Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет37/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71

Ертеңге Елбасымен

«Ер – ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. 

Бейбіт  күнде  дүйім  халықтың  ішер  ас,  киер  киімін  қамдау  сияқты 

материалдық  сұраныстарынан  бастап,  олардың  тамырын  тереңге 

тартар  рухани  қажеттіліктерін  де  орнына  келтіре  білген,  ал  қиын-

қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын 

бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта 

қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана 

жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен 

ғой.  Ақтығында  біздің  батырларымыздың  көзінің  тірісінде,  қайта 

құру  дәуірінің  бізге  берген  бақыты  –  азаттық,  еркіндік,  егемендік 

тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол – 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Н.Ә.Назарбаевтың біз үшін, қазақ үшін қадірі осынау бір кездегі 

құдіретті  мемлекет,  қазіргі  тілмен  айтқанда  империя  ыдырай 

сөгіліп,  «балапан  басына,  тұрымтай  тұсына»  болған  берекесіз  де 

иесіз  жағдайда,  «ау,  ел  басқарар  кім  бар?»  дегенде  суырып  шыққан 

даралығы. «Е, ел, бұл халық әлі иесіз емесекен» дегізгендігі.

Қазақстан,  оның  тұңғыш  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  жаңа 

мыңжылдықтың  табалдырығында  өткеннің  есесі,  бүгіннің  есендігі 

үшін қазіргінің де, таяу және алыс келешектің де тағдыры тебіреніп, 

түн ұйқысын төрт бөлгені әмбеге аян. Аланның жағасынан алған азуы 

алты қарыс державаның шаңырағы ортасына түсіп, мәңгілік делінген 

идеялардың астан-кестеңі шыққанда, қоғамдық сананың безбенінде 

үміттер  мен  күдіктер  кезек  теңселді.  Дәл  осы  тұста,  қазақ  есімді 

халыққа сын сағаты туғанда – ұлттық даналық пен қаһармандықтың 

асқақ  рухы  сол  халықтың  тағдырына  жауапты  азаматының  ерік 

жігерінде қайта жаңғырықты. Тұңғыш Президент болу қашанда қиын. 

Істің бәрін жаңадан бастауына тура келеді. Бұл дегеніңіз мемлекетті 

қайыра  құру  деген  сөз.  Елбасының  сол  кездегі  ой-тұжырымдарына 

үңілсек, ата жұрты үшін қабырғасы қайысқан, туған жері үшін жанын 

шүберекке түйген ұлдың жүрек лүпіліне тебіренесіз... 

Саясаткерлік, 

менеджерлік, 

ұстаздық, 

дипломатиялық, 

психологиялық  әзірліктер  керек.  Саяси  басшыға  ойшылдық, 

мәселенің шешуші түйінін дөп басу, күнделікті өмір көріністерінен ой 



380

Казахстан, армия, патриотизм

қорыта  білу,  өзіндік  шешім  қабылдауға  батылдық,  оқиғаның  алдын 

ала білетін көрегендік, әлеуметтік талдауға бейімділік қасиеттері ке-

рек. Жеке мамандық иелерінде кездесе бермейтін бұл қасиеттерді Ел-

басы бойынан көреміз. Қоғамды басқару жөнінде көне дүниеден бері 

айтылып келеді. Ежелгі грек ойшылы Аристотель қоғамды философ 

басқаруы  керек  деді.  Француз  О.Бальзак  болса,  ақын-жазушыларға 

артықшылық  берді.  Суреткерлерсіз  бірде-бір  король,  бірде-бір  пат-

ша тарихта қалмас едідеді. Яғни, қоғамның шешуші тұлғасы – ақын-

жазушылар  деп  түсінді.  Марксистер  болса,  тарихтың  тегершігі, 

тұтқасы, қозғаушы күші- халық деді. Ал Францияның королі Людовик 

ХVI-ші  болса:  «мемлекет  дегеніміз  мен»,  -  деді.  Орыс  социал-демо-

краты Плеханов тарихта жеке тұлғаның беделі де көп рөл атқарады 

деді. ХХ ғасырда коммунистер: мемлекет-біз деді. Қытай көсемі Мао: 

«халық – тобыр»,-деді. Гитлер: «әлемді таза, ақсүйек ұлт-арийліктер 

басқаруы  керек»,-  деді.  Гогольдің  бір  геройы  патшалық  Ресейде 

сословиелік  артықшылық,  дворяндар  тұқымы  –  қоғамның  тұтқасы 

деді.  А.С.Пушкиннің  Дубровскийі:  «государь  справедлив,  я  буду  про-

сить его. Он нас не обидит. Мы все его дети»,-деді. 

Н.Ә.Назарбаев  туа  ойшыл,  туа  күрескер,  туа  еңбекшіл,  туа 

бейнетқор,  туа  өршіл,  туа  көсем  болған  жоқ.  Елбасы  жетістігі  – 

уақыттың, тарихи үдерістің жемісі. Ғасыр бойы өмір сүріп, ғасыр бойы 

үйренуден жалықпаудың нәтижесі. Қазақстанның атақ- даңқын паш 

еткен,  ТМД-ның,  Еуропаның  көптеген  елдерін  басып  озып,  Шығыс 

Азияның  көптеген  азуын  айға  білеген  мемлекеттеріне  теңескен 

Қазақстан  десек,  Елбасы  –  ұлт  көшбасшысы  қатар  тұратыны  сөзсіз. 

Кім не айтса да, қалай айтса да бәрібір, домна пешінің ып-ыстық оты-

на қақталып, мәңгілік шыңдалған, қазақтың ардақты ұлдарының бірі 

атанған  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  идеясын  енді  ешкім  де, 

ештеңе де тоқтата алмайды. Оның есімін ешкім де тарихтан сызып та-

стай алмайды. Нұрсұлтан Назарбаев – Абылайхан да, Әбілқайыр хан 

да, Вашингтон да, Кемал Ататүрік те, Фидель Кастро да, Рузвельт те, 

Махатма Ганди де, День Сяопин де емес. Ол- дара тұлға. Тарихи тұлға. 

Ешкімді  қайталамайтын,  қайталанбайтын  Президент.  ХХІ  ғасырдың 

жаһандық аламанына ат қосқан жампоз елдің еңсесі биік, мерейі үстем 

болғай! Ал, Айбыны асқақ, Тұғыры биік. Тәуелсіз Қазақстанымыздың 

елі аман болсын, елі үшін туған ері аман болсын!


381

Сочинения школьников Карагандинской области

Нұрлыбаева Ақбота

8 сынып, №10 орта мектебі

 Жетекшісі: Қазангапова В.О.

Патриоттық тәрбие – отаншылдық кепілі

 

«Әрбір  адам  біздің  мемлекетімізге,  соның  бай  да  даңқты  тари-



хына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне 

алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері 

де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір 

адам  бала  кезінен  Қазақстан  –  менің  Отаным,  мен  үшін  жауапты 

екені  сияқты  мен  де  ол  үшін  жауаптымын  деген  қарапайым  ойды 

бойына  сіңіріп  өсетіндей  істегені  жөн»,-деп  Нұрсұлтан  Назарбаев 

қазіргі жас ұрпаққа ең бастысы патриоттық тәрбие беру деп ұғынған. 

Біз  өзіміздің  бойымызға  отаншылдық  сезімі  мен  өз  елімізге  деген 

сүйіспеншілікті  дамытуға  тиіспіз.  Себебі,  Қазақстанның  болашағы 

–  қазіргі  жас  ұрпақ,  яғни  біз.Мемлекеттік  жүйенің  тұрақтылығы 

мен  өмірге  қабілеттілігін,  ұдайы  өндірісін  нығайтуда  патриотизм 

маңызды рөл атқарады. Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, қоғам да-

муы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған 

және солай болып қала бермек. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси 

бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе керісінше қоғамның ыдыра-

уы мен бөлінуіне әкеліп соғады. Патриоттық сезім өз елінің тарихын, 

салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын  білуден,  мемлекеттік  рәміздерді  білуден 

және оны бағалаудан басталады.

Өз  тарихын  білу  –  ұлттық  сана-сезімнің  ажырамас  бөлігі,  ол 

этникалық  тұтастықтың  сақталуы  мен  оның  келесі  буындардағы 

ұдайы  дамуына  септеседі.  Жеке  тұлғаның  өз  халқымен  бірлігін 

сезінушілігі оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры да, 

олардық нақты сақтаушысы, әрі жалғастырушылығын діттейді.

Патриотизм – отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-

әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-

ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне, бауырбасушылықты білдіреді.

Сәбидің  бойында  ең  алдымен  анасына,  өз  отбасына,  өз  үйіне, 

туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сай-

ын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін 

бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. 

Патриоттық  тәрбие,  ұлттық  намыс,  ұлттық  сана-сезім  рухани 

байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, 



382

Казахстан, армия, патриотизм

тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз 

үшін,  дін  -  адам  болуымыз  үшін,  салт-дәстүр  –  ұлт  болуымыз  үшін 

қажет.


Патриотизмнің  бір  көрінісі  мемлекеттік  рәміздерге  құрметтен 

басталады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу тек заңмен міндеттеуді 

ғана  қажет  ететін  мәселе  емес.  Ол  ең  алдымен  отансүйгіштіктің, 

мемлекетшілдіктің  айнымас  қағидасы  болуы  керек.  Мемлекеттік 

нышандардың көмегімен азаматтар бойына еліне деген мақтаныш пен 

патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді. Сондықтан бой-

ына патриотизмді дамыту үшін ең алдымен мемлекеттік рәміздерді 

бағалап,  құрметтеу  керек.Сонымен  қатар  жер-анамызды  қастерлеп, 

туған жер қадірін бойымызға, санамызға сіңіру патриотизмнің бірден-

бір көрінісі.

Патриотизм  ортақ  мақсаттар  мен  мүдделерге  жетуде  бірінші 

дәрежелі,  басым  маңызға,  мақсатты  сипатқа  ие  болады.  Шынайы 

патриотизмді жаңғырту – Қазақстанды жаңғыртудағы жасалған қадам. 

Патриотизм  халықтың  рухани  игілігі,  қоғамдық  сана  мен  қоғамдық 

және  мемлекеттік  жүйелер  тұғырының  негізгі  элементтерінің  бірі 

болып  табылады.  Олардың  тіршілік  әрекеті  мен  тиімді  қызметінің 

рухани-өнегелік негізін құрайды.

Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық 

сана  түрінде  қалыптасады.  Сондай-ақ  жеке  адам  өз  ұлтының 

қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Патриоттық сезім әрбір азаматтың 

сана-түкпірінен  мықтап  орын  алу  керек.  Себебі,  Қазақстанның  үміт 

артқан болашағы – біз.Сондықтан біз артқан үмітті ақтауымыз керек.

Қазақстанның келешегі – біз патриот балалар қолында!

Омар Альмира

11 сынып, № 3 ЖББОМ

Жетекшісі: Акмолдина М.С.

Сарыарқаның інжу-маржаны – Жезқазған қаласы

Жезқазған  қаласы  –  Қарағанды  облысының  ірі  шаһарларының 

бірі. Қаланың іргесі 1954 жылы қаланды. Кеңгір өзені жағасындағы 

Кеңгір  ауылының  орнында  тұрғызылды.  Үш  мыңнан  астам  ғана 

халқы  болған.  Кейін  Кеңгір  су  қоймасына  жақын  маңнан  үлкен 

қаланың  құрылысы  жүре  бастайды.  Белгілі  өлкетанушы  С.  Бүкіров: 



383

Сочинения школьников Карагандинской области

«...Жезқазғанның арғы аты – Ақжал. Кенді үңгірдің бірін қазғанда са-

мородок сары мыс, жез көптеп табылыпты. Содан жергілікті халық өз 

тіліне аударып, «Жезқазған» атаса керек», – дейді.

Жезқазған қаласы орналасқан даланың тарихы біздің жыл сана-

уымыздан арғы заманға тамыр тартып жатыр. Жезқазған – көненің 

бүгінгі  жалғасы.  Себебі  Ұлытауда  аты  аңызға  айналған  Абылай 

хан  таққа  отырып,  бейтарап  өмір  кешкен  қазақ  халқының  үш  жүзі 

бірігіп,  халқымыздың  мақтанашы,  белгілі  академик  Төрегельды 

Шармановтың кіндік тұсы, жүректерінен жыр төккен Болман, Тайжан 

ақындар, шындықты жырлаған Шынболат Ділдебаев, «Айтыстың жа-

нашыры» атанған Жүрсін Ерманов, поэзияның бір тұяғы Сәкен Сейфул-

лин, өнерлерімен тәнті қылған Нұржан мен Қайрат ағаларымыздың 

кіндік қаны тамған жер.

Жезқазған  өлкесі  тағдырдан  сағы  сынбаған,  өнердің  талай 

наркескендерін  шыңдаған.  Ұлттық  өнерді  дәріптеген,  күй  құдіретін 

Америка мен Ресейге танытқан, кәрісі-жасы демдерін алмай тыңдатқан 

– Қыдырәлі Болманов, ...алтын қалам, кең далам, Жазғаннан айналам 

деп әндеткен Жақсыкелді Сейіловті, талай ұрпақты, күйлерін күңірете 

шерткен  күйшілерді,  ақын-жазушыларды  өсірген  топырақ.  Халыққа 

сыйлы  болып  ел  мақтаса,  оның  бәрі  осы  топырақтың,осы  елдің 

тәрбиесі деп есептеймін.

Жезқазғанның  жерасты  байлығын  ашқан,  Жезқазған  тау-кен 

металлургия  комбинаты  Қазақстан  ғылым  академиясының  тұңғыш 

академигі, кенші, геолог Қ.И.Сәтпаевтың перзенті деп атауға болады.

Жезқазған-Байқоңыр  атаулары  –  егіз  ұғым.  Жезқазған  – 

ғарышқа жол тартқан ғажайып қала! Мыс шаһарында-ғарыш мекенін 

бағындырған  талай-  талай  ғарышкерлердің  ізі  қалған.  Қаламыздың 

басты  көшелерінің  бірі  –  «Ғарышкерлер»  бульвары  тарихтың  куәсі. 

Бұл  жерде  ғарышкелердің  қолымен  отырғызылған  жасыл  емендері, 

көшеттері әлі күнге сақтаулы. 

Жезқазған  –  заман  жаңалықтарымен  жарысып  келе  жатқан 

жасампаз  қала.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  мыс  шаһарына  бірнеше 

рет  ресми  сапармен  келуі,  қаланың  нарық  жағдайында  дамуына, 

өркендеуіне  айырықша  назар  аударып  отыруы  ел  экономикасы  мен 

саяси өміріндегі Жезқазғанның тарихи орнын айшықтай түсті. Шағын 

қалаларды дамыту бағдарламасы аясында қаламыздың «денесіне қан 

жүгіріп», «Бейнеу» теміржол торабы салынып жатыр.

Жезқазған – әлемге аты танымал болған өндірісті қала. Бүгінде 

«Қазақмыс»  корпорациясы  –  Қазақстандағы  барлық  экономикалық 



384

Казахстан, армия, патриотизм

реформа талаптарына және нарық заңына сәйкес келетін қазіргі за-

ман үлгісіндегі кәсіпорын. Корпорация ТМД елдері арасында ірі мыс 

өндірушілер қатарында.

«Сары мыстың» сөлін ағызған осынау қасиетті жерде табиғаттың 

ыстығы мен суығана төзіп, қаншама адамдар маңдай терлерін төгіп, 

еңбек  етуде!?  Менің  қалам  күннен-күнге  гүлденіп,  көркейіп  келеді. 

Мен  –  осы  жаңарған  өңір,  гүлденген  Жезқазған  қаласында  дүниеге 

келдім. «Әркімнің туған жері- мысыр шаһары», сол себепті атамекеннің 

орны бөлек. Неге екенін білмеймін, табиғаты қаталдау болса да, маған 

дүниенің төрт бұрышын қанша шарласаң да, осы Жезқазғаннан артық 

жер жоқ сияқты көрінетіндей.

Қаныш ата іргесін қалап, кейінгілерге аманат етіп кеткен қалада 

тұрып жатырмын. Қаламның болашағы үшін аянбай еңбек етемін, оқу 

оқып, білім аламын. Туған жерді, елді нығайту – біздің басты парызы-

мыз деп ойлаймын.



Өмірбаев Ясин 

2 сынып, № 15 орта мектебі Балхаш қаласы

Жетекшісі: Cатыбалдина Г.Х.

Көрікті де келбетті – Балқашым

Ерке толқыны жағаға ұрып, балығы тайдай тулағын, көкше көлдің 

теріскейіндегі шағын қаламыздың жетпіс жылдан астам тарихы бар. 

Осы жылдар ішінде талай тарихи оқиғаларды бастан кешкен Балқаш 

қаласы  қазіргі  таңда  барша  әлемге  сары  алтындай  мысымен  және 

орталық қазақстанның жауһары атанған – Балқаш көлімен де әйгілі.

Жер шарындағы ішкі су қоймалары бар ең көне көл деп саналады.

Қаламыздың тарихы жайлы ата-әжемнің аңыздарынан білемін.

Тарих  көшіне  ілескен  Балқаш  қаласы  Кеңес  өкіметінің 

қарқынды  бесжылдықтарының  бастауында  құрылып,  ірі  өндіріс 

орталықтарының  біріне  айналған.  Балқаш  өңірін  игеру  сонау  1928 

жылы  инженер,  геолог  И.П.Русаковтың  басшылығымен  Қоңырат 

тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен бастау алған.

Көреген  бабамыз  Қараменде  би  айтқандай  «Ойында  балығы, 

қырында киігі» ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз 

еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің даңқымен танымал.



385

Сочинения школьников Карагандинской области

Балқаш қаласы өзінің бай табиғи және минералдық қорларымен, 

өндіріс  орындарымен  ғасырлар  қойнауына  кететін  тарихи 

дәстүрлерімен  даңқты.  Бірақ  табиғаты  қатал,  сондықтан  оның 

байлықтарын  алу  үшін  табандылық  және  ерең  еңбеккерлік  қажет. 

Осының  барлығы  Балқашты  игеруді  бастаған  адамдарда  болды, 

бұл  қасиеттер  Қазақстанның  осынау  бір  ғажайып  та  қайталанбас 

қаласында тұрып және еңбек етіп жатқан адамдар да бар. Балқашқа 

еңбегі сіңген еңбек ардагерлері, Балқаш қаласының құрметті азамат-

тары әрқашан біздің сынып сағаттарымыздың қадірлі қонақтары.

Көкше  көлдің  теріскейінде  тербелген  Балқаш  қай  уақытта  бол-

масын  еңбек  бақытына  бөленген  жандар  мен  мыс  бұлағын  ағызған 

металлургтерге  күш-қуат  беріп  келеді.  Қазіргі  күнде  біз  сол  еңбек 

майталмандарымен  мақтанамыз,  шаттанамыз.  Олар  Көкше  көлдің 

толқынымен кең тыныстап, қаламызды өркениет көшінен қалдырмай 

өркендеуіне  сүбелі  үлес  қосқан  түрлі  мамандық  иелері  қаншама 

десеңші... Солардың арқасында қаламыз күн санап көркейе түскенін 

байқаймыз. 

Балқаш  –  бүгінде  ұрпақтар  ұясы  аңыздер  мекені,  Балқаштың 

даңқын  әлем  таныды.  Аталарымыз  бен  аналарымыздың  жастығы 

өткен  мекен.  Бүгінгі  ұрпақ  біздер  ырысты  өлкенің  тарихын 

қастерлеп,  ескерткіштерді  құрметтеу  парызым  деп  білемін.  Атлан-

та  олимпиадасының  жеңімпазы,  Баркер  кубогінің  иегері,  боксшы 

В.Жиров  Балқаш  қаласының  атын  әлемге  тағы  бір  қырынан  та-

нытты.  Ұшқыш-космонавт  В.Ланчаков,  күміс  көмей  опера  әншісі 

Э.Епонешникова, ҚазКСР-і еңбек сіңірген әртісі, шертпе күйдің шебері 

М.Хамзин, «КСРО Халық әртісі» К. Байсейтова және басқа өнер тарлан-

дары біздің мәңгі мақтанышымыз.

Балқаш – еңбеккер қала, достық қаласы, даңқтың қаласы. Туған 

жерім туралы кітаптарды көп оқимын, ендігі болашақтағы арманым 

сапалы  білім  мен  саналы  тәртіппен  оқуымды  аяқтап,  туған  жеріме 

қызмет етсем деп ойлаймын. Осындай көрікті қалада туғаныма мен 

қуанамын, өз өлкемнің тарихын мақтан етемін.


386

Казахстан, армия, патриотизм

Прохорченко Ева

 6 класс, гимназия имени Т. Аубакирова г. Темиртау



Моя родина Казахстан

Я живу в маленьком городе Темиртау. Он очень красивый и спо-

койный. Мои дедушки и бабушки жили здесь издавна. А еще в Темир-

тау  жил  и  работал  наш  Президент  Нурсултан  Абишевич  Назарбаев. 

Благодаря ему, наша страна стала очень процветающей, счастливой. 

Мои самые любимые города - Астана и Алматы. Эти города очень не-

обычные,  интересные.  Я  неоднократно  была  в  этих  городах.  Астана 

мне нравится за ее достопримечательности, а еще за то, что это очень 

современный, цветной город с оригинальной архитектурой. А Алматы 

я люблю за ее белоснежные горы и за то, что там зимой очень тепло. 

Но в Астане моя семья бывает чаще, чем в Алматы. Мы любим бы-

вать в Ханшатыре и смотреть на Байтерек, особенно ночью, когда он 

сияет всеми цветами радуги. В Алматы моя семья катается на лыжах и 

сноубордах. Я и мой брат устраиваем соревнования, кто быстрее спу-

стится с горы, я на лыжах или он на сноуборде. Мы спускаемся одно-

временно быстро. А еще мой папа купил снегоход. И зимой мы гоняем 

на нем в степи, один раз мы застряли, но пока мы откапывались, я уви-

дела лису, охотящуюся на беленького зайца. Это было так необычно и 

увлекательно. Я очень много путешествую по миру, мне это нравится. 

Мы семьей были в Америке, Англии, Германии( в Баден-Бадене). Там 

хорошо. Но когда я возвращаюсь домой, сразу такое ощущение облег-

чения, бодрости и радости. Ведь в гостях хорошо, а дома лучше. Я лю-

блю Казахстан за его необъятные просторы и красоту степей. 

 У Казахстана много национальных символов. Они были приняты 

в 1992 году. Мой любимый символ- это флаг Казахстана. Потому что 

я очень люблю голубой и золотые цвета, а моя любимая птица орел, 

символ свободы и высокого полета. У Казахстана обширная и интерес-

ная история и очень много национальных праздников. Мой любимый 

праздник - наурыз. Наурыз – это очень веселый праздник, мы празд-

нуем его со своей семьей. К сожалению, я не владею хорошо казахским 

языком,  но  многое  понимаю,  могу  немного  общаться  с  некоторыми 

одноклассниками. Казахский язык для меня не слишком легкий в из-

учении, но я проявляю настойчивость и терпение в овладении им. Мне 

нравится казахская музыка, в одном только кюекюйши мог описать 

все что угодно: и снежные горы, и красоту степи, и жизнь людей. Со-


387

Сочинения школьников Карагандинской области

временное музыкальное творчество Казахстана очень разнообразно, 

но  я  предпочитаю  песни  в  исполнении  таких  певцов,  как  Беркут  и 

Аиша, Бейбут. Когда мы ездили в Америку к знакомым, мы везли для 

них казахские сувениры, которым они были больше рады, чем доро-

гим подаркам. 

Мне нравится жить в Казахстане. Я считаю, что моя родина вели-

чественная, сильная, неповторимая и очень красивая.



Рымбаева Ажар

1 сынып, Ә. Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ

Жетекшісі: Сұраған А.С.

Сүйікті пәнім - Ана тілі!

Мен  алты  жасқа  толдым,  енді  мектепке  барамын,  мына 

кітаптардың барлығын оқимын деп алғашында қуанышым қойныма 

сыймай  сол  күнді  қатты  асыға  күттім.  Бірақ  та  кітаптарды  ашып 

көріп,  оның  ішіндегі  суреттерге  қайта-қайта  қарап,  анашым  мына 

кітаптардың  барлығын  оқимыз  ба?  Оңай  бола  ма?  деген  сұрақтар 

күнде мені мазалай бастады. 

... Алғашқы қоңырау, қолыма бір шоқ гүл алып мектепке әжеммен 

бірге  бардық,  бәрі  де  қызықты,  бәрі  де  көңілді  болды.  Алғашқы 

ұстазымды көрдім. Ұстаз маған, Қадамың құтты болсын! деп басым-

нан сипады. Сыныпқа келдік, қолымда әліппе кітабы. Екінші күннен 

бастап сабақ басталып кетті...

Әріптерді үйрене бастадық. Күнде жұлдызшаларды алып мәзбіз. 

Сөйтіп  жүріп  әліппемен  де  қоштасатын  уақыт  келіп  қалыпты. 

Алғашында қорыққан менің ойыма, осы уақытта әжемнің «Көз қорқақ, 

қол батыр» ертең-ақ үйреніп кетесің, деп мадақтау, мақтау сөздерін әлі 

де жиі айтады. Екі тоқсан бітіп үшінші тоқсан да басталып кетті... 

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім – анам тілі - өз тілім!

Туған тілім – далам тілі - өз тілім!

Туған тілім – адам тілі - өз тілім!-

деп  ана  тілі  оқулығының  алғашқы  парқтары  осылай  басталған. 

Алғашында кітапты қолыма алып, анашым мына кітаптың барлығын 


388

Казахстан, армия, патриотизм

оқимыз ба? Бір жылда екі кітап деп таң қалған менің ең сүйікті пәнім 

Ана тілі пәні болды. Себебі, ұстазымыз сабақты өте қызықты өткізеді. 

Оқулық  ішіндегі  өлеңдерді,  тақпақтарды  да  жылдам  жаттап  ала-

мын,  түсінбеген  сөздерімді  де  анам  мен  әжемнен  сұрап  отырамын. 

Ол  кісілерде  маған  үйретуден  жалыққан  емес.  Ана  тілі  кітабы  өте 

қызықты. Менің бос уақытымдағы хоббиім де осы ана тілі пәніне де-

ген қызығушылығымнан басталды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді 

құрметте» демекші әр елдің азаматы өз ана тілін білуі керек. «Білім 

инемен  құдық  қазғандай»,  «Білікті  бірді,  білімді  мыңды  жығады». 

Мақал-  мәтелдерді,  жұмбақ-жаңылтпаштарды,  нақыл  сөздерді  тіпті 

салт-  дәстүрлерді  арнайы  бір  дәптерге  жазып  алып  жүремін.  Себебі 

болашақта  маған  қажет  болады.  Тәуелсіз  Қазақстаннның  болашағы 

біздің қолымызда. Сондықтан да Туымыз биікте желбірей берсін!



Сагындыков Дияр

3 сынып, №76 орта мектеб Қарағанды қаласы 

Жетекшісі: Киргизалина А.С.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет