Автоматика жəне телемеханика жүйелерi



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата05.11.2022
өлшемі352,94 Kb.
#47767
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
AN Avtomatika telemehanika.pdf ауу



Қазақстан Республикасы Бiлiм жəне Ғылым Министрлiгi 
ААҚ «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк жəне коммуникациялар академиясы» 
«Көлiктегi автоматика, телемеханика жəне байланыс» кафедрасы 
Имандосова М.Б., Сүлейменова Г.А. 
АВТОМАТИКА ЖƏНЕ ТЕЛЕМЕХАНИКА ЖҮЙЕЛЕРI 
«Автоматика, телемеханика жəне байланыс» мамандығы бойынша күндiзгi жəне сырттай 
оқитын студенттердiң курстық жобалауын орындауға арналған əдiстемелiк нұсқау 
Алматы 2004ж 


2
УДК 656.25 (075) 
Имандосова Маргарита Булатқызы. Сүлейменова Гүлфариза Абатбекқызы. «Автоматика, 
телемеханика жəне байланыс» мамандығы бойынша күндiзгi жəне сырттай оқитын 
студенттерi үшiн «Автоматика жəне телемеханика жүйелерi» пəнiнен курстық жобалауын 
орындауға арналған əдiстемелiк нұсқау. 
Алматы, 2004 35 б. 
ҚазККА Ғылыми-əдiстемелiк Кеңесiнде мақұлданған жəне басып шығаруға ұсынылған 
Курстық жобаны орындауға арналған бұл əдiстемелiк нұсқау ғимараттағы жəне жер 
бетiндегi
жабдықтарының сұлбасын жасау кезiнде туындаған сұрақтар кешенiн, электрлiк 
орталықтандырудың принциптiк сұлбасын қамтиды. 
Əдiстемелiк нұсқау «Автоматика, телемеханика жəне байланыс» мамандығы 
бойынша оқитын күндiзгi бөлiмнiң төртiншi курс жəне сырттай бөлiмнiң бесiншi курс 
студенттерiне арналған. 
Сарапшылар: т.ғ.к., профессор Ниеталин Ж.Н.,
аға оқытушы Султангазинов С.К. 
«ИНТРАНСКОМ» институтының бас маманы Ескенов Е.Н.


3
КIРIСПЕ 
Электрлiк орталықтандыру (ЭО) пойыз жылжуының қауiпсiздiгiн, пойызды өткiзу 
жəне бекеттiң қайта жасау қабiлетiн жоғарылататын темiр жол бекеттерiнiң сигналдарын 
жəне бұрмаларын басқарудың өте тиiмдi техникалық жабдығы болып табылады. 
Электрлiк орталықтандыруды енгiзу бекет ортасынан өткiзу қабiлетiн 1,5-2 есеге 
жоғарылатады. 
Релелi аппаратура электрлiк орталықтндырудың негiзгi элемент базасының жүйесi 
болып табылады. Сондықтан бұл жүйе релелi орталықтандыру деп те аталады. 
Бекеттерде 
пайдалану 
көрсеткiшiн 
жоғарылату 
үшiн 
маршрутты-релелi 
орталықтандыруды пайдаланады. Маршрутты-релелi орталықтандыру аппаратураның 
конструктивтi құрастыруына байланысты блокты жəне блоксыз болып келедi. 
Блокты маршрутты-релелi орталықтандыру (БМРО) пойыздық пен маневрлiк 
жұмысымен көлемдi жəне 30-дан аса бұрмасы бар телiмдiк, сұрыптау бекеттерiнде аса кең 
қолданылады. БМРО аппаратурасын жəне электрлiк қоректендiру құрылғыларын арнайы 
ғимаратта орнатады – электрлiк орталықтандыру кеденiнде. Басқару пультi ретiнде пульт-
табло немесе пульт-манипуляторды пайдаланады. 
Электрлiк орталықтандырудың блокты құрастырылуы құрылғылардың жобалауын 
азайтады, монтаждау жұмыстарының мерзiмiн қысқартады, жұмыс iстеп тұрған 
жабдықтардың пайдалану кезiнде жөндеуге жарамдығын жақсартады. БМРО жүйесiнде 
бұрмалар мен сигналдармен маршрутты басқару қолданылып, онда негiзгi кез келген 
күрделi маршрут бiрiнен cоң бiрiн маршруттың бастапқы жəне соңғы түймесiн басқан 
кезде жүзеге асады, содан кейiн жүрiстi жəне қарауыл бұрмалар автоматты түрде 
ауысады, ал содан соң бағдаршам ашылады. БМРО жүйесiнде маршрутты ажыратудың 
арнайы əдiсi қолданылады, онда секциялар жылжымалы құрам аяғынан босатылуына 
байланысты бiртiндеп ажыратылады. Ажыратудың мұндай əдiсi секция бойынша деп 
аталады жəне бекеттiң алқымдарының өткiзу қабiлеттiлiгiн жəне де олардың маневрлiгiн 
арттырады. 
Сондықтан да БМРО-ны жобалау бойынша теориялық бiлiм алу жəне оның 
тəжiрибелiк əдiстерiн меңгеру маманның темiржол автоматикасы жəне телемеханикасы 
саласында қалыптасуы үшiн аса қажет болып табылады. 


4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет