— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет29/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
Ал клиент қатары қалай көбейеді? Көптеген 
компаниялар бастапқы тапсырысты таныстары 
арқылы алады. Бұл расталған. Ең тиімдісі ауқымды 
нысаннан тапсырыс алу. Ара-тұра түскен тапсырысқа 
қарағанда күнделікті қызмет көрсету бизнестің 
тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Ал жай 
ғана жарнама беру арқылы тұтынушы табу бұл 
салада тиімсіз. Себебі қызмет көрсету сапасына қарай 
клиенттер біріне бірі ұсынады, осылайша сіздің 
қызметіңізді сатуға көмектеседі. 
Қызметкерлер қатары. Клинингтік компанияда 
көп жағдайда менеджер, диспетчер мен тазалаушы 
мамандар болады
Клинингтік қызметте қолданылатын құрал-
жабдықтар. Пәтер, кеңсе тазалауға тапсырыс 
берушілер гипоаллергенді заттардың болғанын 


 — 68 —
қалайды. Үй жануарларын асыраушылар арнайы иіс 
кетіретін, тазартатын құралдарға тапсырыс беруі 
ғажап емес. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, 
сапалы құралдарды қолданған абзал. Бұл ретте 
нарықты зерттеп алған абзал. Тіпті клининтік қызмет 
көрсететін компаниялармен хабарласып, олардың 
қызметін пайдаланып көру де жұмысыңызды реттеуге 
көмектесері анық. 
Табыс қалай түседі? Бұл кәсіпте де кез келген 
бизнестегідей тапсырысқа қарай табыс артады. 
Дегенмен ауқымды тапсырыс алуға ұмтылу – аз 
уақытта көп қаражат табудың көзі. Клиентке адалдық, 
жауаптылық пен ұқыптылық – тұрақты тапсырыстың 
кепілі. Клинингтік фирмалар тазалау жуу ғана емес, 
сондай-ақ сантехникалық, электрлік, ұсталық және 
басқа да қызметтерді қоса алғанда табысы артады. 
Тиісінше жұмысшылар қатары да көбейеді.


 — 69 —
Гүл сату дүкені
Гүл бизнесі әрқашан үлкен сұранысқа ие. 
• үйлену тойы;
• туған күндер; 
• мерейтойлар;
• мерекелер; 
• тіпті жерлеу рәсімдері – флористтің қызметін 
талап етеді. 
Негізінен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 
раушангүл мен қызғалдақтарға сұраныс үш есе өсіп 
кетеді. Ішкі нарықтың қажеттілігінің жартысын
импорттан келген өнімдер қанағаттандырып 
отырғанын ашып айта аламыз. Ал қалған бөлігі 
отандық өнімнің үлесінде. Отандық үлестің 30 пайызы 
ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған 
Алматы мен Шымкент қалаларындағы 5 ірі 
жылыжайдың еншісінде. Қалған 20 пайыз өнім ішкі 
нарықта ұсақ партиялармен жұмыс істейтін шағын 
және орта бизнестің үлесінде. Байқағаныңыздай ішкі 
нарыққа кіру үшін сізге гүлді сату ғана емес, оны 
жылыжайда өсіру арқылы кәсіп аша аласыз.
Гүл – қымбат бизнес, тәуекелі де тым жоғары. 
Бірақ соған қарамастан өте жылдам қарқынмен 
дамып келе жатқан сенгмент. Осыдан 3 жыл бұрын 
жылдық табысы құны 100 млн АҚШ долларын құраған 
нарықтың бүгінгі табысы 150 млн АҚШ долларына 
жетті.
Гүл сатушылардың айтуынша, ғаламдық 
экономикалық дағдарыс аталған салаға, керісінше өсім 
беріп отыр. Мамандар мұның себебін – гүл қолжетімді 
сыйлықтардың болғандығымен түсіндіреді. Құны 


 — 70 —
500 теңге болса да гүлдің аты гүл - біздің күнделікті 
өміріміздің негізгі құрамдас бөліктерінің біріне 
айналды. Басқаша айтқанда, дүние есігін гүлмен 
ашып, гүлмен жабатын жағдайға жеттік. Соңғы 
жылдары той өтетін салтанатты залдарды хош иісті 
гүлдермен көмкеру сәнге айналғанын бәріміз көріп 
жүрміз.
Жалпы бизнес ретінде гүл түрімен айналысатын 
кәсіпкерлердің көбісі, барлығын өздігінен үйреніп 
алды. Әуелі сіз сататын гүлдердің:
• үй гүлі;
• сәндік гүл және т.б түрлеріне маманданып, 
шешім қабылдағаныңыз жөн.
Егер сіз гүл бизнесін бастау туралы шешім 
қабылдасаңыз, гүлдеріңізді сатуға мүмкіндік беретін 
жақсы орын табуыңыз керек. Тұтынушыларыңызды 
әрдайым жаңа және тіпті сирек кездесетін гүлдермен 
тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін, сізге гүл 
жеткізушілермен жақсы байланыста болу маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет