Джумашева А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет58/87
Дата07.11.2022
өлшемі1,4 Mb.
#48160
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87
Байланысты:
реферат

IB
M


132 
- өлшеу құралдарын қолдануға үйретіп, өлшеу дәлдігі 
ұғымын қалыптастыру; 
- оқушыларды экспериментальдық алған білімдері негізінде 
экспериментік зерттеудің зерттеу мақсатына сәйкестігі туралы 
қорытынды жасауға үйрету; 
- техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер 
туралы түсінік беру; 
- еңбек ету қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оларды 
орындауға үйрету; 
Оқушылар тәжірибелік (демонстрациялық, зертханалық) 
зерттеулер жүргізу арқылы экспериментті жоспарлау, нәтижесін 
кесте, график, диаграмма түрінде көрсету сияқты эксперимент-
тальдық біліктерді меңгереді. 
Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Тео-
риялық бөлімінде экспериментальдық физикалық зерттеулердің 
әдістері мен принциптері туралы қажетті білімдер, құралдардың 
құрылысының негізінде жатқан физикалық принциптер туралы 
мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімі фронтальдық зертха-
налық, практикумдық жұмыстардан және экскурсиядан тұрады.
Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолда-
нылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп 
шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық 
практикум, экскурсиялар. 
Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: 
Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. 
Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар 
және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендіру-
лермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен 
сүйемелденеді. 
Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, 
оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-
ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар 
міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда 
талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және 
қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып 
бойынша оқушылар шағын хабарлама жасап, соның маңайында 
пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар 
әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының 
жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға 


133 
әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз 
ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа 
қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни 
тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау 
барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер 
көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. 
Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі -
физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан 
бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары 
түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып 
бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың 
негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. 
Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы 
күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді 
берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен 
жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай 
жасалынады.
Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фрон-
тальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум 
сияқты формаларын қарастырады.
Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды 
тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді 
қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі 
өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу 
жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі.
Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практи-
кум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, 
оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға 
үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс 
әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға 
байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге 
болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын 
тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз 
қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен 
айналысуға мүмкіндік беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет