7.3. Өтпелі ережелер Осы Кодекс мазмұнынан көрініп тұрғандай, зерттеу жүргізетін ұй-
ымдарда зерттеу әдебі толыққанды сақталуы үшін онымен шұғылда-
натын институциялық комитеттер болуы шарт («7.2. Әдептік сарапта-
ма» параграфын қараңыз). Жоғары оқу орындарының әрқайсысы үшін
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің қызмет етуі қалып-
ты тәжірибеге айналғаны дұрыс.
Қазіргі кезде Қазақстанның зерттеу ұйымдарында (медициналық оқу
орындарынан басқа) көбінесе аталмыш комитет қызмет етпейді. Мұндай
комитеттердің ұлттық және институциялық деңгейде құрылып дамуы
үшін ғылымның барлық салалары, сонымен қатар әлеуметтік ғылымдар
бойынша зерттеулерді әдептік тұрғыдан реттеудің қазақстандық жүйесі
орнауы қажет. Ондай жүйе үшін құқықтық базаны, регламенттер мен
оқыту контентін айтпағанда, зерттеушілердің бойында тиісті құзырет-
тілікті қалыптастырып жетілдіру қажет болады. Бұл зерттеушілердің
үздіктері кейін әдеп комитеттерінің құрамына енуі керек.
Аталған қиындықтарды түсіне отырып, Кодекс авторлары осы
параграфта Зерттеу адалдығын сақтаудың қазақстандық жүйесі ор-
ныққанға дейін білім зерттеушілері мен зерттеу жүргізетін ұйым бас-
шыларына зерттеушілік жобаларды әдептік сараптамадан өткізудің
уақытша балама шараларын тұжырымдады.
7.3.1.
Білім зерттеушісі жұмыс жасайтын ұйымда Зерттеу әдебі
жөніндегі институциялық комитет болмаған жағдайда осы
45
Мәселен, Назарбаев Университетінде қысқа (жедел) сараптама екі–төрт аптаның ішінде өткізіледі.
54
Кодекстің аталмыш комитетіне қатысты талаптарды орындау
үшін төмендегі шаралардың бірін қолданса болады:
a.
әдептік сараптама алу үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес
зерттеу әдебі бойынша тиісті оқудан өткен білім саласының
сарапшысына немесе сарапшыларына өтініш білдіру;
b.
әдептік сараптама алу үшін аталмыш комитеті бар басқа ұй-
ымға өтініш білдіру.
7.3.2.
Зерттеу жүргізетін ұйымдардың басшылығы осы Кодекстің
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитетті құру мен да-
мыту туралы талаптарды орындау үшін өтпелі кезеңде уақыт-
ша шара ретінде төмендегілердің бірін қолданса болады:
a.
әдептік сараптама қызметін ақылы көрсете алатын ұйымдар-
мен серіктестік орнату;
b.
ұйым ішінде бір немесе бірнеше зерттеушілік жобалар үшін
құрылатын уақытша (ad hoc) комитеттер құру;
c.
ұйым ішінде зерттеу әдебінің негіздерін және қыр-сырын мең-
герген сарапшылар тобын құрып, олардың өз әріптестері үшін
әдептік сараптаманы тәуелсіз және әділ жүргізуіне жағдай
туғызу.