесе басы-
80


лып, итеріліп тасталуы мүмкін. Өз пиғылы, белгілі бір пайда болған 
тілегі оның өзіне соншалықты ұятты, масқара нәрсе болып көрінген- 
де тап осылай болады. Яғни бір пиғылдың үстемдігі екінші оған жат 
пиғылды сананың аясынан алаңсыз жоғалтып жіберуі мүмкін. Бірақ, 
ол пиғыл жан дүниесінен мүлде қүрып кетеді екен деген соз емес. Ол 
тек сана дүниесінен күриды, ал әрбір қолайлы сәтте бейсаналықгың 
түбінен сананың бетіне қалқып шығуға дайын түрады. Сондықтан 
адам санасы осындай қалде оның жолына әртүрлі тосқауылдар күрып, 
оны алаңсыз бітеп тастауға пейілді. Бірақ жоғалмаған мүқтаждықтың 
жүмсалмаған қуаты көбейген сайын тосқауылдар мен бөгеттерді бүзып 
шығу ықтималдығы әрқашан бар нәрсе. 3. Фрейдтің айтуынша осы 
бір адамдағы екі “М еннің” араздығы (конфликт) жеке бір адамдарды 
психикалық дертке душар етеді. Ол сол адамның психикалық ерек- 
шелігіне, мінезіне т. т. байланысты. Фрейд осы ішкі араздықты көбіне- 
се адамдағы табиғи мүқтаждықтар мен әлеуметтілік, мәдени мүқтаж- 
дықтардың бір-біріне ымырасыздығынан деп қараған. Оның ойынша 
бүл өсіресе өлеуметтік талаптардың жеке адамның, жалпы адам та- 
биғатының мүқтаждықтарымен есептеспей дамуынан. Табиғи мүқтаж- 
дықгардың ішінде З.Фрейдтің адамдардағы жыныстық нәпсіге тым 
әсіре мән бергені мәлім. Соған орай Фрейдтің түсінуінше қоғам, мә- 
дениет т. б. адамға тән нәрселер нәпсінің үмтылыстары мен әлеу- 
меттік нормалардың қайшылықтарынан туған. Бірақ біз бүл жерде 
З.Фрейдтің социологиялық көзқарастарын баяндай алмаймыз. Біз тек 
оның ашқан адамның ішкі “мендерге” бөлінуі жөніндегі козқараста- 
рына токталдық. Ол мүнда өмірде бар белгілі бір күрделі қүбылыстың 
ішкі күрылымын сипаттап, соған сәйкес адам оміріндегі бейсаналы- 
лықгың үлкен орын алатынын көрсетіп берді.
Сонымен қатар 3.Фрейд бейсаналықтың тууының белгілі бір әле- 
уметтік көзін де ашқан деуге болады, бірақ, оны шын мағынасында 
түсіндіріп бере алған жоқ. Бейсаналық психикалык процестердің үлкен 
бір саласы, адам жасаған дүниесінің, әлеуметтік туындыларының өзіне, 
жаттанғандығынан екендігін біршама айтқанбыз. Әлеуметтік омірде 
калыгітасып қалған нормалар талаптарының олардың өзіндік үмты- 
лыстарына қайшы келіп, басып жөне ығыстыруы бар нәрсе. Бірақ ол 
тек жыныстық нәпсінің үмтылыстары ғана емес.
Бүлардан шығатын қортынды - адамдарда рухани дағдарыстар 
заманында жиірек үшырайтын психикалык, дерттер, әртүрлі невроз- 
дардың көпшілігі тәннің аурулары емес, жанның аурулары. Олардың 
көпшілігі субъектінің ішкі түтастығынан айрылуының нәтижесі. Он­
дай дертке үшырағандардың организмі, тәні сау болуы мүмкін, ал 
кейде организмде, мыйда болатын ауытқулықтар неврозға душар 
болған адамның жан күйзелісінің салдары. Жан ауруы ондайда тән
6 - 3 6 1
81


ауруына үласады. Осыны дәлелдейтін ғылымда көптеген фактілер 
жинақталған. Бір адамда екі, ал кейде тіпті бірнеше психикалық 
“Мендердің” барлығы кездейсоқ жағдайларда ашылып та қалады. Осы 
кезге дейін өзіне де, өзгеге де белгілі бір мен болып келген адам, 
бүрынғы өз аты-жөнін, семьясын, айналысқан кәсібін, араласып 
жүрген ортасын, ягни бәрін үмытқандай болып, басқа да бір атпен, 
кәсібі, ортасы басқа екінші бір “мен” болып жүргенін өзі білмейді. 
Осы қүбылыстың мәнісі: ол адамның жанында басқа бір мөнге
пиғылға күралған тағы бір “мен” бүрынан болуы тиіс. Бірақ оньщ 
санасында үстемдік етуші “мен” , яғни оның өзі де басқалар да анық 
білетін “мен” оны бейсаналықгың аясына ығыстырған, тіпті оны шыға 
алмастай етіп бітеп тастаган. Ол екінші “мендер” кәп жағдайда 
жетілмеген, қияли, театр сахнасында ойнайтын рольдің дәрежесіндегі 
нәрсе. Белгісіз себептердің ықпалымен алға шыгатын (кәбіне уақыт- 
ша) мүндай “мендер” сондықтан шын “мендей” болып қабылдана-
Д Ы .
Бір адамның екі, тіпті бірнеше “мендерге” іштей бөлшектенуі 
өмірде ттіын және жалған “мендер” болып та корінеді. Сыртқы жагдай- 
лардың қысымы, мысалы, адамдардан белгілі бір “мендікті” күтеді. 
Ал ол “мендік” жеке адамның шын “меніне” қайшы тіпті жау. Осы- 
ның бір психикалық кәрінісі кейбір адамдарда сыртқы қатынастарда 
ғана корінетін, оның шын “менінің” маскасы ретінде, бүркеніші бо­
лып жүретін формальдық “мендер” қалыптасады. Және оны барлық 
уақытта саналы түрде болатын, яғни екі жүзділік деу де тым бір жақты 
болар еді. Екі жүзділіктің болатыны даусыз. Ш ын “мен” бейсана- 
лықтың қараңгы түпкірінде адамның озіне де белгісіз калде жатуы да 
мүмкін. Бірақ, ол бәрі бір адамдарды белгілі бір іс-өрекеттерге үмты- 
луға ықпалын откізіп жатады. Бірақ адам оны озі білмейді. Кейбір 
істерін адамның озінің де түсіне алмайтын себептері осыдан болу 
керек.
Субъектінің даму дәрежесі негүрлым биік болған сайын оның 
психикасында сананың қамтитын ауқымы да соғүрлым кең болуға 
тиіс. Субъектілік - адамның озін озі бнлей алатын деңгейі, ал бүл 
сананың даму деңгейіне байланысты, сана, ол - жанның жарықтыгы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет