№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны


 Терек гүлінен жасалған аппликация



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
лекция каз

4. Терек гүлінен жасалған аппликация 
Әр көктем сайын газондарды «ақ қарға орап», терезесі ашық үйлерге ұшып, 
тұрғындардың мазасын кетіретін терек гүлі оларды таң қалдыра да алады екен. Кейде 
картинаның ешқандай бояу, желімнің көмегінсіз тек қана пухтан жасалғанына сену қиын. 
Терек гүлінен жасалған аппликация бір түсті болады. Олар нәзік, сәнді, үлпілдек. 
Терек гүлінен жасалған аппликация қағаздан жасалған аппликация секілді 
сюжетті, заттық, сәндік болуы мүмкін. Заттық аппликацияның тақырыбы әр түрлі. 
Аппликацияға тақырып таңдаған кезде егер, бөлшектер аз және олар ұсақ болмаса
жұмыс жасау оңайға соғатындығын есепке алу қажет. Жануарларды, құстарды, 
өсімдіктерді таңдағанда үлпілдектерін таңдау қажет: қоян, мысық, үйрек, балапан, 
ойыншықтар. Ақ –қара түсті аппликация жасау оңайырақ. Сюжетті аппликацияда қыс 
бейнесі, аквариумдағы балықтарды жасауға болады. Сәндік аппликациялар ерекше. Олар 
оюлар, өрнектер түрлі пішінде болуы мүмкін.
5. Коллаж (фр. Collage – жабыстыру, желімдеу) – өнер туындысының түрі және 
техникасының маңыздылығы қандай да бір негізге түсі де түрі де өзгеше заттарды 
(мата, арқан, тері, ағаш, фольга, металл және т.б.) жабыстыру немесе желімдеу арқылы 


жануарлар немесе графикалық туындыларды жасауда. Аппликациямен салыстырғанда 
коллаж туындыны жасауда көлемді заттарды толығымен немесе бөлшектерін қосуға 
мүмкіндік береді ( ыдыстар, сағаттар, тиын,аяқ киімдер, қолғап және т.б). Онымен қоса 
суретші әр түрлі шығармашылық техниканы біріктіре алады: аппликация мен коллажды 
біріктіре алады және т.б. осының бәрі қайталанбас шығармашылық бейне жасау, 
суретшінің ойының жүзеге асуы үшін жасалады.
Арнайы мектептерде қол еңбегі мен бейнелеу іс-әрекеті сурет салу, мүсіндеу, 
құрастыру, аппликация сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Осы жұмыстардың әрқайсысы 
баланың қоршаған орта туралы ой-пікірлерін, оған деген қатынасын бейнелеуге мүмкіндік 
береді. 
Аппликациялау барысында дамуында ауытқуы бар балалар түрлі заттардың, өздері 
қиған және жапсырған бөліктердің силуэттерімен, қарапайым пішіндерімен танысады. 
Силуэтті бейнелерді жасау ойлау мен қиялдың үлкен жұмысын талап етеді, өйткені 
силуэтте заттың негізгі белгісі болып табылатын бөлшектері болмайды. 
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық 
қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы 
үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды 
шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай 
түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге 
мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы 
сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. 
Аппликациямен айналысу математикалық түсініктердің қалыптасуына септігін 
тигізеді. Арнайы (түзету) мектебінің оқушылары жай геометриялық формалардың атауы 
мен қасиеттерін танып біледі, заттар мен олардың бөлшектерінің кеңістікте орналасуы 
және мөлшері туралы түсінік алады (сол жағы, оң жағы, бұрышында, ортасында, 
үлкендеу, кішілеу). Бұл күрделі ұғымдарды балалар декоративті ою-өрнек жасау кезінде 
немесе затты бөлшектеп салу барысында оңай меңгереді. 
Осы іс-әрекет арқылы балалардың түстерді, ритмді, симметрияны сезінуі дамиды 
және осының негізінде көркем талғамы тәрбиеленеді. Декоративті ою-өрнектің 
элементтерін орналастыру кезінде балалар ритм және симметрия ұғымдарын бекітеді. 
Дамуында ауытқуы бар балаларға түрлі-түсті қағаздарды ұсына отырып, оларда әдемі 
үйлесім таңдау біліктілігін қалыптастырамыз. 
Аппликация бойынша сабақ өткізу арнайы (түзету) мектебінің оқушыларын
жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, ал бұл болса өте маңызды, себебі осы өнер 
түрінде композицияны құрастыру үшін бөлшектерді жапсыру реттілігі үлкен мәнге ие: 
алдымен ірі формалар жапсырылады, кейін бөлшектері; сюжетті тақырыптағы жұмысты 
фон жасаудан бастайды, сосын екінші пландағы үстінен жартылай басылған заттар, ең 
ақырында бірінші пландағы заттар жапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет