…Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда,
Байлаған сені сылап қалқатай-да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда…
Жайсаңғалидың есіне анау ән салып тұрған әдемі кісі түсті. «Қайрат
Байбосынов қой!» деп анық танып, жаны ышқынып кетті. Екі самайына жасы
тарамдана ағып:
Ахау, туған елім
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнге сала келдім, —
деп ән сӛзі есіне түсіп қосылды. Ақанның сыршыл сезімге толы әні жан-
дүниесін оятып, жылап жатты.
«Мен ӛмір сүрдім деп жүрмін-ау, мына тірі ӛлік қалпымда. Басымдағы
жалғыз баспанаға да, қанымнан жаралған балаларға да ие бола алмай
жатысым мынау — орыстан қалған темір гаражда. «Есіл ӛткен ӛмір-ай!», —
дейтін баяғыда әкесі қор болып жүрген жандарға. Сол айтпақшы ӛмірім зая
кетіп, есіл ӛтіпті ғой», — деп жарты ғасырдан соң ӛз ана тілінде ойлап,
аңырап «Ахау, туған елім, балаң едім, Ӛзіңе осынау әнге сала келдім», — деп
ӛзегі ӛртеніп, жанарын жұмды.
СӘУЛЕ ДОСЖАН
Достарыңызбен бөлісу: |