30
ыстық та алыс планета - туындайды. Осы жолдағы
бағасыз сөзі екі мағынада
қолданылған сияқты: өте қымбат, қол жетпес ұғымымен қатар қадірді
білмеген, жетпеген деген мағынаны қамтиды
. Нұрлы жұлдыз алыстан сәуле,
шұғыла шашатын, қол жетпейтін нәрсе мағынасында
бағасыз белгінің
әсерін, көркемдігін, образдылығын тіпті ұлғайтып тұр.
Төртінші шумақтың бірінші жолында тілді
кенге балаған ақын қарсылық
мәнді
жарық көрмей жатсаң да ұзақ тіркесін бекер қолданбайды. Ел
танып, жер көріп, басқа тілді біліп, дүниедегі ғылым атаулымен танысқан, ең
озық ойлармен, мәдениетпен қауышқан, әлемдегі саяси-әлеуметтік өзгеріс-
оқиғаларды, бір сөзбен айтқанда, тілдің қызметін, қолданылу аясы мен
мүмкіндігін көріп отырған ақын өз ана тілінің сондай деңгейге жете алмай
жатқанына өкініш білдіргенімен, оның қадір-қасиетін, байлығын, шама-
мүмкіндігін жақсы түсінеді, оның дәлелі – тіл сөзін анықтап тұрған
эпитеттер:
таза, терең, өткір, күшті, кең.
Кең сөзінің тура мағынасын құбылту арқылы түптің түбінде біздің ана
тіліміздің маңдайы жарқырап, ғылым тіліне айналып, қоғамдық өмірдің түрлі
саласында қолдануға келетініне күмән келтірмейді. Өлеңнің соңғы екі
жолында ақын тілдің түркі тілдес халықтарды біріктіруші күш екеніне үміт
артады, оны
бауырына тарту фразеологизмін өлең ұйқасы мен ырғағына
қарай трансформациялап, келер шақтың болжалды түрінде қолдану арқылы
көрсетеді.
Байқап отырғанымыздай, өлең лексикасы жалпыхалықтық қолданыстағы
сөздерден тұрады. Өлең мәтінінде басы артық, шашау шығып тұрған сөз
жоқ. Автордың ойы шумақтан шумаққа ауысып отырған сөздер, яғни
доминант немесе мағыналық ұйытқы сөздер арқылы үнемі даму үстінде
көрінеді. Алғашқы шумақтағы
күш, айбынды күш градациялық дамумен
екінші шумақтағы,
күндей күшті күркіреген елге айналады. Осы шумақтағы
Достарыңызбен бөлісу: