А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет135/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

«Данышпан Алектің ажалы». Бұл аударманың атауы 1989, 1991 
жж. жинақта «Данышпан Аликтің ажалы» деп берілген. Бұл өлең 
А.С.Пушкиннің «Львов жылнамасындағы» жылнамалық әңгіме не-
гізінде жазылған. 1825 жылы жарияланған «Песнь о Вещем Олеге» 
атты шығармасының аудармасы.
Түпнұсқадағы: «Царград – Станбул қаласының бұрынғы аты. 
Сауыт Царград – сонан шыққан сауыт». «Перун – дінсіздер табы-
натын пұт» деген А.Байтұрсынұлының берген түсініктері 1989 ж. 
жинақта: «Царград – қаланың аты. Сауыт – сонан шыққан сауыт. 
2. Перун – дінсіздер табынатын пұт» болып, ал «Ақ жолда»: «Пұт, 
дінсіздер табынатын» деп, «перун» сөзіне ғана түсінік берілген. 
Осы өлеңдегі: «Қалқаның қақ басында Царградтың» деген тармақ 
1989, 1991 ж.ж. жинақта «Қалқанныңқақ басында Царград-
ты» десе, ал «Күңіркеп дұшпандарың көре алмайды» деген тармақ 
«Күңкілдеп, дұшпандарың көре алмайды» деп, «Әйтсе де, ой мен 
жүзі торғылданар» деген «Әйтсе де ой мен жүзі тарғылданар» деп 
өзгеріске түскен. Өзгертілген өлең жолдары түпнұсқадағы қалпына 
2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ негізге алынды.
«Балықшы мен балық». А.С.Пушкиннің 1833 жылы жазылған 
«Сказка о рыбаке и рыбке» поэмасының аудармасы.
Түпнұсқадағы: «Деп ұрысты: «Миы ашыған, қу, көк сақал» де-
ген тармақ 1989, 1991 жж. жинақта «Алжыған, миы ашыған, қу 
көк сақал» деп өзгертілсе, осы туындыдағы: «Зумрет, березелі бар 
білезік» деген тармақтағы «зумрет»«зумруд» деп, «Жеткен жоқ 
жаным әлі ризалыққа» дегендегі «ризалыққа» – «ырзалыққа» деп 
өзгеріске түскен.
Ал түпнұсқада берілген 3 шумақ 1989 ж. жинақта бар, «Ақ жолға» 
енбей қалған:


363
«...Шал айтты:  «Құтырдың ба? Түзу ме есің?
Болмасын астамшылық, мұның кесір!
Білмейсің іс ретін, сөз мәнісін,
Жұрт күлер: «Қор болған,  деп,  бақыт, есіл!»
Бұл сөзге кемпір қатты ашуланып,
Жіберді шалды жаққа салып-салып.
Қалайша маған қарсы сөз айтасың?
Сен мұжық, мен ақ сүйек, қой  деп, танып!
Сөз айтар шалда хал жоқ, жөнеледі,
Қарайып теңіз беті, түнереді:
Шақырған шал даусына балық келіп,
«Ақсақал, не айтасың? Сөйле!» деді».
Бұл шумақтар және өзгеріске түскен сөздер түпнұсқадағы қалпына 
2003 жылы түзетілген, осы жинақ негізге алынды.
«Алтын әтеш». А.С.Пушкиннің 1834 жылы жазылған «Сказка о 
золотом петушке» атты өлеңінің аудармасы.
Түпнұсқадағы:«Арқадан да, Құбыладан» деген өлең жолы «Ақ 
жолда» «Сырттан десе, Құбыладан» деп, «Қыз: «Хи-хи-хи! Ха-ха-
ха!» деген тармақтан кейінгі «Қорықпайды екен обалдан. Күлген 
болды һәм Дадан» деген тармақтар «Дейді: «Батыр хан Дадан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет