З.Н.Жуынтаева, М.А.Тұрсынова
26
Вестник Карагандинского университета
Қазіргі қазақ тілінде барыс жалғаулы сөз тіркестерінің төмендегідей түрлері кездеседі:
-қа, -ке,
-ға, -ге; -а, -е; -на, -не. Қазіргі тілімізбен салыстыра қарайтын болсақ, барыс септігінің тұлғалары көп
болған. Оның бізге жетпеген қосымшаларын байқауға болады.
Ертедегі орхон ескерткіштер тілінен барыс септігінің мынадай жалғауларын кездестіруге
болады:
-қа, -ке, -ға, -ге, -а, -е, -ғару, -геру, кейде -йа, -йе, -ра, -ңару, -ңеру. Бұл қосымшалар
қолданылу аясы жағынан біркелкі болып келмейді. Мəселен,
-ға, -ге жалғаулары дауысты жəне ызың
дауыссыздарға аяқталған бірлі-жарым сөздерге ғана болмаса, қазіргі кездегідей көптеген сөздерге
тіркесе бермейді.
Талйуқа кічіг тегмедім — Теңізге сəл жетпедім. Бунча йірке тегі йорытдым —
Осыншама жерге дейін жорыттым. Сөйтіп,
-қа, -ке, -ға, -ге қосымшаларына тəн ерекшелік ықпал
заңдарына бағынбай жалғанушылық болып табылады [5].
Барыс септігінің
-а, -е жалғауы тəуелдік жалғаулы сөздердің І, ІІ-жақтарынан кейін жалғанады.
Бұндай қолданысты көне түркі тілінен де байқауға болады:
Анта етрү қағаныма өтүнтүм — Содан
соң қағаныма өтіндім. Көргенің үчін ігідміс білге қағаныңа Ерміс бармыс едгү еліңе Кінтү
йаңылтығ, йаблақ кігүртіг — Бағынғаның үшін көтерген қағаныңа Қасиетімен, ісімен жақсы
кінəлысың, жаман шатастың. Мысалдардағы қағаныма өтүндім, қағаныңа ерміс тіркестеріндегі
-а, -е тұлғалары тəуелдік жалғауларынан кейін қолданылған.
Орхон ескерткіштерінде бағытты білдіру үшін барыс септігінің
-ғару, -геру тұлғасы
қолданылған.
Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс — Апа тарқанға құпия сөз жіберді. Аталған қосымша
үстеулердің де қызметін атқарған.
Йоқару ат йете йадаған — Жоғары атты жетектеп. Қазіргі
қазақ тілінде бұл тұлға үстеу жасайтын аффикс ретінде жұмсалады.
Тілдің даму барысында жоғарыда аталған жалғаулар өздерінің қолданылу өрісін тарылтады да,
оларға тəн қасиеттер барыс септігінің
-қа (-ке, -ға, -ге) жалғауына көшеді. Бұл көрсетілген
варианттардың ішінен
-қа, -ке тұлғалы сөз тіркестері орхон-енисей ескерткіштері тілінде кең көлемде
қолданылса, ал
-ға, -ге тұлғалы сөз тіркестерінің қолданылу шеңбері тар болған. Бұл
-ға, -ке тұлғалы
сөз тіркестерінің
-ға, -ге тұлғалы сөз тіркестеріне қарағанда бұрын қалыптасқандығын дəлелдейді
[4; 27].
Орхон ескерткіштерінде
-ру, -рү қосымшалары кейде дербес жалғау ретінде де қолданылған.
Он
Достарыңызбен бөлісу: