31
2-ші сурет. Лимфоциттердің миграциясы және рециркуляциясы
Көптеген жағдайларда иммундық жауап аралас түрде өтедi,
бiрақ
иммунитеттiң немесе жасушалық, немесе гуморалдық
тiзбегi басымырақ
болады.
Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелерi шектелiп емес, бiр-
бiрiмен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Иммундық жауапта әдетте
барлық иммундық жасушалар (Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және
антигенді таныстырушы жасушалар) қатысады
және де әрбiр жасуша өз
қызметiн атқарады.
Антигендi тану және жасушалық немесе
гуморалдық жүйенiң, жиi
екеуiде бiрдей,
iске қосылуы, аталған үш
жасушалардың бiр-бiрiмен әрекеттесуi арқылы жүзеге асады. Бұл
үрдiстi
иммунды хабарлы жасушалардың кооперациясы деп атайды.
В-лимфоциттердiң негiзгi қызметi – ағзаға түскен
антигендерге қарсы
антиденелердi түзу. Антиденелер – бұл арнайы нәруыздар –
иммуноглобулиндер. Антиденелер иммундық жүйенiң шеткi мүшелерiнде
түзiледi, одан қанға түсiп, қан арқылы ағзадағы барлық мүшелер мен
тiндерге таралады.
Т-лимфоциттер жасушалық иммунитет серпiлiсiн жүзеге асырады, олар
сонымен қатар,
антигендердi тануға және жасушалық, гуморалдық
иммундық жауаптардың басталуына және реттеуiне қатысады.
Т-
лимфоциттер иммунологиялық төзiмдiлiктiң қалыптасуына және оның
сақталып тұруына ықпал етедi, Т-лимфоциттерден
иммунологиялық зерде
жасушалары қалыптасады. Егер де ағза антигенмен екiншi рет кездесетiн
32
болса, онда зерде жасушалардың
иммундық жауаптың жылдам
қалыптасуына қабiлетi болады.
Достарыңызбен бөлісу: