138
Ұзын сөздің қысқасы, қорытындыға келейік, осындай шатпақ әліпби, сарсаң емілемен
бірінші сыныптың баласын «алдауға» болады, ал ересек сыныптың балаларын, студенттерді,
ата-аналарды қалай «алдайсың».
Орынды сұрақтарға мұғалім қашанғы
орынсыз жауап беріп
отырады.
Ахаң (А. Байтұрсынұлы) айтқан «ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дегендей, акад. Ә.
Қайдари үлгісін салған, біз қолдап отырған «ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ» мен оның ЕМІЛЕСІН бүгінгі
«кирилл» ұрпақ түсінсе түсінер, түсінбесе түсінбес, ал әліпби санасы жаңғырған келер
ұрпақтың дұрыс түсінеріне күман жоқ («Ұлттық Әліпбимен» жазылған мәтінді сөз соңына
тіркеп отырмыз, әркім өзі көз жүгіртіп көрсін).
Әліпби мен еміленің мақсаты тек сауат ашу болмау керек, сол сауат ашудың арқасында
бала
білім алу керек: дауысты-дауыссыз дегенді білу керек, буын дегенді біліп, буынға бөле
білу керек, тасымал дегеннен хабардар болу керек, сөзді түбір мен қосымшаға талдай білу тағы
керек екен. Бұлар білуге тиіс ең бастапқы жайттар, әліппеден бастап оқулықтар осыларды
білдіруге тырысады. Білуге тиіс нәрсе жетерлік екен, ал осының бәрін білу үшін, әліпби мен
еміле осы айтылғандарды мүлтіксіз жазып үйрету керек. Ақиқат білім сонда ғана игеріледі.
Әліпби дұрыс құрылмай еміле дұрыс түзілмейді. Ендеше:
-үнемдейміз деп, орыстың дауысты и[i:] дыбысымен қазақтың дауыссыз й[y] дыбысын бір
таңбамен белгілеуге болмайды (жалпы дауыссыздың таңбасымен дауыстыны, керісінше,
дауыстының таңбасымен дауыссызды белгілеуге еш болмайды!!!);
-«і» таңбасының үстіндегі нүкте (дәйекші) жіңішке әуездің белгісі, ендеше нүктесіз әліппен
жіңішке «і» дауысты дыбысымызды «ɪ» деп белгілеуге болмайды, нүктесіз әліп жуан әуезді
дауысты дыбысты білдіреді. Турасын айту керек, «үнемшілдер» бұл жерде жазу теориясы мен
практикасы тұрғысынан
асқан қиянатқа барып отыр. Сонда не, қазақтың табиғи жіңішке
әуезді «
іні» сөзін басбұзарлықпен
ыны[ɪnɪ] деп жазып, қалайша «іні» деп оқы дей аламыз.
Қол
Достарыңызбен бөлісу: