наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-
жазықтары мекендеген көшпелілер дейді.
Деректемелердің көрсеткеніндей,
кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің
сағасынан Алтай тауларының Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа
тараған аумақты алып жатқан.
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне
жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар
Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын
өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында
керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен,
монғолдар да солардың қол астында болған.
Наймандар
мен
керейіттердің
ұлыстары
«бастапқы
үлгідегі
мемлекеттер», яғни ертедегі феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды.
Монғолдар талқандағаннан кейін
найман мен керейіт топтары,
қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда
қазақ халқының құрамына біртіндеп сіңісе береді. Наймандар монғол
дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп,
қазақ
халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ,
олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт
деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен
қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.
Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да
кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар
бұрынғы этнонимдегі –іт жалғауын жоғалтып, Керей (қара керей, абақ керей)
деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала
халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде
және алыстан қоныс аударуын
ескерер болсақ, керейіттер мен корейлерді олар батыс керейіттердің шығысқа
қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа қарай
одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара
алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп
отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.
Достарыңызбен бөлісу: