— 145 —
7) 910.00.007 жолында: 910.00.005 – 910.00.006
формуласы бойынша айқындалатын түзетуден
кейінгі салықтардың сомасы көрсетіледі;
8) 910.00.008 жолында: 910.00.007 х 0,5 Деклара-
ция бойынша есептелген салық сомасынан ½ мөл-
шерінде бюджетке төленуге жататын жеке (корпора-
тивтік) табыс салығының сомасы көрсетіледі;
9) 910.00.009 жолында:
(910.00.007 х 0,5) – 910.00.013 VII – 910.00.020 VII
формуласы бойынша айқындалатын, Мемлекеттік
әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеумет-
тік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі
декларация бойынша есептелген салық сомасынан ½
мөлшеріндегі бюджетке төленуге жататын әлеуметтік
салық сомасы көрсетіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық
сомасынан асып түскен кезде 910.00.009 жолда нөлге
тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі;
10) 910.00.010 жолында Салық кодексінің 687-
бабының 2-1 тармағына сәйкес жеке кәсіпкермен
ағымдағы күнтізбелік жылға жеке табыс салық
соммасын төмендету (60 000 тенге соммасына,
бірақ есептелген жеке табыс салық соммасының 50
пайызынан артық болмауы тиіс) көрсетіледі;
11) 910.00.011 жолында 910.00.008 – 910.00.010
формуласымен анықталған бюджетке төлеуге жата-
тын жеке (корпоративті) табыс салығы көрсетіледі.
10. «Дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік төлем-
дерді есептеу» бөлімінде:
1) 910.00.012 I жолынан бастап 911.00.012 VI дей-
інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған
— 146 —
дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдар есепте-
летін кіріс көрсетіледі.
2) 910.00.013 I жолынан бастап 910.00.013 VI дей-
інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған
дара кәсіпкер үшін әлеуметтік аударымдардың сома-
сы көрсетіледі.
3) 910.00.014 I жолынан бастап 910.00.14 VI дейінгі
жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған дара
кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналары есепте-
летін кіріс көрсетіледі.
4) 910.00.015 I жолынан бастап 910.00.015 VI дей-
інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған
дара кәсіпкер үшін міндетті зейнетақы жарналары-
ның сомасы көрсетіледі.
5) 910.00.016 I жолынан бастап 910.00.016 VI дей-
інгі жолдарда есепті кезеңнің әрбір айына арналған
дара кәсіпкер үшін міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру жарналарының сомасы көрсетіледі.
910.00.016 I жолынан бастап 910.00.016 VII дейінгі
жолдары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтан-
дыру туралы заңға сәйкес 2020 жылғы 1 қантардан
бастап толтырылуға жатады;
Мысалы, 2019 жыл үшін жоғарыда көрсетілген
жолдарды толтыру былайша жүргізіледі:
1) 910.00.001 жолы бойынша дара кәсіпкердің са-
лық кезеңі үшін табысы 55 000 000 теңгені құрады;
2) 910.00.002 жолы бойынша Трансферттік баға
белгілеу туралы заңға сәйкес айқындалатын табыс
жоқ;
3) 910.00.003 жолы бойынша қы-
зметкерлердің орташа тізімдік саны
24 адамды құрады, ол былайша айқындалды:
|