ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ: АҒЫМДАР МЕН ӘДІСТЕР
монографня
Осы кітаптың жарық кӛруіне қолдау кӛрсеткен ҧлтымыздың ардақты азаматтары ӘШІМОВ
ҒАЛЫМҒА, Қ¥ЛЖАНБЕКОВ ӘБДІХАЛЫҚҚА алгысымызды бідціреміз.
Редактор: АбдреЙмова А.Қ. Тех. редакторы: Еркін Ж.Ж. Корректор:
Ьейсентай А.
Басуга 3.03.2009 қол койылды. Шшімі: 60x84. Кӛлемі 23,25 б.т.
Таралымы 500 даш. Офсеттік қағаз. Ризографиялык басылыс.
ЖШС «Гласир» редакциялық-баспабӛлімінде басылып шығарылды.
Қарагапды қ., Бҧқар жырау даншлы, 84.
Тел.:+7 (7212) 4
Репозиторий
КарГ
У
4
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда бүкіләлемдік көркем ой дамуындағы гуманистік және ұлттық
өлшемдердің, тарихи-рухани өмірдегі көркем шығармашылықтың адам
тұлғасын қалыптастырудағы орнын қайта бағамдау мәселесі өз-өзінен күн
тәртібіне шығып отыр. Сондықтан да біз ұлттық әдебиетіміздегі, оның
идеялық-көркемдік бағыттарын, жалпы поэтикалық мәселелерін әлемдік
әдебиет контексінде қарауға мәжбүрміз. Осы тұрғыда бүкіләлемдік көркем ой
қол жеткізген межелерді саралай отырып, қоғам мен рухани өмірдегі
жаңашылдықтардың әдебиетімізде бой көрсетуін анықтау арқылы ұлттық
көркемдік дамудың нақты көрсеткіштерін айғақтай аламыз. Әдебиетті зерттеу
барысында шығармашылық үдерістің қос мәнін: әдебиет дамуындағы
жаһандық құбылыстар мен ұлттық әдебиеттер арасындағы ортақ
тенденцияларды және нақты бір дәуір мен нақты бір ел әдебиетіндегі
қайталанбайтын ерекшеліктерді үнемі қаперде ұстау аса қажет. Адамзат
архаикалық-ұжымдық, фольклорлық-поэтикалық ойлаудан авторлық ойға, жеке
сана көріністеріне дейінгі динамикалық даму жолында бірнеше сатылардан өтуі
арқылы көркемдік танымның ең күрделі формаларына қол жеткізе алды.
Әлемдік әдебиеттің тарихи даму жолында өзіндік орын алатын қазақ әдебиеті
де рухани өркендеудің адам баласы жүріп өткен белестерін бағындыра отырып,
көркемдік дамудың биік сатысына көтерілді. Барша әдебиеттерге тән ортақ
заңдылықтар сырын игере алу мен өзіндік ұлттық ерекшелігін нығайту арқылы
көркемдік-идеялық жаңа сапа танытудың жарқын мысалы – ХХ ғасырдағы
қазақ әдебиеті. ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің эстетикалық құрылымы мен
жанрлық жүйелеріне шешуші өзгерістер келді. Әсіресе қуатты қарқын таныта
бастаған проза батыл түрде жаңа тәжірибелер жасай берді. Бұл ұлттық
прозадағы көркемдік әдістердің күрделенуінен, жаңа әдеби ағымдардың орын
тебуінен де айқындалады.
Әдебиеттің даму жолында тарихи қалыптасқан ортақ көркемдік құбылыстар
– ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу тарихына зер салсақ, бірізділікті
аңғару қиын. Бірнеше суреткерлер шығармашылығына тән әлеуметтік-
идеялық, танымдық-эстетикалық ұқсас сипаттардан туындайтын аталмыш
әдеби-теориялық категориялардың табиғатын тану бүгінгі таңға дейін
қайшылықты пікірлерден арыла алған жоқ. Тіпті әлі күнге дейін «әдеби бағыт»,
«әдеби ағым», «әдеби топ», «әдеби мектеп» түсініктерін бір-бірінің орнына
қолданып келе жатқанының куәсіміз. Әлемдік әдеби үдерістегі ортақ
құбылыстар табиғатын тарихи-салыстырмалы тұрғыда қарастыру барысында
зерттеушілерді үнемі тығырыққа тіреп отырған терминологиялық мәселелердің
ішінде аталған ұғымдар ерекше көзге шалынады. Әсіресе «ағым» мен «бағыт»
бір-бірінен толық ажыратылмаған күйінде, кей тұстарда бір-бірінің синонимі
ретінде сипаттала береді. Сонымен бірге романтизм мен реализмнің бағыт
ретіндегі мәні мен әдіс ретіндегі мағынасы да ала-құлалықтардан арыла алмай
келеді. Осы кезеңге дейінгі әлемдік және ұлттық әдеби-теориялық білімдер
жетістіктерін пайдалана отырып, аталған ұғымдардың өзіндік табиғатын
анықтау, теориялық тұрғыдан нақты баға беру аса маңызды. Академик
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
5
Р. Нұрғали: «Қазіргі әдебиеттану ғылымында әрі актуалды, әрі даулы
теориялық мәселенің бірі – әдеби ағым және әдеби әдіс проблемасы», – деп
көрсеткен-ді [1,206]. Сол уақыттан бері ұлттық көркемдік тәжірибемізді әдеби
ағым мен көркемдік әдіс категориясы арқылы тұтастай алып қарастыру
толықтай шешімін тапқан жоқ.
Ұлттық әдебиеттегі ағымдар мен әдістердің ауысулары сол ұлттың
көркемдік дамуының аса айқын белестері және әдебиет заңдылықтарының
жүзеге асуының нақты көрсеткіштері. Әдеби ағымдардың әдістермен, жанрмен
қарым-қатынасы біршама ғылыми тұжырымдар жасауға жетелейді. Әдістер мен
әдеби ағымдардың ішкі байланыстары белгілі бір жанрлардың дамуына жол
ашты. Жанрлар үздіксіз даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, оған әдебиет
даму кезеңдеріндегі әдістер мен әдеби ағым-бағыттар өз ерекшеліктерін әкеліп
отырды. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуына
әсер еткен көркемдік әдістер мен ағымдардың ролін жүйелі қарастыру
тақырыптың өзектілігін айғақтайды. Өйткені қазақ прозасының, оның ішінде
романының қалыптасуы мен еңсесін тіктеп кетуіндегі реализмнен басқа да
әдістердің орны жете талданбай келеді. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің
өркендеуіндегі ерекшелікті, қандай ағым-бағыттар болғанын зерттеп, түбегейлі
шешімін табуға асығу шарт», – деп жазады Т. Кәкішев [2,7]. Расында да
әдебиетіміздегі әңгіме, повесть, роман жанрлары натурализм, сентиментализм,
экзистенциализм т.б. тәжірибелерді басынан өткерді. Әсіресе ұлттық прозадағы
романтизм, көркемдік ойлаудың реалистік және романтикалық ойлау типтері,
әдебиеттің ішінара бір әдістен екінші бір әдіске көшуі, ауысуы үдерісі кеңінен
қаузалмаған мәселе.
Қазіргі таңда бұл әдебиеттанушылық ұғымдардың орнын төмендетушілік
байқалып қалып жүр. Мұндай кереғарлықтарға батыл тойтарыс беріп, қазақ
әдебиетіндегі әдістер мен ағымдардың болмысын тани түсу қажеттілігін
айтатын Б. Майтановтың «Әсіресе 20 жылдардың о жақ, бұ жағында әр түрлі
әдеби ағымдардың өмір сүруі дүниетаным ғана емес, көркемдік-эстетикалық
бағдарға сай еді. Дәл қазір шығармашылық әдістерге күмәнмен қараушылық
ұшырасқанымен, әдебиет сыны мен теориясында қалыптасқан бұл ұғымдарды
тарихи-ғылыми тұрғыда жоққа шығару әділетке жатпайды», – деген пікірі
тақырып көкейкестілігін таныта түседі [3,322].
Әдеби ағым және көркемдік әдіс сынды ауқымды мәселе әдеби-тарихи
бағыттағы зерттеулерде үнемі ескеріліп келгенімен қатар, А. Байтұрсыновтың
«Әдебиет танытқышынан» бастау алған Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы»
(1938), Е. Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940),
З. Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері» (1970), Р. Нұрғалиевтің
«Өнер алды – қызыл тіл» (1974), «Өнердің эстетикалық нысанасы. Көркемдік
дамудағы дәстүр мен жалғастық» (1979) тәрізді теориялық еңбектерде арнайы
қарастырылып, әдістің типологиялық табиғаты туралы тұжырымдар жасалды.
М. Қаратаевтың «Әдебиет және эстетика» (1970) еңбегінде көркем әдебиеттің
эстетикалық мәні мен қуаты сарапталса, «Социалистік реализмнің қазақ
прозасында қалыптасуы» (1965) атты көлемді монографиясында социалистік
реализмді әдістің жоғарғы даму сатысы сипатында алып қарады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
6
Б. Кенжебаевтің «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ
жазушылары» (1958), Ә. Дербісәлиннің «Қазақтың Октябрь алдындағы
демократияшыл әдебиеті» (1966) еңбектерінде Қазан төңкерісіне дейінгі бір
алуан қаламгерлерді белгілі бір бағыттың аясына топтастыра қарастыру
таныла бастады. Д. Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет» (2002)
монографиясы ұлттық әдебиетті дәуірлерге бөлуде әдебиеттік дамудың өз
заңдылықтары туғызған құбылыс – бағыттарға сүйенудегі, бағытты құрайтын
әдеби ағымдарға баға берудегі аса маңызды қадам болды. Кейінгі жылдары
жарық көрген К. Ахметовтың «Әдебиеттану әліппесі» (2000) кітабында
көркемдік әдіс пен әдеби ағым жалпы әдеби-теориялық категориялардың бірі
ретінде қарастырылды, Е. Тілешев «Суреткер және көркемдік әдіс» (2005)
монографиясында көркемдік әдіс ерекшеліктерін жеке қаламгер мысалында
зерттеді. Ал ұлттық әдебиет тарихындағы жекелеген ағымды алып қарастыру
У. Қалижанұлының «Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым» (1998), Б.
Омарұлының «Зар заман поэзиясы» (2000) атты монографияларында көрініс
тапты. Әлемдік әдебиеттегі ірі әдеби бағыттар, ағымдарды салыстырмалы-
типологиялық тұрғыдан зерттеу әдістемелері Н. Джуанышбеков, М. Маданова
сынды ғалымдардың ғылыми жұмыстарында жүзеге асты [4].
Тек қана әдебиет теориясына арналған ғылыми еңбектерде ғана емес,
ұлттық сөз өнерінің даму жолдарын, тарихи белестері мен қазіргі уақыттағы
ізденіс өрісін саралаған іргелі зерттеулерде реализмнің қалыптасуы мен жетілуі
дейтін мәселе күн тәртібінен еш түскен жоқ. Әдебиеттегі әдістер мен ағымдар
теориясына байланысты көзқарастар мен ұлттық сөз өнерінің белгілі
салаларына, жекелеген күрделі мәселелеріне арналып жазылған еңбектерде,
атап айтқанда М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин,
М. Қаратаев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, З. Ахметов, Р. Бердібаев, З. Қабдолов,
М. Базарбаев, Ш. Елеукенов, Н. Ғабдуллин, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов,
М. Мырзахметов, А. Сейдімбек, Қ. П. Жүсіп, Т. Жұртбай, С. Негимов,
Б. Әбілқасымов, М. Қараев, А. Еспенбетов, Б. Ыбырайым, Қ. Ергөбек,
Б. Әбдіғазиұлы, Ж. Дәдебаев, Д. Ысқақов, Ж. Тілепов, К. Сыздықов,
А. Жақсылықов, Б. Кәрібаева, К. Бейбытова, Т. Тебегенов, С. Мақпыров,
Д. Қамзабекұлы, Б. Омарұлы, А. Шәріп, Ө. Әбдіманұлы т.б. зерттеулерінде
түрлі дәрежеде сөз етілді. Шығармашылықтың ортақ заңдылықтарының негізгі
мәні әдебиетті тарихилық тұрғыдан алып қарағанда ғана ашылатындықтан, бұл
еңбектерде әрқайсында түйілген ой-тұжырымдардың өз маңызы бар екеніне көз
жеткіземіз.
Әрбір теориялық мәселенің пісіп-жетілуі, зерттелу тарихы бар екенін
ескерсек,
әдіс
теориясына
арналған
қазақ
әдебиеттанушыларының
тұжырымдары да уақыт сайын жаңа фактілер мен пайымдаулар арқылы
толығып отырды. Аталмыш еңбектердің ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірге, адамзаттың көркемдік дамуына ортақ, ауқымды теориялық
категорияларды қазақ әдебиетінің мысалында, әдебиетіміздің өзіндік даму
тенденцияларымен ұштастыра қарастыруда өлшеусіз табыстар болғаны аян.
Бұл кітаптарда қамтылған теориялық мәселелер бүгінгі таңдағы әдебиет
саласының мамандарына толығымен мәлім. Ал қазақ әдебиетіндегі проза
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
7
поэтикасына
тікелей
қатысты
немесе
жекелеген
прозашылардың
шығармашылықтарын
зерттеу
барысында
әдебиеттанушыларымыз
өз
нысандарына сай аталған ұғымдардың табиғатына біршама тоқталып отырды.
Атап айтқанда, Т. Нұртазин, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Ш. Елеукенов,
Е. Лизунова, М. Атымов, Ә. Шәріпов, Б. Шалабаев, А. Тұрбеков,
Б. Наурызбаев, З. Жұмағали, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, А. Исмақова,
З. Бисенғали, Қ. Алпысбаев, Р. Тұрысбек, Қ. Әбдезұлы, Қ. Рүстемова,
Т. Рахымжанов, Г. Пірәлиева, Т. Сыдықов, М. Хамзин, С. Тахан т.б.
ғалымдарымыздың проза жанрын ауқымды түрде бажайлаған жемісті еңбектері
ұлттық әдебиетімізді зерттеу ісінде жаңа өрістер ашып, ғылым дамуының
логикалық жаңа сатыларына аяқ басуына негіз берді [5].
Ұлттық әдебиетіміздегі төңкеріске дейінгі реализмнің туу, қалыптасу
жолдарын және көркемдік әдіс мәселесін тұтастай алып қарастырған зерттеуші
– М. Қараев. Оның «Қазақ әдебиетіндегі реализмнің кейбір мәселелері (ХХ
ғасырдың бас кезі)» (1985), «Истоки реализма раннего периода казахской
литературы» (1986), «Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары» (1986),
«Реализмдегі типтіліктің мәні мен формалары» (1987) зерттеулерінде
реализмнің қазақ топырағында орын тебуі мен қанат жаюы туралы көзқарастар
жүйеленген. Ғалымның «Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдеріндегі
көркемдік әдіс мәселелері» (1995) атты докторлық диссертациясында Қазан
төңкерісіне дейінгі көркемдік әдістер эволюциясы қоғамдық-тарихи
жағдайлармен сабақтастырыла тексеріледі. Зерттеушінің эстетикалық,
теориялық аса ауқымды мәселені тұтас бір ұлттық әдебиеттің көркемдік
тәжірибесі тұрғысынан арнайы қарастырған аталмыш еңбектің біршама
жетістіктері,
халықтық
мұралар
мен
белгілі
ақын-жыраулардың
шығармашылықтарындағы көркемдік тәсілдердің реализм принциптерін
қалыптаудағы ролін анықтаудағы маңызы болды. Алайда жанр мен әдісті жеке-
жеке қарастырумен қатар, олардың ішкі күрделі байланыстарын танытудағы
тәжірибеміз өте аз. Ұлттық прозаның қалыптасуы мен өркендеу жолдарын
көркемдік әдіс және әдеби ағымдармен тікелей байланыстыру монографиялық
деңгейде зерттелген емес.
Достарыңызбен бөлісу: |