Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет16/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138
Байланысты:
1579517626428-1

Германия. Инклюзивті білім беру тұжырымдамасын іске асыру 
балалардың жеке айырмашылықтарына қарамастан, бірақ ондайларды ескере 
отырып, бірлесіп оқытуды көздейді. Инклюзивті мектеп – бұл барлығына 
арналған мектеп. Бұл идея елеулі өзгерістерді талап етеді: оқу бағдарламаларын 


45 
өзгерту, жаңа технологияларды іздестіру, педагогтарды тиісті дайындауды 
ұйымдастыру [28]. Ата-аналар өз баласын тәрбиелеу мен оқыту ісінде 
сарапшылар ретінде қарастырылады. Білім берудің бір деңгейінен екіншісіне 
(«балабақша - бастауыш мектеп», «мектеп – балалар мамандыққа оқитын 
мекеме») баланы ауыстыруды ұйымдастыруға және қолдауға ерекше назар 
аударылады. Қазіргі уақытта педагогтарды даярлау және қайта даярлау 
мәселесі шешілуде, бірақ ерте көмек беру жүйесін әзірлеу маңызды проблема 
болып қалуда.
Германия федералды ел болғандықтан, оның мектептегі білім беру 
жүйесін оның құрамына кіретін 16 тәуелсіз жер құрайды. 2008 жылы Германия 
қол қойған Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары 
туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес федералдық жерлер инклюзивті мектептік 
білім беру бағдарламасын іске асыруға міндетті. Әрбір екі жылда Адам 
құқықтары жөніндегі институт (Берлин) федералды жерлердегі білім беру 
ортасындағы инклюзивті білім беру және педагогика бағдарламасының іске 
асыру жағдайын және оны білім беру жүйесіне маңызды құрамдас бөлігі 
ретінде оны кіргізуді тексереді 
Ұлыбритания. Ұлыбритания мектептерінде мүгедектігі бар балаларға 
білім алудың үш түрлі тәсілі бар: «мектеп қызметі», «мектеп қызметі плюс» 
және «акт». «Мектеп қызметі» балаға оқу жоспарын өзгерту тұрғысында 
көмекке мұқтаж екенін білдіреді. «Мектеп қызметі плюс» балаға қажетті 
қолдауды қамтамасыз ету үшін маманның және кәсіпқойлардың араласуын 
талап етеді. Бұл жағдайда сынып жетекшісі және SEN (SENCO) үйлестірушісі 
педагог-психологтан немесе тілдік терапевттен кәсіби кеңестер мен 
нұсқауларды алады. 
Егер формальды бағалау орын алса, балаға арнайы білім беру 
қажеттіліктері туралы акт, яғни, баланың қажеттіліктерін және оған көрсету 
қажет ерекше көмекті көрсететін құжат беріледі. 2014 жылы Англия 
мектептеріндегі білім алушылардың саны 2,8% (232 190 баланы) құрады [ 23].
Инклюзивті білім беру жүргізілген саясаттың арқасында алға басуда және 
соның салдары ретінде, Ұлыбританиядағы заңнамалық өзгерістер, атап 
айтқанда, SEND (Білім беру қажеттіліктері мен мүгедектік жүйесіне — Special 
educational needs and Disability) өзгерістер енгізген 2014 жылғы «Балалар мен 
отбасылар туралы» заңға байланысты.
Бұл реформалар серіктестік тұрғысынан және шешімдерді қабылдау 
үдерісінің перспективасы тұрғысынан өте маңызды, себебі ата-аналар, сондай-
ақ мүгедек балалар мен жастардың естілу құқығы бар.
«Балалар мен отбасылар туралы» Заңның 19-бабына сәйкес балалар мен 
жастардың өздеріне қатысты шешімдерге толық қатысуға мүмкіндігі болуы 
тиіс. EHC жоспарларының басты артықшылығы олар ДМШ балалардың 
қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру бойынша көптеген кәсіби 
мамандардың ынтымақтастығы мен бірлесіп жұмыс істеуін қажетті шарт 
болуында. Бұдан басқа, әрбір балаға ЕНС жоспарына сәйкес оның 


46 
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке бюджет бөлінеді және білім беру 
таңдауына қатысты балалардың қалауы ескеріледі. 
Франция. Инклюзивті оқыту екі нысан түрінде ұсынылған: 1) ЕБҚ ететін 
балалар арнайы емес мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым сыныпта оқиды 
(бұл «мектеп инклюзиясы» сыныбы); 2) ЕБҚ ететін балалар мүгедек балаларға 
арналған арнайы сыныптарда оқиды, бірақ арнайы мұғалімнің жетекшілігімен 
(«педагогикалық кіріктіру сыныбы») [23]. Мектептегі инклюзия сыныбы сабақ 
күнінде ЕБҚ ететін баланың арнаулы педагогпен жеке немесе топтық жұмыс 
жүргізу үшін қажетті уақытында шығып кетуге болатын ашық сынып. Арнайы 
педагогтар, әдетте, ресурстық орталықтарда жұмыс жүргізеді және де кестеге 
сәйкес балаларға және мұғалімдерге қажетті көмек көрсете отырып, орталыққа 
бекітілген барлық оқушыларды қамтиды. Инклюзия уақыты балаға «мектептік 
инклюзия сыныбынан» толық жеке инклюзияға ауысуға мүмкіндік бере 
отырып, біртіндеп ұзарады. Франция педагогтары аталған инклюзия нысаны 
көру және қимыл-тірек аппаратында бұзушылықтары бар балалар үшін өте 
тиімді деп санайды. Алайда есту және ойлау қабілеті нашар балалар үшін 
тиімсіз. Мұндай балалар үшін педагогикалық кіріктіру сыныптары ашылады, 
олар қостау және бақылау үшін ортаңғы және ересек сыныптардың 
оқушыларын біріктіретін ашық жүйе болып табылады. Әрбір мүгедек оқушы 
үшін мектеп үдерісі жағдайларын, және сонымен қатар педагогикалық, 
психологиялық, әлеуметтік, медициналық іс-шараларды анықтайтын
мектептегі оқытудың жеке жоспары жасақталады. Франциядағы инклюзивті 
білім беруді іске асырудың негізгі мәселелері кадрлармен жеткіліксіз 
қамтамасыз етілетін инклюзивті тәжірибелерді әдістемелік қостауды әзірлеу 
болып табылады.
Италия. ЕБҚ ететін немесе қажет етпейтін балаларға сабақ беретін 
мектептегі инклюзивті процестердің негізгі координаторлары – арнайы 
мұғалімдер – көмекшілер басқа мұғалімдермен сабақ беру және оқыту 
мәселелері бойынша жауапкершілікті бөліседі, ЕБҚ ететін мектеп 
оқушыларының оқудағы жетістіктерін жоспарлау және бағалау процесіне 
қатысады. Арнайы мұғалім – көмекші болу үшін, жоғарғы оқу орнында оқудан 
және машықтанудан өтуден (көлемі 300 сағаттан кем емес/12 кредит) басқа, 
арнайы біліктілікке (60 кредиттен кем емес) ие болу үшін екі жылдық арнайы 
курстан өту талап етіледі. Сонымен қатар, қосымша адами ресурстар тартылады 

оқытуды қолдау бойынша ассистент, көмекші персонал/ бейімделгіш педагог 
(жеке гигиена және алып жүруге көмек көрсету үшін) [29].
Италияда ЕБҚ ететін балаларға қосымша оқу-материалдық ресурстар 
ұсынылады – техникалық құралдар (мысалы, Брайль жазу машинкасы) және 
қызметтер (мысалы, мектепке тегін жеткізу және білім беру мен медициналық 
орталықтарға тегін жеткізу); мақсатқа сәйкес реттеу және бейімдеу (мысалы, 
емтихан кезінде қосымша уақыт, сурдоаудармашылар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет