115
алатындарын түсінеді»; «Білім алушылардың пікірі оқу-тәрбие және
әлеуметтік-мәдени жұмысты ұйымдастыру кезінде зерделенеді және ескеріледі
және мектептегі әлеуметтік-мәдени жағдайдың өзгеруіне әсер етеді».
Сұрақтардың
төртінші блогы (18-23) баланың мүмкіндіктерін шектеу
балаларды қоғамдық маңызы бар тәрбие қызметіне қосу үшін кедергі бола ма
және білім алушылардың қабілеттері қалай бағаланатынын түсінуге
көмектеседі: «Мектеп қоғамдастығында шығу тегіне, үлгеріміне немесе ерекше
білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, жақын жерде тұратын барлық
балаларды мектепке қабылдау саясаты байқалады»; «Қызметкерлер білім
алушының қабілетін ағымдағы жетістіктер мен сәтсіздіктерге қарамай, кешенді
бағалайды».
Сұрақ-пікірлердің
бесінші блогы (
24-34) білім беру ұйымы
қызметкерлерінің инклюзивтік мәдениет негіздерін түсінуіне бағытталған:
«Қызметкерлерде білім беру ортасы білім алушылар мен мектеп қызметкерлері
арасындағы қарым-қатынасты, үй-жайлардың қолжетімділігін, мектеп
мәдениеті мен саясатын, оқу жоспарларын, жұмыс бағдарламалары мен оқыту
әдістемелерін қамтиды деген түсінік бар», «Қызметкерлер білім алушылардың
ерекше білім алу қажеттіліктерінің нәтижесінде туындаған кедергілерді
қосымша психологиялық күшейтуден алыс».
Сұрақ-пікірлердің
алтыншы блогы (35-40) инклюзивтік мәдениетті түсіну
контекстінде мұғалімнің инклюзивтік қызметке жеке дайындығын зерттеуге
көмектеседі. «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке қарым-
қатынас (жұмыс) тәжірибем бар»; «Дамуында ауытқулары жоқ балалармен бір
сыныпта оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қолдан келгенше
көмек көрсетуге дайынмын»; «Инклюзивті
оқытудың жақтаушысы болып
табыламын, басқа білім алушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді инклюзивтік
мәдениетке тартуға барынша жәрдемдесетін боламын».
Респондент жинаған баллдардың санын инклюзивтік мәдениеттің
қалыптасуының біз ұсынатын деңгейлерінің бірімен салыстыруды ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: