Өмір өнегесі ұдайы оңды болса,
тіпті жақсы, бірақ олай бола
бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар
назарын өмір, адам
келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз
қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару –міндетті
шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні
жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн.
Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне,
оның қылық-
əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына,
іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның
сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді
қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің
беделіне, ол бастаған
істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.
Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену
тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік
əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру,
көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің
тиімділігі олардың қалай
қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді.
Достарыңызбен бөлісу: