Монография Қарағаиды 009 Ре по зи то ри й к ар гу қаз ббк 83. (5 Қаз) я Ж32



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата29.10.2022
өлшемі2,65 Mb.
#46148
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Zharilgapov monograf

 
2 ҰЛТТЫҚ ПРОЗАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
РОМАНТИЗМ ЭСТЕТИКАСЫ
 
2.1 Әдебиеттегі жанр және көркемдік әдіс байланыстары
 
Көркемдік әдістің әдебиеттанудағы басқа да іргелі категориялармен 
арақатынасы мәселесін зерттеу ісі түрлі бағыттарда жүзеге асырылып келе 
жатыр. Мысалы, реализмнің стильмен, әдеби ағым, бағыттармен, басқа 
әдістермен, жанрмен қарым-қатынасы төңірегіндегі ізденістер біршама ғылыми 
тұжырымдар жасауға мұрындық болды. Оның ішінде көркемдік әдісті жанрмен 
тікелей байланыста алып қарастыру ХХ ғасырдың 70 жылдарындағы әдеби-
тарихи тұрғыдағы еңбектерде ерекше көзге түседі. Әсіресе проза жанрының 
күрделі формасы – романның реализмге қатынасы әдебиет теоретиктері мен 
тарихшыларының баса назар аударған мәселелерінің біріне айналды. Романды 
реализмнің ең жоғарғы формасы деп тану, реализм типологиясын роман 
типологиясымен қабыстыра қарау осы кезеңде белең алған еді.
И.А. Бернштейн: «ХІХ ғасырдағы релизмнің жағдайын алып қарайтын болсақ, 
оның жетекші жанры роман болғанын ескеруіміз қажет. Осы кезеңдегі реализм 
мен роман жанрының құрылымдық байланыстары талас тудырмайды. 
Сондықтан да реализм типологиясы роман типологясымен біртұтас және осы 
жанрды қарастырудағы негізгі сипат бола алады», – деп жазды [72,10]. 
Теориялық ойлау деңгейі көтерілген сайын роман сипатын айқындау реализм 
ұғымынсыз мүмкін болмай қалды. Ондай мысалдарды әдебиет тарихын, жанр 
эволюциясын қарастырған зерттеулерден мейлінше ұзақ келтіруге болады. Біз 
үшін осы реализм-роман қарым-қатынасы әдіс-жанр арақатынасын анықтауға 
аса қажет. Өйткені: «Қазіргі авторлар қалай түсінсе де, жалпы жанр 
категориясы, оның ішінде роман да үлкенді-кішілі зерттеушілік икемге келетін 
әлдебір нақтылықты, тұрақтылықты танытады. Сондықтан да реализмді зерттеу 
барысында роман жанрына жүгіну әдіс деп нені түсінуге болатынын көрсетуге 
септігін тигізеді. Романның ішкі типологиясын негіздеумен параллель 
жүргізіліп келе жатқан реализм типологиясын зерттеу әдеби-тарихи 
материалдарға сүйену мақсатынан туып, әдіс белгілерінің нақты көркемдік 
тұрғыдағы көрінісін анықтауға көмектеседі. Жанр мен әдіс ұғымдарын 
нақтылаудағы табиғи және заңды қажеттіліктің болуы бұл құбылыстарды бірге 
қарастыруға жетектейді» [73,165]. Демек, көркемдік әдістердің әдебиет 
дамуына қалай әсер етіп, қандай эстетикалық құндылықтар тудыра алғанын 
көзге көрінетіндей етіп таңбалау үшін, рухани-шығармашылық әрекеттің 
тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типі – жанрмен сабақтастыру –
анағұрлым өнімді жолдардың бірі. 
Жанрларды үздіксіз даму үстінде болатын құбылыс екеніне қол қоятын 
болсақ, оған әдебиет даму кезеңдеріндегі әдістер мен әдеби ағым-бағыттар өз 
ерекшеліктерін үстемелеп отыратыны анық. Екінші жағынан, жанрға әдеби 
шығармалардағы құрылымдық, сөз қолданыстарындағы сыртқы ұқсастықтар 
ғана емес, өмірді бейнелеу, қабылдау тәсілдеріндегі сәйкестіктер де біріктіреді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


70 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, жанрлар теориясы мен көркемдік әдіс теориясы 
арасындаға үндестіктер де аңғарылады. Оны шет елдік ғалымдар да қуаттайды. 
«Жанр – түрлі уақыттар мен түрлі халықтар әдебиеттерінің өзара қарым-
қатынастарының ең ықпалды формаларының бірі. Оның себебі – жанрдың 
дәстүрге адалдығы: Жанр дәстүрге негізделіп, дәстүрмен өмір сүреді. 
Дәстүрден тыс жанр болмайды, жанрдың дамуы – дәстүрдің дамуы, одан қол 
үзгенде ескі жоғалады немесе жаңа жанр туады (көбінесе бұл екеуі қатар 
жүреді). Бұл жағдай жанрдың көркемдік әдістер мен әдеби бағыттардың өзара 
ықпалдастықтарын зерттеп білудегі маңызды нысан екенін көрсетеді», - деп 
жазған болатын В.Н. Захаров [74,178]. Ғалым көркемдік әдістің қалыптасу 
баспалдақтарын, дәлірек айтсақ, реализмнің қазақ әдебиетіндегі орнығуы, 
өрістеуі жайын тарихи-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланыстыра 
зерттеген ғалым М. Қараев: «Қазақ әдебиетіндегі реализм принциптерінің 
тууын, қалыптасуын бүкіл қазақ халқының өміріне едәуір жаңалық енгізген 
тарихи жағдаймен байланыстыра қарамайынша, әдебиетіміздегі дәстүрлі 
реализмнің қалыптасуындағы елеулі құбылыстардың жай-жапсарын толық 
түсіндіруге мүмкін болмайды», – деп есептейді [75,8]. Әрбір әдеби дәуірдегі 
үстем бағыттар әдеби туындылардың көркемдік әдісіне ықпалын тигізетіні, 
белгілі уақытта қалыптасқан реалды тарихи-әлеуметтік жағдай қаламгердің 
идеялық-көркемдік концепциясының негіздеріне әсер ететіні рас. Алайда 
әлеуметтік-экономикалық, тарихи өзгерістер әдебиеттегі жанрлар жүйесі мен 
жанр эволюциясынан тікелей көрініс таба бермеуі де мүмкін. Қаламгерлердің 
өмір шындығын тереңдеп игеруге деген ерікті ұмтылысына сәйкес ұлттық 
әдебиеттің көркемдік даму логикасы мен көркемдік таным динамикасының өсуі 
жаңа әдістер, өзгеше бағыттар талап етіп отырады. Осыған орай жаңаша 
формалық ізденістер күшейеді. Мысалы, ХҮІІІ ғасырда батысеуропалық 
әдебиетте роман жанры бұрын-соңды болмаған, жаңа жанр ретінде 
қабылданып, жанрдың жаңа концепциясы пайда болды. Тіпті Франция 
корольдығы 1737 жылы роман жанрына тыйым салу әрекеттерін қарастырды. 
Соған қарамастан роман әдеби үдерістің бел ортасынан орын алды да, ХІХ 
ғасырдағы бүкіл Еуропа әдебиетінде жанр концепциясының түбегейлі қайта 
қарастырылуына әкелді. Еуропадағы романтиктердің өзі: «Бүкіл шығармалар 
романға айналуы тиіс, ал барлық проза романтикалық болуы тиіс», – деп жар 
салды [76,65]. Мұндай жағдайлар, яғни ірі-ірі көркемдік әдістер мен әдеби 
бағыттардың жекелеген жанр типтеріне иек артуы әдебиет тарихынан 
айғақталып отырды. Мәселен, классицизмде трагедия, комедия, ода, эпикалық 
поэма жанрлары үстемдік құрса, ағартушылық реализмге – мещандық драма, 
сатиралық жанрлар, философиялық повесть, романтизмге – лирикалық поэма, 
драма, элегия, баллада, психологиялық, тарихи романдар тән болуы т.с.с. Қазақ 
әдебитіндегі романтизмнің буыны бекуі поэзияның дәстүрлі жанрларымен 
қатар драмның тууына негізгі себептердің бірі болды, сыншыл реализмнің өріс 
алуы поэзияның потенциалын үстемелеумен бірге әңгіме жанрын алдыңғы 
қатарға шығарды, мысал жанрының қажеттілігін арттырды.
Шығармашылық әдістер мен әдеби бағыттардың ішкі байланыстары белгілі 
бір жанрлардың ғана дамуына жол ашпай, олардың бір-біріне әсер етушілігін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


71 
арттырады. Әдіс пен жанр арасындағы байланысты Ф. Достоевский 
шығармалары негізінде қарастырған В. Захаров жазушының жанрлық 
ізденістеріне адамның жан дүниесін зерттеудегі «романдық концепцияның» 
күшті ықпалы болғандығын, «жанрлардың романдануы» (М. Бахтин) оның 
романдарымен қатар романмен салыстырғандағы шағын жанрларынан да 
айқын аңғарылатынын жазған болатын. «Әсіресе ең маңыздысы жанрлардың 
өзара ықпалдастығы Достоевскидің әңгімелері мен повестерінің дамуынан 
көрінеді. Бұрынырақта романның ғана көтерер жүгі деп есептелініп келген ең 
күрделі көркемдік мақсаттарды шешуде әлем әдебиеті мыңжылдықтар бойы 
қалыптастырған әңгіме мен повестің маңызы көтерілді... Көркемдік әдістер мен 
әдеби бағыттар арасындағы өзара байланыс жекелеген жанрларды дамытып 
қана қоймай, жанрлардың өзара әсер еткіштігін күшейтті» [74,182]. Зерттеуші 
Достоевскийдің негізгі көркемдік әдісі – реализмі күшейген сайын оның 
көркемдік қарымына дәстүрлі жанрлардың тарлық қылғанын, жанр туралы сол 
кезеңдегі дәстүрлі түсініктің шеңберіне сыймайтын жаңа тұрпаттағы 
туындылар 
жазғанына 
бөлекше 
мән 
береді. 
Қаламгердің 
ондай 
шығармаларының қатарына, мәселен, «Өлілер үйінен жазбалар», «Жазғы 
әсерлер туралы қысқы хабарлар», «Жазушы күнделігі» т.б. жатады. Бұл 
көркемдік әдістер күрделеніп, көркемдік таным көкжиегі кеңіген сайын 
айналадағы шындықты игерудің басқа формалары туып отыратынының тағы 
бір айғағы. Демек, жаңа жанрлар өмір шыныдығының бұрын игерілмеген 
қырларын, дәстүрлі жанрлардың ауқымына сыймайтын тұстарын көркем 
бейнелеуге деген мүмкіндіктерді молайтады. 
Жанрлар эволюциясы мен көркемдік әдіс арасындағы жанды байланыстар 
әдеби туындыдағы көркем сөздің орналасу типтері – поэзия мен прозаның 
жанрлық түрлерінің әралуан мүмкіндіктері мен тарихи маңыздары деген 
мәселеге қарай алып келеді. Барлық елдер әдебиетінің алғашқы дәуірлеріндегі 
туындылар өлеңдік формада, өлең жүйесіне тән ерекшеліктермен жазылды 
немесе айтылды. Қара сөзбен жазылған шығармаларды проза деп атау 
қалыптасса да (философиялық трактаттар, ғылыми-публицистикалық, ғылыми-
ақпарат т.т.), оның бәрі көркем проза деп қабылданбайтыны анық. Көркем 
проза көп уақыт бойы фольклор құрамында (ертегілер, аңыздар, шешендік 
сөздер) өмір сүрді. Әлем әдебиетінің тарихында «Жаңа дәуір» деп аталатын 
кезеңде ғана проза поэзиямен иықтаса, тең тұрғыда қолданыла бастады. Ал 
қазақ әдебиетінде прозаның халықтық үлгілері ХІХ ғасырдың ортасына дейін 
жетекшілік жасап келгені ақиқат.
Көркем сөздің поэзиялық және прозалық түрлерінің артықшылықтары мен 
қарама-қайшылықтары туралы сөз эстетика тарихында сол ХІХ ғасырда-ақ 
басталып кеткен болатын. Мысалы, Гегель, Потебняның алғашқы еңбектеріне 
поэзия мен қара сөзді (көркем проза емес) бір-біріне қарсы қоя отырып 
зерделеу тән екені белгілі. ХХ ғасырда проза мен поэзияның сыртқы 
ерекшеліктерімен қоса ішкі өзгешеліктері де кең талқыға түсті. Әсіресе 
өлеңтану саласында маңызды шаралар атқарылды. Өлеңтанушылық ұғымдар 
мен терминдер, өлеңнің құрылысы мен метрикасы, ұйқастық өлшемдері мен 
әуезділігі – әдебиет теорисында біршама қаузалған мәселелер. Ал көркемдік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


72 
таным көкжиегі кеңейіп, әдебиет алдына күрделі адамзаттық мәселелердің 
қойылуы, оны тереңдеп, ауқымды түрде бейнелеуге деген түрлі тәжірибелердің 
нәтижесінде өрістей бастаған прозалық форманың да құрылымдық-мазмұндық 
сипаттарын ғылыми тексеру әлі толастаған жоқ. М. Бахтин прозалық 
шығармашылық 
пен 
поэзиялық 
шығармашылықтың 
үлкен 
айырмашылықтарының бірі деп сөздің диалогтік (диалогичность слова) 
бағытталуын көрсетеді. «Поэзиялық жанрлардың (сөздің тар мағынасы) 
көпшілігінде, біз жоғарыда атап өткендей, сөздің ішкі диалогтігі көркемдік 
тұрғыда пайдаланылмайды. Ол поэтикалық сөзде (бұл жерде – өлеңдік сөз.
Ж.Ж.) шартты түрде өшіріледі. Ал романда ішкі диалогтік ең маңызды 
жайттардың біріне айналады және өзіндік көркемдік өңдеуге түседі», – дейтін 
зерттеушінің тұжырымдауынша, поэзияда басқа біреудің сөзімен қарым-
қатынасу қабілеті жоқ [77,97]. Ал прозашы осы ерекшелігімен түрлі жағдайлар 
мен түрлі сәттерде өз шығармасынан өзін бөлектей алады. Ол сөзге толығымен 
берілмей-ақ, оны бейтарап қолдана алады. Прозашы сөзді жартылай жалғыз 
немесе бүтіндей жалқы тастай алады да, сонымен бірге, өзінің ырқына қызмет 
етуге мәжбүрлей алады. «Романға көпүнділік және сөздің көп түрлілігі тән 
және олар қалыпты көркемдік жүйе құрайды. Романдық жанрдың өзіндік 
ерекшелігі – осында... Әрине, поэтикалық (өлеңдік) сөздің де әлеуметтік сипаты 
бар. Бірақ поэзиялық формалар өте ұзақ әлеуметтік үдерістерді, былайша 
айтқанда, «ғасырлық тенденцияларды» танытса, романдық сөз әлеуметтік 
атмосфераның өте шағын қозғалыстары мен ауытқуларына тұтас түрде, барлық 
сәтте де мән береді» [77,113].
Қазақ прозасының, оның ішінде романының қалыптасуына үлкен мән 
берген ғалым А. Исмақова жанр шектерін «хронотоп» сынды жаңа терминмен 
анықтауды ұсынған М. Бахтин мен А. Байтұрсыновтың «Әдебиет 
танытқышындағы» прозалық жанрларды оқиғасы мен мезгіліне қарай ұсақ 
әңгіме, ұзақ әңгіме, ұлы әңгіме деп жіктейтін теориялық көзқарастарын 
салыстырып, көп сәйкестіктер тапқаны белгілі. «Әдебиетте реалды тарихи 
уақыт пен кеңістікті және оны ашып көрсететін тарихи-реалды адамды игеру 
үрдісі өте күрделі, әрқилы жүргенін екі ғалым да мойындайды. Адамзаттың сол 
кездегі даму сатысына сәйкес уақыт пен кеңістіктің белгілі бір жақтары 
игерілді де соған сәйкес өмір шындығын игерудің жанрлық және стильдік 
тұрғылары қалыптаса бастады», – деп жазады зерттеуші [30,17]. 
Көркемдік әдіс пен жанрлар арақатынасы туралы мәселені бірден күн 
тәртібіне алып шығу қиын еді. Мұндай проблеманы алға тартуымызға 
мүмкіндік берген – қазақ әдебиетіндегі алуан түрлі жанрлардың пайда болуы 
сияқты ұзақ тарихи үдерістерді зерттеуге арналған бірнеше ғылыми еңбектер. 
Қазақ әдебиетін зерттеушілер ұлттық проза жанрларының түп негіздерін халық 
ауыз әдебиетінің мұралары: лиро-эпикалық дастандардан, қиссалар мен 
аңыздардан, жыраулар шығармашылығының басты жанры – толғаулардан, 
шежірелерден т.б. іздейді. Мұндай әдістеме қазақ әдебиеттануында әбден 
орнығып, ол арқылы бірнеше ғылыми жетістіктерге қол жеткізе алдық. Халық 
мұраларының прозалық үлгілерін қарастырып, оның өзіндік көркемдік-
эстетикалық ерекшеліктерін ашқан С. Қасқабасовтың «Қазақтың халық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


73 
прозасы» (1984), қазақ романының жанрлық тамырларын зерттеуде ежелгі 
мифтер мен фольклордан бастап жазба әдебиетіне дейін көктей қарастыру 
жүйесін әкелген Ш. Елеукеновтің «От фольклора до романа-эпопеи» (1987) 
сияқты монографиялық еңбектері біршама көкейкесті мәселелерді шешіп, ең 
маңыздысы, бұл тараптағы болашақ ізденіс бағдарларын айқындап берді.
Б. Шалабаевтың «Қазақ прозасының тарихында» (1968) да ұлттық проза 
жанрларын фольклорлық мұралармен байланыстыруды кездестіреміз. Бірақ 
аталмыш еңбек прозалық жанрлар эволюциясының бастау көздерін халық 
шығармашылығы мен поэзияда екенін айтқанымен, жіті теориялық талдауларға 
бара бермеген. Прозаның халықтық үлгілері делінетін жанрларға үстірт 
сипаттама берумен шектеледі. Ал әдебиетіміздегі роман сынды жанрдың пайда 
болуын тек қана орыс әдебиетінің жемісі деп бағалауын қолдау қиын. 
Сондықтан да болар, ол еңбек өз кезінде біраз сынға ұшырады. Дей 
тұрғанымызбен, бұл еңбек тың ғылыми проблемаға жол салуымен, қазақ 
прозасының дәні фольклор мен ауыз әдебиетінде жатқандығын меңзеуімен, 
зерттеу материалы ретінде қыруар көркем шығармаларды қамтуы жағынан өз 
уақытының сұранысын біршама ақтай білді деп санаймыз. 
Ш. Елеукенов реалистік әдебиетте ауқымды артықшылыққа ие, финалдық 
жанр деп қарастырылып келе жатқан романның ғылыми типологиясын жасауға, 
түрлік ерекшеліктерін айғақтауға ден қойды. Ол жанр мәселесін шешуде нақты 
бір дәуірдегі әдеби үдерістің негізгі ерекшеліктерін танытатын көркемдік 
құрылымдар типологиясының маңызына тоқталып өткен болатын. Қазақ 
романының өзіндік даму заңдылықтарына үңілген зерттеуші осы жанрдың шет 
елдік, көршілес елдердің ғалымдары негіздеген бірнеше концепцияларға 
талдаулар жасайды. Сондықтан да ол тұжырымдарда қайталаудың қажеттігі 
жоқ. Біз үшін маңыздысы – роман жанрының поэтикасындағы бүкіладамзаттық 
көркемдік даму заңдылықтар мен ұлттық топырақтағы эстетикалық 
факторлардың тоқайласу шектері. ХХ ғасыр басындағы адам санасы мен 
өмірдің күрделенген қайшылықтарына дендеу үшін қазақ әдебиетінің жанрлық 
репертуарында роман басымдыққа ие болғаны аян. Ш. Елеукенов «Неліктен 
роман? Неге өлең емес? Неге эпикалық поэма емес? Неге мысал емес?» деген 
сұрақ қоя отырып, «бүтін бір дәуірдің идеясын бойына сыйғыза алатын, ол 
дәуірдегі қаһармандық пен күнделікті өмір ағысын, комедиясы мен 
трагедиясын, саясаты мен философиясын, сол дәуір адамының жан дүниесінің 
қозғалысы, аңсары мен әрекетін бейнелеуде» романдық форманың үстемдігі 
қазақ әдебиетінің жаңа, жоғарғы сатысы деп табады [39,98]. Және қазақ 
романының пайда болуына басқа әдебиеттерде де кезесетін мынадай нақты 
жағдайлар себеп болды дейді: «1) Өмірдің өзінде де түбегейлі өзгерістер қажет 
екенін сезіну пайда болды; 2) Ол қажеттіліктерді таныту үшін әдебиет өз 
дәуірінің тақырыптарына қарай ұмтылды; 3) Дәуір ұсынған тақырыптарды 
бейнелеу үшін дәуір мәселелерін тұтастай қамтитын, яғни саясатты да, 
философияны да, моральды да, психологияны да, қысқасы, адамның немен өмір 
сүретінін, немен тыныстайтынын түгел біріктіре алатын жаңа баяндау 
формалары керек еді; 4) Құндылықтарды қайта бағалауда өзінің айрықша 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


74 
мүмкіндігін дәлелдеген жаңа дәуірге лайықты эпос жанры, яғни роман қажет 
болды» [39,108-109].
Ұлттық топырақта пайда болған әрбір жаңа жанрдың сол ұлт өнерінің даму 
логикасынан шығарып барып әлемдік көркемдік өріспен сабақтастыру – ең 
өнікті, әрі дұрыс жол. Ш. Елеукенов еңбегінде қазақ әдебиетіндегі жанрлық-
стильдік құрылымдар өзгерісіндегі сыртқы әсерлер, басқа әдебиеттердің орны 
жоққа шығарылмайды. Әсіресе ғалымның ұлт әдебиетіндегі өмір 
құбылыстарын бейнелеу ұстанымдары мен дәстүрлі жанрлардың ауқымының 
кеңеюінде әдеби аударманың ролін өте орынды бағалайды. Расында да, 
әдебиетімізде сонет, элегия, мысал, романтикалық поэма, шағын эпистолярлық 
роман сияқты жанрлық формалардың көрініс беруі – қазақ суреткерлерінің 
ұлттық таным мен талғамды ескере отырып жасаған талантты аудармаларының 
нәтижесі. Абайдың төл шығармаларымен қатар, аудармалары романдық сюжет, 
романға тән психологиялық және әлеуметтік талдау қалыптастырудағы орны 
орасан. М. Сильченко өзінің «Абайдың шығармашылық биографиясы» 
кітабында: «Аудармалар Абайдың өзіндік шығармашылығы деңгейінің өсуіне 
сеп болды, идеялық тереңдік пен тақырып ауқымының кеңеюіне, образдың 
ритмикалық-интонациялық 
құрылымының 
дамуына, 
лексикасы 
мен 
фразиологиясының дами түсуіне, сжетті-романтикалық поэзия жанрлары мен 
романның пісіп-жетілуіне өзек болған дәстүрлі жанрлардың ауқымын 
кеңейтуге көмектесті», – деп жазды [78,242]. Орыс классикалық мұраларынан 
бұрын әжептәуір мөлшерде аударылған шығыс поэзиясының туындылары 
болғанымен, олардың жаңа ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде жанрлық 
құрылымдар түзудегі ізі бірте-бірте көмескілене бергені де ғалымдар назарынан 
сырт қалған емес. Мұны ұлттық әдебиеттің еуропалануы деп тануға әсте 
болмайды. Қайта қазақ әдебиетінің өзіндік заңдылықтарына сәйкес жаңа 
мазмұндық-формалық ізденістерге бой ұрғаны деп қабылдаған жөн. Жаңа 
фазаға көтерілген көркемдік таным мен көркемдік ойлау осыны қажетсінді.
Қазақ әдебиеттануында жан-жақты қарастырыла бастаған бұл мәселені 
идеологиялық талап-шарттардан тыс, еліміз тәуелсіздік алған жылдары 
зерттеген А. Исмақова еңбегі толымды болып шығуы заңды. Өйткені бұрынғы 
зерттеулерде ашық талдауға болмаған қазақ романының қарлығашы – 
«Бақытсыз Жамал» мен Шәкәрімнің өзгеше қырын танытқан «Әділ-
Мәриясынсыз», М. Жұмабаевтың классикалық әңгіме жанрының бүкіл 
шарттары сақталған, прозаның күрделі формаларының қалыптасып кетуіне 
алабөтен серпін берген «Шолпанның күнасынсыз», Ж. Аймауытовтың 
әңгімелері, повесі, ұлттық прозаның жаңа эстетикалық сапасы – «Қартқожасы» 
мен «Ақбілегінсіз» біздегі проза жанрларының даму тенденциясын толық 
айқындап шығу мүмкін емес еді. Сонымен қатар аталған еңбекте ауыз әдебиеті 
жанрларының роман құрылымын түзуге қандай компоненттер бере алғандығы, 
әр жанрдың қандай мазмұндық-түрлік үлес қосқандығы туралы нақты 
мақсатты көзделген. Мысалы, «Романды дайындаудағы фольклордың ролі 
шектеулі екені түсінікті. Біздің байқағанымыздай, фольклор көбінесе 
авантюралық 
баяндау 
сипатындағы 
романдық 
сюжеттер 
мен 
композициялардың көбеюіне жол ашқанымен, жекелік болмыс трагедиясы мен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


75 
жеке тұлғаның қайталанбас қасиетін бейнелеуге бейімделген роман тудыра 
алған жоқ», – дей отырып, жеке адамның күйініш-сүйініші, жан-дүниесі мен 
тағдырын бейнелеуге біршама жақындатқан, «романның фольклорлық 
аналогы» – лиро-эпикалық жырлар екенін көрсетеді [30,35]. Тағы бір айта 
кетерлігі – қазақ кәсіби прозасы мен романының қалыптасуына орыстың 
реалистік прозасы, ол арқылы келген батыстық әдебиеттің жоққа шығаруға 
болмайтын ықпалының қаншалықты деңгейде болғандығына көңіл аударылуы. 
Зерттеушінің бағамдауынша, «орыстың реалистік романы қазақ ауыз 
әдебиетінің эпикалық мұраларына дем берушілік роль ғана атқарды. Егер 
әдебиеттерде жанр дәстүрінің «тектік» және «түрлік» негіздерін жинақтау 
үдерісі жүріп жатпағанда роман бұлай тез орнығып қаламас еді» [30,18].
Бұл салада осыншалық ауқымды істер атқарылғанына қарамастан, ұлттық 
проза жанрларының қалыптасуында басқа да қосымша факторлардың бар 
екендігі мәселені әрі қарай індете түсуге жетелейді. Біз аталған еңбектердің 
маңыздылығын ескере келіп, ондағы ғылыми тұжырымдарды басшылыққа ала 
отырып басқаша жол таңдап көреміз. Ол – қазақ әдебиетіндегі прозаның тууы 
мен дамуына әсер еткен көркемдік әдістердің ролі. 
Әдебиетіміздің көркемдік-эстетикалық тұрғыда толысуының нақты айғағы 
болған проза жанрларының өркендей дамуын тек қана реализммен 
байланыстыру аздық етеді. Әрине, реализм принциптерін қазақ әдебиеті 
бойына бірте-бірте сіңіру арқылы әдеби шығармашылықтың болмысты танып-
білудегі қабілетін күрт арттырып, өресін шығандатты. Сондықтан да реалистік 
ойлау типіне орай өрістеген суреткерлік белсенділік, адам болмысының 
рухани-психологиялық күрделі қатпарлары мен өмір құбылыстарының ішкі 
мағынасына тереңдеушілік ғалымдар мен сыншылар назарына бірден ілікті. 
Бірақ қазақ прозасының, оның ішінде романының қалыптасуы мен еңсесін 
тіктеп кетуіндегі басқа да әдістердің орны жете талданбай келеді. Керек 
десеңіз, әдебиетіміздегі әңгіме, повесть, роман жанрлары натурализм, 
сентиментализм тәжірибесін де басынан өткерді. Әсіресе біздің прозадағы 
романтизм мәселесі – кеңінен қаузалмаған мәселе. Алғашқы романдардағы 
айрықша дараланып тұратын романтикалық бейнелер, суреткерлердің шектен 
тыс субъективтілігі мен өз қиялындағы өмірді бейнелеуге деген ұмтылысы 
сияқты жайларды, бір сөзбен айтқанда, ұлттық прозаның өсіп-жетілуіндегі 
романтизм эстетикасының мәнін ғылыми тұрғыдан саралап шығу міндет.
Тұжырымдай айтқанда, қазақ прозасы өзінің қалыптасу шағында бірден 
прозаның күрделі жанры романға иек артуын ерекше эстетикалық құбылыс 
болды. Ұлттық прозаның толысуы новелла, әңгіме, повестер арқылы бірте-
бірте жүзеге аспай, алғашқы сатысында-ақ «роман» деген жанрлық 
айқындамасы бар шығармалар шоғыры арқылы қанат жаюы халық ауыз 
әдебиетіндегі мықты эпикалық дәстүрдің арқасы. Сондықтан да халықтың 
эпикалық мұралары: батырлық, ғашықтық, тарихи жырлардағы, жыраулар 
шығармашылығындағы асқақ романтикалық рух пен романтизмге тән бейнелеу 
амал-тәсілдері ешқайда жоғалып кете қойған жоқ. Қайта әдебиеттің жаңа 
жанрларының дүниеге келуіне тұғыр бола білді. Әдебиетіміздегі роман 
жанрының алғашқы үлгілері деп саналатын М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


76 
Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», М. Кәшімовтың «Мұңлы Мариям»,
С. Көбеевтің «Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармалары 
реализм ұстанымдарының түпкілікті орнығуы екені рас. Бірақ сол кезең үшін 
мұндай жаңа форманың өркен жаюын тек қана реализммен байланыстырып 
келуіміз, басқа да көркемдік-эстетикалық ықпалдарды ескермеу болып 
саналады. Бұл туындылардағы басты кейіпкерлер – Жамал, Ғайша, Қамарларды 
типтік образдар деп тануымыздың негіздеріне тағы да бір қайырылып келу 
керек сияқты.
Халық ауыз әдебиетінің көлемді жанрларындағы, жеке авторлығы бар 
толғаулар мен дастандардағы, ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетінің ірі өкілдері 
мен Абай шығармаларындағы романтизмге тән бейнелеу амал-тәсілдері 
алғашқы прозалық туындыларда суреттеудің реалистік әдісімен жалғас, аралас 
келіп жатты. Бір қаламгердің шығармашылығында, тіптен бір шығарманың 
бойында көркемдік әдістердің сабақтаса келуі жайында сөз қозғаған академик 
З. Ахметовтің: «Романтизмнің құнды, ұтымды жақтары оған ілесе өркендеген 
реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске қарсы 
қойып, оған алыс-жақындығы тұрғысынан қарап бағалау дұрыс болмас еді. 
Романтизмнің бағалы жақтары, өзіндік артықшылықтары да, осалдығы да бар. 
Романтизм мен реализмді екі түрлі көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі 
толықтырып та тұрады», – деген пікірінің орынды екеніне тағы да көз 
жеткіземіз [79,289-290]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет