Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет27/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   87
Байланысты:
реферат

Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыс-
тары (зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар, үй 
эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда
білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен 
белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу 
жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, 
электрлік тізбектерді оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл 
жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерлік-
терінің негізгі көз болып табылады.
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде 
оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру 
негізінде оқыту үдерісінің этаптары, оқушылардың танымдылық 
іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің 
логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер 
бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. 
Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.
Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің 
оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық 
іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты. 
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал 
жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің 
мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты 
сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік 
амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау. 
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі 
педагогика курсында түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбі-
несе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолда-
нылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция 
түрінде өткізіледі. 
Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушы-
лардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, 
түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп 
жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы. 
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы: 
1) физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон зандары) түсін-
діріледі; 


72 
2) физикалық құбылыстардың (диффузия, электромагниітік 
индукция) мәні ашылып, көрсетіледі; 
3) физикалық ұғымдар (үдеу, қуат, ішкі энергия) қалып-
тастырылады; 
4) оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі (қозғалыс 
мөлшерінің, энергияның сақталу заңдары); 
5) оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары 
тексеріледі (Архимед күші, динамометрмен өлшеу). 
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар 
тыңдайды, оқу жадыхатын меңгеру процесіне өздері де қатына-
сады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, 
мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары 
болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға 
мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың 
практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті 
жағдай туғызбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет