25
молекулалар – негiзгi гистосәйкестік комплекс молекулаларымен (МНС -
ағыл. Major Histocompatibility Complex) байланысқан «өзгерген өзінікін» -
антигеннiң фрагментін таниды. МНС молекуласы «өзінің» эталоны болып
саналады, ал эталоннан ауытқығанның бәрiн Т-лимфоцит рецепторлары
таниды. Тану нәтижесiнде Т-жасушалар белсенденiп эффекторлы (киллер)
және реттеуші (екі түрі хелпер-Тх1, Тх2 және супрессор) жасушаларға
дифференцияланады.
В-лимфоциттер – лимфоциттер популяциясының екiншi негізгі
бөлігін құрайды.
Бұл жасушалардың негізгі эффекторлық қызметі –
гуморалдық иммундық жауапты қалыптастыру, яғни ағзаға енген
антигендердi
байланыстырып,
бейтараптайтын
антиденелердi
түзедi.
В-лимфоциттердің пісіп-жетілуі сүйек кемігінде өтеді, оның бетiнде
антигендерге арналған иммуноглобулиндiк рецепторлар түзiледі. В-
лимфоциттің антигенді танушы рецепторлары
В-жасушалық рецептор
(BЖР) деп белгіленеді. Оның негізі ретінде,
В-лимфоциттердiң плазмалық
мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулалары болып
табылады (беткей иммуноглобулиндердi slg – surfase Ig деп белгілейді).
Бір В-лимфоцит бетінде 200-500 мың бiрдей арнайылықтағы рецептор
молекулалары бар. Т-лимфоциттерден айырмашылығы, В-лимфоциттер
бос
антигенді
тiкелей
таниды.
В-лимфоциттердiң
антигенмен
байланысу нәтижесінде антигенге тәуелді дифференциялануы екі
Достарыңызбен бөлісу: