Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


§ 9, Пікір (суждение), үғым (понятие) және ой



Pdf көрінісі
бет33/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 9, Пікір (суждение), үғым (понятие) және ой 
түйіндеу (умозаключение)
Ойлаудың бүл формалары адам психикасының (жан әлемінің) 
заттар мен күбылыстардың озіндік бар немесе болуға тиісті болмысы 
мен мазмүнын білдіретін саласы, әрине, ол күбылыстар тек сырткы 
нәрселер ғана емес, адамның оз жан дүниесінің коріністері де. Олар 
олай болса қүбылыстардың қандай, қалай, не (кім) екендігін, болуға 
тиістілігін анықтауға бағышталған. Ойлаудың негізгі формалары-пікір, 
үғым және ой түйіндеу.
Пікір
- ойлаудың ең қарапайым формасы. Ойлаудың формала- 
рын ең алғаш ыждағаттықпен зерттеген Аристотель (б. д. д. 384-322) 
еді. Ол жалпы логика ғылымының негізін салушы деп саналады. 
Аристотельдің түсінуінше белгілі бір ойды айтудың барлығы бірдей 
пікірге жата бермейді. Мысалы, айтылған ой сауал түрінде болуы да 
мүмкін. Сауал койу ойдың ақикат не жалған екендігін корсетпейді. 
Пікір - ол айтылған ойдың ақиқат не жалған екендігі туралы болуы 
тиіс. Ол бір нәрсені растау не терістеу түрінде болады. Болмыста 
байланысты нәрселер ойда да байланысатын болса, ол пікір - ақиқат, 
ал омірде байланысқан нәрсе ойда байланыспаса, ол- жалған. Ягни 
Аристотель пікірді тек логикалык формасы жағынан гана емес, 
мазмүны жағынан да алып қараған, олай болса пікір міндетті түрде 
ақиқаттылықпен байланысты. Ойлаудың формалары мен сойлеудің 
формалары Аристотельдің қағидасында әлі ажырамаған (мысалы, пікір 
мен сойлемді ол бір нәрсе деп қараған).
Кейінгі логиканың даму барысында, бірак, сауалдың да таным- 
дық қызметі анықталып, пікірдің белгілі бір түрі екендігі мойындал- 
ды.
Пікір логикалық қүрылымы жағынан негізінде үш элементтен: 
S-субъект, Р- предикат және байлауыштан (связка) түрады. S - ойдың 
не туралы екендігін, предикат субъектінің калай, қандай екендігін 
немесе еместігін және сол туралы сауал түрінде корсетеді. Байлауыш 
екеуінің қатынасын корсетуі тиіс. Яғни пікірдің жалпы формуласы:
91


S-P. Субъект дегеніміз предикат. Мысалы, “Адам - ойлай алатын 
жануар”, “Ай планета емес”. Субъектінің немесе предикаттьщ сипа- 
тына карай пікірді көптеген түрлерге бөледі. И.Кант пікірлерді ана- 
литикалық (жіктеу, талдау), және синтетикалық (біріктіру) деп бөлді. 
Аналитикалық пікірлер тәжірибеден тумайтын априорлық, синтети- 
калық пікірлер тәжірибеден туындайтын апостериорлық сипатта. 
Априорлық пікірлердің ішкі мазмүны қажетті де әрі жалпы. Оның 
белгілейтін қатынасы өзіне қатысты қүбылыстардың бәріне бірдей 
міндетті түрде тән. Сондықтан, аналитикалық пікірлерде предикат 
тек субъектіде бар, әрі занды белгісін көрсетеді және предикаттың 
мазмүны субъектінің шеңберінен шығады. Мысалы, “Барлық дене- 
лердің түрқы бар” десек. Барлық денелерде міндетті түрде түрықтың 
болатыны біздің дене туралы үғымымызда қашанда бар дейді. Кант 
синтетикалық пікірлерде, керісінше, субъект11 туралы үғымымызда 
бүрын болмаған, тәжірибе арқылы табылған жаңа бір белгі қосыла-
Д Ы .
Г.В.Ф .Гегель (1770-1831) ойлаудың формаларына дамудың 
түрғысынан қарап, оларды ойлаудың әртүрлі сатылары деп түсінді. 
Гегельдің ойынша пікірдің мазмүны да, ішкі формальдік күрылымы 
да жалпылық пен жалқылыктың арақатынасына күрылған. Субъект 
барлық уақьітта жалқылықты, предикат - жалпылықты, ал байлауыш 
жалқылықтың жалпылыққа тиісті екенін көрсетеді.
Бірақ Гегельден кейінгі зерттеулер субъект мен предикаттьщ екеуі 
де жекелікті, немесе жалпылықты корсете алатынын дәлелдеген. М ы­
салы, “Темір м еталдарға ж атады ” деген пікір ж алп ы лы қ пен 
жалқылықтың арақатынасын корсетсе, “Менің коршім Петров дейтін 
студент” деген пікірдің субъектісі де, предикаты да жалқылықгарды 
білдіріп түр. Пікірдегі субъект де, предикат та, байлауыш та карапай- 
ым ойлардың элементтері, олар - ойлар, сондықтан оларды заттар- 
мен заттык қатынастармен барабар деу кате, осындай көзқарастар 
философия мен логиканың тарихында болған.
Сонымен қатар оларды создермен, қарапайым сойлеммен бір 
норсе деу де қате, себебі пікірде субъект де, предикат та, байлауышта 
бар бола түрып, олардың создік формасы әртүрлі бола береді.
Пікір күбылыстардың саналуан байланыстарын корсете отырып, 
олардағы белгілі қайшылықты да ашады. Ж алқылық пен жалпы- 
лықтың, барабарлық, бірдейлік пен айырмашылықтың арасындағы 
байланыстарды айқындайды. Субъектінің предикат екендігін айту бір 
жағынан олардың белгілі бір қатынасында бір нәрсе екендігін,
11 
Байлауыш (связка). “Сократ есть человек” деген пікірдегі “есть” деген 
соз - байлауыш. Бірақ, қазақ тілінде осындай байлауыш жоқ. Біз “Сократ - адам” 
дей саламыз.
92


бірдейлігін білдірсе, екінші жағынан олардың айырмашылығын, 
әртүрлілігін әйгілейді. Мысалы, “Раушангүл - осімдік”, “Жер - пла­
нета” десек, онда Раушангүл мен өсімдіктің, жер мен планетаның өрі 
бір нәрсеге жататындығы, әрі бір-біріне түгелдей барабар емес, олар­
ды ажыратып түрған айырмашылықтың да бар екенін кореміз.
Үғым.
Ойлаудың басқа формаларынан үғымның озгешелігі оның 
предикатында. Пікірде субъект мен предикаттьщ арасы айқын ажы- 
ратылған болса, үғымда жекелік, жалқылық анық корінбейді. Алдыңғы 
жаққа жалпылық, яғни предикат шығып, ондағы жалқылықтың ны- 
шанын колегелейді. Әрине, үғым да кобіне жалқылық пен жалпы- 
лықгың озара тәуелді байланысына күрылған, бірақжалқы нәрсе және 
оның жалпы нәрсемен байланысы жалпылықтың ішкі қүрылымдық 
бір болігіне айналып, жоғалып козге ілінбейтіндей қалыпта болады. 
О сы ны ң н ә ти ж е с ін д е үғым тек ж а л п ы л ы қ туралы , ол үш ін 
жалқылықтың ешбір мәні жоқтай эсер тууы мүмкін. Логикадағы кейбір 
бағыттар осылай түсіндіріп те келді. Пікірлердің барлығы бірдей, әри- 
не, үғым бола алмайды, бірақ үғымдардың барлығы да - пікір.
Ойлаудың түпкі максаты, әрине, адамдық белгілі бір мәнділіктің 
мазмүнын орбіту, ал оның ауқымындағы танымның қызметі қүбы- 
лыстардың ішкі табиғатын (сущность) игеру, соны бейнелеу және 
соның нәтижесінде адамның іс-әрекеттеріне пайдалану, іске асыру. 
Болмыстың заңын, озіндік табиғатын игеру, бейнелеу үғымдар түрінде 
іске асады. Үғым ойлаудың бастамасы емес, оның белгілі бір нәти- 
жесі және оның жоғарғы нәтижесі деуге болады. Үғымға дейінгі ой- 
лаудың деңгейлерінде жасалатын нэрсенің жеке белгілерін жүйелеу, 
жинақгап қорыту бар, бірақ оның түгас табигатын меңгеру жоқ. Әрине, 
сезімдік дәрежеде де заттың табиғатын белгілі бір түтастықта қамту 
болады, бірақ онда оны жүйелі түрде негіздеу мен ішкі занды, қажетті 
болмысын айқын орбіту жоқ. Яғни, үғым сезімнен толық арылған ой 
жүзінде қүрылған заттың (сол тектес заттардың барлыгының) дүни- 
еде болу не тиісті тәсілін ішкі қажеттілігінде, және сондай қүбылыс- 
тардың бәріне де міндетті түрде тән жалпылығында идеалдық түрде 
жасайды. Үғымда сондықтан жалпылық біршама дербестікке ие, се- 
бебі, үғымның міндеті осы саладағы 
барлық
қүбылыстарга тән болу- 
дың және тиістіліктің формасын айқындау. Ягни, олай болса, дәне- 
керлі түрде осы саладағы қүбылыстың, жалқылықтың табиғаты аныкта- 
лады. Яғни үғымның бүкіл он бойында жалқылыққа қатынастың 
корінісі бар. Үғым белгілі бір саладағы әрбір қайталанбас жалқылыктың 
жалпылык екенін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет