Тексерген: байгазакова ж. М



Pdf көрінісі
Дата04.11.2022
өлшемі2,17 Mb.
#47427
Байланысты:
Орман механизациясы сро



ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
 СӨЖ
ТАҚЫРЫП: АВТОМОБИЛЬДЕР МЕН ТРАКТОРЛАРДЫҢ
ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ
ОРЫНДАҒАН:БАҒИДУЛЛА СЫМБАТ 
ТЕКСЕРГЕН:БАЙГАЗАКОВА Ж.М
СЕМЕЙ2022


Тракторлар автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік.

Автомобильдердің электр жабдықтары көптеген электрлік
машиналар мен тетіктерден құралады. Олардың негізгі жұмысы
двигательді іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар
болып табылады. Осыған қосымша жүргізушінің жұмысын
жеңілдететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысын
бақылайтын қызмет атқарады.



ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ӨЗАРА ПАРАЛЛЕЛЬ ЕКІ ЖҮЙЕДЕН ТҰРАДЫ: БІРІНШІСІ ЭЛЕКТР
ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ КӨЗДЕРІ ДЕ, ЕКІНШІСІ ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ПАЙДАЛАНАТЫН ҚҰРАЛДАР.
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТУДЫРУ ҮШІН АККУМУЛЯТОР МЕН ГЕНЕРАТОРЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
АВТОМОБИЛЬДІҢ БАРЛЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ЖҮЙЕСІ ТҰРАҚТЫ ТОҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. СЕБЕБІ,
ТҰРАҚТЫ ТОКТЫ АККУМУЛЯТОРҒА ЖИНАУҒА БОЛАДЫ. АЛ ДВИГАТЕЛЬ ТОҚТАП ТҰРҒАН
КЕЗІНДЕ ДЕ ЖӘНЕ ОНЫ ОТАЛДЫРУ КЕЗІНДЕ ДЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ҚАЖЕТ БОЛАДЫ. ОСЫНДАЙ
ЖАҒДАЙДА АККУМУЛЯТОРҒА ЖИНАЛҒАН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ПАЙДАЛАНАДЫ.



АККУМУЛЯТОРДАҒЫ ЖИНАЛҒАН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨТЕ ҰЗАҚ ПАЙДАЛАНА АЛМАЙДЫ,
СОНДЫҚТАН ДА ДВИГАТЕЛЬ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КЕЗДЕ ОНЫМЕН
ЖАЛҒАСТЫРЫЛҒАН ГЕНЕРАТОРДАН БАРЛЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЭЛЕКТР
ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ОСЫ ҚҰРАЛДАРМЕН ҚАТАР АККУМУЛЯТОР ДА
ГЕНЕРАТОРДАН ҚУАТ АЛЫП, ӨЗІНЕ ЖИНАҚТАЙДЫ.
ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ДВИГАТЕЛЬДІҢ АЙНАЛЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ ӨЗГЕРІП ОТЫРАДЫ ДА, АЛ
ОНЫМЕН ЖАЛҒАСҚАН ГЕНЕРАТОРДЫҢ ДА АЙНАЛЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ ӨЗГЕРЕДІ. ОЛАЙ
БОЛСА, ОНЫҢ БЕРЕТІН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ДА КӨРСЕТКІШТЕРІ ӨЗГЕРЕДІ.
СОНДЫҚТАН ДА ГЕНЕРАТОРДАН ШЫҚҚАН ЭНЕРГИЯНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН
ТҰРАҚТАНДЫРУ КЕРЕК. ОСЫ ҚЫЗМЕТТІ АТҚАРУ ҮШІН ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНДЕ РЕТТЕУІШ
ҚҰРАЛДАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ.




Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр
двигательдері, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар
жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп
пайдаланатын, негізгі двигательді оталдыруға арналған электр
двигателі. Бұл электр двигателін стартер деп атайды. Стартерлер
кейбір двигательдерге негізгі двигательді, кейбіреулерінде қосалқы
оталдырғыш двигательді оталдыру үшін қолданады. Ол туралы
двигательдің оталдыру жүйесін қарағанда айтылады.


АККУМУЛЯТОРАККУМУЛЯТОР ДЕП ЭНЕРГИЯНЫ
ЖИНАҚТАЙТЫН ҚҰРАЛДЫ АЙТАДЫ. АВТОМОБИЛЬ
АККУМУЛЯТОРЛАРЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ХИМИЯЛЫҚ
ЭНЕРГИЯҒА ЖИНАҚТАП, ҰСТАП ТҰРАДЫ. КЕРЕК КЕЗІНДЕ
ХИМИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ, АККУМУЛЯТОР ІШІНДЕ РЕАКЦИЯ
ЖҮРГЕНДІКТЕН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА АЙНАЛЫП,
ҚАЙТАДАН СЫРТҚА БЕРІЛЕДІ.



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! 


ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЖИНАЙТЫН АККУМУЛЯТОРДЫҢ
БІРНЕШЕ ТҮРІ БАР. СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕГІ ТИІМДІ ҚЫЗМЕТ
АТҚАРАТЫНДАРЫ ҚОРҒАСЫНДЫ-ҚЫШҚЫЛДЫ
АККУМУЛЯТОР, ЯҒНИ КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫНА САЛЫНҒАН
ҚОРҒАСЫН МЕН ОНЫҢ ТОТЫҒЫНЫҢ АРАЛЫҒЫНДА РЕАКЦИЯ
ЖҮРЕДІ ДЕ, ОЛАР ЗАРЯДТАЛАДЫ. БҰЛ АККУМУЛЯТОРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ, ТОК КӨЗІНІҢ КЕРНЕУІ 2В БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ
КЕРНЕУ ОНЫҢ ҚОРҒАСЫН ПЛАСТИНАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІНЕ,
САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛМАЙДЫ.



Аккумуляторларды машиналарда пайдалану үшін олардың
бірнешеуін біріктіріп, бір батареяға жинақтайды. Сол батареядағы
аккумулятор санына қарай электр кернеуін тиісті шамаға жеткізеді.
Автомобильдерде қолданылатын электр құралдары мен
машиналары 12В кернеуге есептелген. Сондықтанда
аккумуляторлық батареяның кернеуін 12В етіп жасайды, яғни бір
батареяда алты аккумулятор болады.Әрбір аккумулятор бөлек
ыдысқа жасалады. Ыдыстың ішіне күкірт қышқылының ерітіндісі
құйылады. Ерітіндіге оң және сол зарядты пластиналарды бір
пакетке жинайды да, олардың аралықтарын ажыратып тұратын
сеператорлар қойылады.


Zoho Show
Загрузите Zoho Show из Play Store https://zoho.to/cy7 для создания привлекательных презентаций
Орман механизациясы сро.pdf
(Этот файл PDF сгенерирован в Zoho Show)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет