А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет148/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Тармақ ұйқастығы. Түпнұсқа мен 1991 ж. жинақта көрсетілген 
ұйқас түрлерінің мына реті «1-ші, 2-ші, 4-ші тармағы», 1989 ж. басы-
лымда «бірінші, екінші, төртінші тармағы» болып, сөзбен берілген. 
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі
Түпнұсқаның осы тарауында кездесетін «...қара сөз деп, 
көрнекі лебізді сөздерді дарынды сөз деп атау қолайлырақ. Әдетке 
қарамай...» деген сөйлем 1989 ж. жинақта дұрыс ретін тапқан 
да, ал 1991 ж. жинақта«...дарынды сөз деп атау қолайлырақ 
әдетке қарамай...» болып, қос сөйлем бірігіп, өзгеріске ұшыраған. 
Түпнұсқада: «Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына 
жағының күштілігімен жағады» деген сөйлемдегі «көркемдігімен» 
сөзі 1991 жылғы жинақта: «...келістілігімен, мағына...» деп өзгеріске 
ұшыраған және «сөз» деген сөзі сөйлемге кіріспеген. 1989 жылғы ба-
сылымда түпнұсқаға сай берілген. 
Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы:«...салынып, сүгіреті толық 
меңзеуі мерген, қисыны қызық болсын, сөз әсерінің күшімен көңілге 
ұнауы көбірек көзделеді»деген сөйлем 1991 жылғы жинақта:«...са-
лынып, сөз әсерінің күшімен көңілге ұнауы көбірек көзделеді» деп 
қысқартылған. 
Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы«...алынып сөз қалады: 
қатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға...» деген 
сөйлемнің «қатта» сөзі 1989 жылғы басылымда «хатта» болып 
берілген. «...дарынды сөздің арасындағы парық жұмсалатын ор-
нына, қызметіне...» деген сөйлемдегі «парық» сөзі түпнұсқа мен 
1989 жылғы басылымда бірдей жазылса, 1991 жылғы басылымда 
«даралық» болып өзгерген. 


377
Қара сөз. Түпнұсқада: «...белгілі бір қарарға келгенде адамға бір 
үлкен ұғым пайда болады»деген сөйлемдегі «адамға» сөзі «Ақ жол-
да» «...адамда...» деп берілсе, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа бойын-
ша берілген. 2003 жылғы жинақта өзгеріс түпнұсқаға сай түзетілген. 
Біз де осы нұсқаны негізге алдық. 
Әуезе түрлері. Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы: «Біреу-
лер өткенді сөз қылғанда, уақыт сарынымен айтады. Екіншілері уақыт 
сарынымен айтады да, үшіншілері біреуден біреуді туғызып...» деген 
сөйлем 1991 жылғы жинақта «... айтады, екіншілері біреуден біреуді 
туғызып ...» деп қысқартылған. 
Осы тарауда түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымда кездесетін«...
байласылмай, көбінесе...» деген тіркес 1991 жылғы жинақта «...бай-
ланыстырылмай, көбінесе...» деп өзгерген. 
тарих. Түпнұсқада «Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе 
табына жатқанмен, айғақты әуезе болады»деген сөйлемдегі 
«айғақты» сөзі 1991 жылғы жинақта «...айғақшы...» болып берілген. 
1989 жылғы басылымда түпнұсқа қалпы сақталған. 
Шешен сөз. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «...шығармалардың 
бөлекей бір түрі емес...» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «...шығарма- 
ларының бөлектей бір сөзі емес...» болып өзгерген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет