3.1-кесте. Сүректің құрғау
және ісіну
коэффициенттері, %/% ылғалдылық
Ағаш тұқымдастығы
Кӛлемі
бойынша
Радиал бағыт
бойынша
Тангенциал
бағыт бойынша
Балқарағай
Қарағай
Шырша
Сібір майқарағайы
Самырсын
Қайың
Шамшат
Шаған
Емен
Кӛктерек
Үйеңкі
0,52
0,44
0,43
0,39
0,37
0,54
0,48
0,45
0,43
0,41
0,46
0,60
0,51
0,50
0,44
0,41
0,65
0,56
0,52
0,50
0,47
0,54
0,19
0,17
0,16
0,11
0,12
0,27
0,18
0,18
0,18
0,14
0,19
0,20
0,18
0,17
0,11
0,12
0,29
0,19
0,19
0,19
0,15
0,20
0,35
0,28
0,28
0,28
0,25
0,31
0,32
0,28
0,27
0,28
0,29
0,38
0,31
0,31
0,31
0,27
0,34
0,35
0,31
0,29
0,30
0,32
Е.А. Пинчевскийдің мәліметтері бойынша, коллап тақтайдың қалыңдығы
бойынша құрғауды едәуір үлкейтеді және оның ені бойынша құрғауына
толықтай дерлік әсерін тигізбейді.
Сүректің құрғауын бӛренелерді тақтайларға кесу кезінде (құрғауға
әдіптер), кесілген материалдарды, шпондарды кептіруді және т.б. ескереді.
Сҥректегі ішкі кернеу. Сүректегі толық құрғау кернеулерін екі
құрамдастардың жиынтығы – ылғалдылық және қалдық кернеулер ретінде
қарастырған ыңғайлы. Ылғалдылық кернеулері материалдың бірқалыпты емес
құрғауынан туындайды. Тақтайдың беттік аймақтарында, орталыққа қарағанда
ылғалдылық тӛмен жерлерде, еркін құрғауды ығыстыру әсерінен созу, ал
тақтайдың ішінде – қысу кернеулері пайда болады. Қалдық кернеулер сүректе
бірқалыпты емес қалдық деформациялардың пайда болуымен түсіндіріледі.
Негізінен олар жүктелген сүректің құрғауы кезінде қаттылықтың артуы
салдарынан серпімді деформациялардың бір бӛлігінің «қатырылған» қалдық
деформацияға айналуының нәтижесінде қалыптасады (4.6 бӛлімді қараңыз).
Қалдық кернеулер ылғалдылыққа қарағанда тақтайдағы ылғалдылықтың
бірқалыптандыру кезінде жоғалып кетпейді және құрғату кезінде де, одан
кейінде толықтай байқалады.
Ылғалдық және қалдық кернеулердің таңбалары қарама-қарсы, ал нәтиже-
лік толық кернеулер алгебралық сумманы береді. Кептірудің бірінші
периодында ылғалдық кернеулері қалдық кернеулерден кӛп және толық кернеу-
лер тақтайдың бетіндегі созушы және ішінен қысушы түрінде пайда болады.
64
Екінші периодта қалдық кернеулер ылғалдық кернеулерден артады және
нәтижелік кернеулер таңбасын ауыстырады.
Егер созу кернеулері ағаштың кӛлденең талшықтарының беріктік шегіне
жететін болса, жарықтар пайда болады. Осылайша кептірудің басында беттік
жарықтар (3.4, а, б – сурет) және кептірудің соңында ішкі жарықтар (3.4, в –
сурет) пайда болады. Бұл сыртқы және ішкі жарықтар әдетте радиал бағытта
болады, себебі тіңнің жарылуы жүрек пішіндес сәулелер мен ағаш
талшықтарының арасындағы әлсіз байланыстың нәтижесінде ӛзек сәулелердің
бойымен ӛтеді. Бӛренелер мен ірі діңгектердің жарылуы тангенциалды және
радиалды шӛгулерінің айырмашылығымен негізделген кернеулердің әсерінен
болады.
Кептірілген материалда сақталатын ішкі кернеу (қалдық кернеу) ағашты
механикалық ӛңдеу кезінде бӛлшектердің берілген пішінінің ӛзгеруіне себеп
болуы мүмкін.
Ішкі кернеулердің әсерінен тақтайдың беткі және ішкі аймақтарының
отыруы (яғни, нақты ӛлшемдердің қысқаруы) олардың еркін шӛгінділерінен
ӛзгеше.
Ағаштың ішкі кернеулерін күштік секциялардың кӛмегімен оңай табуға
болады. Ол үшін тақтайдан арамен секцияларды кесіп алады, екі ӛлшем
сортименттің қимасымен анықталса, үшінші ӛлшем 10...15 мм-ге тең болады.
Секциядан 3.4, г суретке сәйкес екі тісті шанышқы ретінде дайындайды. Оны
дайындағаннан кейін тістері бірден сыртқа, ішке қисаюы не түзу болып қалуы
мүмкін, бұл сәйкесінше созу, қысу кернеулерінің не беттік аймақта олардың
жоқ екендігін кӛрсетеді.
3.4-сурет.Сүректің жарылуы мен күштік секциялар:
а – бӛренедегі сыртқы жарықтар; б – сол сияқты тақтайда; в – ішкі жарықтар; г – күштік
секциялар
Ішкі кернеулердің сандық сипаттамасы ылғалдығы теңдестірілген ағаш-
тағы қалдық кернеулерді ӛлшеу үшін жобаланған Б.Н.Уголев әдісінің
кӛмегімен берілуі мүмкін. Осы стандартизацияланған әдіс бойынша (МемСТ
11603) тақтайдан жақын тұрған қалыңдығы 15 мм болатын екі секцияны
(талшығы бойынша) кеседі. Ылғалдылықты теңестіргеннен кейін секциялардың
біреуін қалыңдығы 4 мм қабатқа оның ұзындығына параллель орналастырады.
Осы қабаттардың жарылуға дейінгі және кейінгі ұзындықтарын ӛлшеу арқылы
65
олардың ӛлшемдерінің ӛзгерісін анықтайды және әрбір қабаттың қатыстық
деформациясын ε табады. Екінші секцияны қалыңдығы 8...10 мм болатын үлгі-
лерге кеседі, олар статистикалық иілу кезіндегі серпімділік модулін анықтау Е
үшін қызмет атқарады. Әрбір қабат үшін орташа кернеу, МПа, келесі
формуламен анықталады:
(3.12)
Алынған мәліметтер бойынша таралу қисығын – тақтайдың қалыңдығы
бойынша кернеулер эпюрасы тұрғызады (3.5-сурет).
3.5-сурет. Қарағай тақтайындағы кептіруден
кейінгі қалдық кернеу эпюрасы
Қалдық кернеулер камералық кептіруден кейін атмосфералық кептіруге
қарағанда айтарлықтай жоғары болады. Жалпақ жапырақты кесілген материал-
дарда қалдық кернеулер қылқан жапырақтыларға қарағанда кӛп болады.
Сонымен, қарағай тақтайларда қалдық қысу кернеулері беттік қабаттарда
4,4МПа дейін жеткен, ал созу кернеулері ішкі аймақта – 1,7МПА, бұл кезде
шамшат тақтайларда қысу кернеулер 7,2МПа тең болды.
Кейбір күрделендірулермен аталған әдіс атмосфералық кептіру үрдісі
кезінде немесе камералық кептіруде суытқыш секцияларды қолдану арқылы
ағаштың толық ішкі кернеулерді ӛлшеу үшін пайдаланылуы мүмкін [25].
Ағаштағы ішкі кернеулер тек қана кептіру кезінде емес, сонымен қатар,
оны сұйықтықтармен сіңдіру кезінде, және ағаштың ӛсу үрдісі кезенде де пайда
болуы мүмкін.
|