Рылыс академиясы


Тҧрғын ҥй қҧрылысы мен бақша ҥйшіктеріне арналған кесінділер



Pdf көрінісі
бет146/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Тҧрғын ҥй қҧрылысы мен бақша ҥйшіктеріне арналған кесінділер
Кешенге, кесінділердің ӛзі, соынмен қатар, ұсақ-түйек ағаштар (арқалық, 
итарқа, аудармалар және слегтар) кіреді. Тұрғын үй құрылысына арналған 
кесінділерді бӛренелерден де, сондай-ақ қылқан жапырақты және жапырақты 
ағаш брустарына да дайындайды, ал бақса үйшіктері үшін негізінен қылқан 
жапырақты және жапырақты ағаш тұқымдастарының (кӛктерек) дӛңгелек 
материалдарын пайдаланады. Ұсақ-түйек қосымшалар үшін бӛренелерді де, 
кесілген материалдарды да пайдаланады. Тұрғын үйлерге арналған кесінді-
лердің диаметрі 22...24 см, ал бақша үйшіктері үшін 14...24 см. Тұрғын үйлерге 
арналған брустардың қимасы 150×150 мм, бақша үйшіктерінің брустарының 
қимасы 70×70 мм. Итарқа діңгектерінің диаметрі тұрғын үйлердің шатырлары 
үшін 14...16 см, ал еден мен шатыр жабындысына 24...26 см. 
Кесінділердің ұштарының байланысы «в лапу», «в обло» немесе басқа да 
әдістермен жүзеге асырылады. Кесінділедің бӛренелері толықтай жонылған 
және барлық ұзындығы бойынша ені кем деген 11 см тұрғын үйлер үшін және 
бақша үйшіктері үшін 4 см болатын паздары болуы тиіс тұрғын үй кесінді-
лерінің ылғалдылығы 22% артық болмауы қажет. Бақша үйшіктері үшін 
қолданылатын кесінділерде ылғалдылық нормаланбайды. Кесінділерді ашық 
ауада жинақтайлмаған немесе жинақталған күйінде сақтайды [13].
Жабындық материалдар. Бұл қылқан жапырақты және жапырақты ағаш 
тұқымдастарына, сонымен қатар, ағаш кесінділерінң және ӛңделген 
ағаштардың қалдықтарынан алынатын салыстырмалы түрде арзан және ұзақ 
мерзімді материалдар. 
Жабындық тақтайларын әдетте 
қарағай, 
шырша, 
майқарағай, 
самырсын, кӛктерек және сүмбіл 
терек 
сүректерін 
дайындайды. 
Тақтайлардың ӛлшемдері: ұзындығы 
500...1000 мм, ені 60...100 мм, 
қалыңдығы 5...10 мм. Сүректің 
сапасына 
жоғары 
талаптар 
қойылады: 
шіріктер, 
бұтанақтар 
(жұрыс ӛскіндерден басқа), ӛгей 
бұташықтар мен басқа да ақауларға 
рұқсат берілмейді. 
14.5-сурет. Жабындық гонт 
Ж а б ы н д ы қ г о н т – паздары бар тақтайшалар (14.5-сурет) – осындай 
ағаш тұқымдастарының сүректерінен дайындайды. Гонттың ӛлшемдері: 
ұзындығы 500, 600, 700 мм, ені 70...120 мм, қалыңдығы пащ жағынан (шпунт) 
13...15 мм, ал перо жағынан 2...3 мм; штунттың тереңдігі 12 мм, ені 5 мм. 
Сүректің сапасына жабындық тақтайшаларға қарағанда ӛте жоғары талаптар 
қойылады.


235 
Жабындық 
жоңқасы 
(шаңыршақ) 
гонт 
дайындалатын 
ағаш 
тұқымдастыраның сүрегінен жасалады. Жабындық жоңқаның ӛлшемдері: 
350...500 мм, ені 50...200 мм, қалыңдығы 2...5 мм. Жабындық жоңқаның 
сапасына қойылатнын талаптар гонтқа қойылатын талаптармен бірдей. 
Сылақтық жұмыстар үшін үйлердің құрылысында сылақтық жайпақ ағаш 
пайдаланылады (12.1 тарауды қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет