орындарын жатқызуға болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы
үңгірлер, Алатау таулары, Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш.
Сондай-ақ Қазақ хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран,
Сарайшық, Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған
кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс болғаннан
кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан кейін оны қыздың
кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене тұрғызып, оны Бабаджа
хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын мұсылмандар үшін керемет
ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап
келеді.АЛАША ХАННЫҢ КЕСЕНЕСІ Бұл мазарды ұсталар ХІ-ХІІ ғасырларда Алаша ханға арнап
тұрғызыпты-мыс. Оның есімі қазақ халқының үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты.
Қазақстандағы ең атақты мазарларының бірі Қаракеңгір өзенінің сағасында, Қарағанды облысының
Ұлытау ауданында, Малшыбай ауылының жақын маңында орналасқан.ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ. Моңғол
дәуіріне жатқызылатын Жошы хан кесенесі ХІІ-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған. Бұл сол дәуірді
сипаттайтын ең құнды әрі танымал ескерткіштердің бірі. Кесене Қарағанды облысы Ұлытау
ауданында орналасқан. Тұрған жері Жезқазған қаласынан солтүстк-шығысқа қарай 50 шақырымда.
Қаракеңгір өзенінің сағасында, оң жағалауынан 2 шақырым жерде.
Достарыңызбен бөлісу: