заттарда бірнеше кристалдық күйлердің, сұйық кристалдардың, т.б.
болуымен дəлелденеді. Осыған байланысты қазіргі физикада З. а. к.
ұғымының орнына одан гөрі кеңірек — фаза ұғымы пайдаланылады.[2]
Ағынды фазалары (Фазы стока) ағынды гидрографының қалыптасу
процесінің элементтері. Олар қоректену жағдайының өзгеруіне орай: 1) су
тасу кезеңі; 2) тасқындар кезеңі; 3) судың сабасына түсу кезеңі болып
сараланады. Су тасу кезеңі жыл бойындағы ең көп сулылығы мен, су
деңгейінің биік əрі ұзақ көтерілуі мен жəне, əдетте, судың жайылмаға
тығуымен сипатталады. Басты қоректену (толысу) көзіне тікелей тəуелді
(жазық өзендері үшін — қар еруі, биік тау өзеңдері үшін — мұздықтар мен
қарлар еруі, муссондық жəне тропиктік аймақтар үшін — жазғы ұзақ
жаңбырлар). Бір климаттық белдеудегі өзендер үшін су тасу кезеңі жыл
сайын тұрақты қайталанып, тек ұзақтығы мен күші өзгеріп отырады. Іле
өзені су тасу фазасы көктем жаз болса (мұздықтар мен жауыншашын),
Нұра өзені үшін жазғытұрымғы бір ай (көктемгі қар еруі). Тасқын су
фазасы жыл сайын қайталан байды жəне су деңгейінің тез əрі қысқа
мерзімде көтерілуімен сипатталады. Таскындар ұзақ нөсер немесе қысқы
жылы мықта қар еру барысында қалыптасады. Кей жағдайларда (əсіресе
кішігірім алаптарда) тасқынның биіктігі су тасуының биіктігінен асып түсуі
мүмкін. Судың сабасына түсу кезеңі өзен сулылығының аздығына жəне
жер беті ағындысының азаюына немесе сарқылуына байланысты су
деңгейінің төменгі қалыпта ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Бұл
фазада өзен негізінен жер асты суымен қоректенеді. Көпшілік өзендерде
судың сабасына түсуінің кезеңдері жазғы жəне қысқы кезеңдер болып
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: