Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет46/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Қуанышова Сымбат, 

9 сынып, Ә.Махутов атындағы мектеп Төлеп селосы, 

Бейнеу ауданы 

Мекенім менің – Қазақстан

Отан...  Бұл  бір  сөз  ойыма  оралғанда  ерекше  әсерленемін. 

Білмеймін, бәлкім бұл менің махаббатым болар.

Иә,  кезінде  осы  қазақты  қазақ  қылу  үшін  ата-бабаларымыз  не 

істемеген.  Талай  тар  жол  тайғақ  кешуді  бастан  өткерді.  Отан  үшін 

қанында, жанында құрбан етті. Сонау Жәнібек пен Керей бастаған қазақ 

бұқарасы не көрмеді. Ақтабан щұбырынды, Алқакөл сұлама заманы-

нан да сүрінбеді, тек алға деді. Одан кейін Аңырақай шайқасында қазақ 

жасағы жеңіс тойын тойлады. Осылайша үш жүздің басын қосып Абы-

лай хан сайланды. 1456 жылдан басталған қазақ елінің тарихы небір 

сындардан  сүрінбей  өтті.  Бүгінге  жетті.  Қазіргі  еліміздің  болашағы 

зор. Мен еліме деген махаббатымды жеткізер болсам, ақ қағаз бен көк 

сия жетпес еді. Кіндік қаны қазақ топырағына тамып, осында өскен 

әр қазақтың өз еліне деген махаббаты шексіз болады, әрине. Еуразия 

құрлығының орта нүктесі біздің елде. Біздер Еуразияның жүрегіміз. 

Ал қазақ жастары тәуелсіздіктің төл перзенттері. Тек, АЛЛАМ, осы бір 

қуаныштан, азаттықтан айыра көрмесін. Мұқағали айтпақшы: 

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды,

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін өзі қорлайды сорлайды,

Тірі адамға сол қайғы,

–  дегендей  қазағымның  көк  туы  әрқашан  биікте  желбіреп, 

қыранымыз  көкке  самғай  берсін  деп  тілеймін.  Ел  ертеңі-жастар. 

Жастар-мемлекетіміздің тірегі, күш-қуаты, биікке самғар қанаты. Аза-

мат-абыройлы атақ. Парыз-қастерлі ұғым. Өмір-парыз бен қарыздан 

тұрады.  Осы  қарыз  бен  парызды  терең  сезінген  әрбір  жас-елінің 

үлкен үміті. Ондай жас өз отбасының қамын ойлаудан әрі асып, Отан 

қамын  ойлау  биігіне  көтеріледі.  Абай  атамыз  айтқандай  “Атаңның 

баласы болма, адамның баласы бол”. Осындай ұл қыздары көп елдің 

еңсесі биік, іргесі берік, мәртебесі жоғары болады. Әрбір адам өз елінің 

болашағы жарқын болатындығына сенеді және соған қызмет етеді.



473

Сочинения школьников Мангистауской области

Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  болды  қазақ  елі 

ұмытпақ емес. Осынау дархан дала, ашық аспан, масатыдай құлпырған 

жасыл  жайлау,  шегі  жоқ  шөлді  жерлер,  әсем  әсем  таулар,  арқырап 

аққан өзен, бәрі бәрі қазаққа берілген сый көрінеді, маған. Мұндағы 

әрбір тал, әрбір гүл ыстық сезіледі. Жүрегімде елге деген ұлы сезім ла-

улап, алаулы өрттей тулап барады. Жүректің осынау кіршіксіз сезіміне 

кір түсірмеспін деп ойлаймын. Қасиетті жерімізде қымбат та бағалы 

қазынамыз да бар. Мұнайымен, табиғи газымен әлемге әйгілі болды. 

Бәрінен  бұрын  қазақ  елінің  батырлық  жасап  Семейдегі  полигонды 

жабу туралы мәлімдемесі еді. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт 

бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қою әлем назарын өзіне 

аудартты. Алаштың бұл қайсарлығынан кейін, бұл халықты ардақтап, 

сенуге лайықты мемлекеттік екендігін мойындады. Сенді. Ең басты-

сы, біз сенімді ақтадық. Тәуелсіздікке небәрі жиырма үш жыл болған 

қазақты танымайтын ел жоқ шығар. Себебі алда үлкен сынақ тұр. Ол 

EXPO-2017 көрмесі. Осы бір сыннан сүрінбей өтеміз деген сенімдемін. 

Тек  жүрегі  қазақ  деп  соққан  әрбір  алаштың  азаматы  өзіндік  үлесін 

қосса  болғаны.  Қазағыма,  шын  жүрегімнен  мына  өлең  шумақтарын 

арнаймын.

Дархан дала иесі қазақ деген,

Сонау бастан азапты көптеп көрген.

Сенімменен алға жүрді ылғида тек

Азаттықты бір күні көрем деген.

Биіктей бер таудай болып, Қазақстан!

Қарқыныңнан осы бір сен таймасаң

Бір күні жетерміз деген атқа ҒАЖАПСТАН!

Мен  елімнің  еңселі  азаматтарына  сенемін.  Елімді  жаныммен 

сүйемін, ардақтап жүремін. Осындай әсем елде, қарапайым қазақтың 

топырағынан жаралғаныма бақыттымын әрі тағдырыма ризамын! 



Құспан Гүлназ

 10 сынып Боранкул селосы, Бейнеу ауданы 

Мен тәуелсіз елдің ұланымын

Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуды аңсады. 

Қаншама  батырларымыз,  ер  жүрек  апа-ағаларымыз  елін,  жерін 


474

Казахстан, армия, патриотизм

қорғау  мақсатында  оққа  ұшты.  Қаншама  сәби  ата-ананың  жылы 

алақанынан айрылып, жетім өсті. Ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік 

үшін  күресіп,  көбі  репрессияға  ұшырады.Өз  басым  тәуелсіздіктен 

кейін туылған буынның өкілі болсам да, Егемендіктің қандай жолмен 

келгенін  жақсы  білемін.Қазақстан  үшін  Тәуелсіздік  аспаннан  түскен 

сый емес еді. Тәуелсіздік бізге тегіннен тегін келген жоқ. Осы күнге 

дейін құрып кетпей, ұлан байтақ жерде Қазақстан деген мемлекттің 

болуы  –  ата-бабаларымыздың  қасық  қаны  қалғанша  елі,  жері  үшін 

кеудесімен оқ тіреп, соңғы демі үзілгенше еліне, ұрпағына осынау кең 

қазақ жерін сақтап қалуынан. Тәуелсіздік алғанға дейін қазақтың ба-

сынан не өтпеді? Бүгінгі таңға дейін осыншама қиындыққа қарамай 

өз жері, халқы, діні, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоймай біртұтас қазақ 

мемлекеті болуы әрине, бірінші ата-баба қанымен,білектің күшімен, 

найзаның ұшымен, сонымен қатар, ынтымағы жарасқан еліміздің осы-

нау ұлтшылдығымен, қайсар рухымен, ел болам деген асқақ үмітімен 

жүзеге асты. Жер үшін қаншама соғыстар болды. Қаншама қан төгілді.

1986 жылдың желтоқсан айында сақылдаған сары аязға қарамай 

студенттеріміздің  «Қазақты  қазақ  басқарсын!»  деген  ұран  көтеріп 

ереуілге шығуынан кейін 1991 жылдың желтоқсан айында Қазақстанға 

өз тәуелсіздігін берді. Бүгінгі таңда қаншама ел тәуелсіздік таңына зар 

болып отыр. Ұлан байтақ Еуразияның жүрегінен орын тепкен тәуелсіз 

Қазақстанда  өмір  сүру  қандай  бақыт!  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін 

қазақ  халқы  таңдаған  Н.Ә.  Назарбаев  атамыз  қазақ  елінің  тұңғыш 

Президенті болып сайланды. Президентіміз осы күнге дейін көптеген 

істер атқарып, ел ықыласына бөленіп келеді. Қазақстанның өз «Ата 

заңы», мемлекеттік рәміздері: туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келді. 

Қазақстанның мемлекеттік тілі-Қазақ тілі.Ұлттық валюта-теңге енді. 

Міне,  бүгінгі  таңда  тәуелсіздігімізге  23  жыл  толады.  Осы  23  жыл 

аралығында Президентіміз ауыз толтырып айтарлықтай қыруар істер 

атқарды.  ТМД,  БҰҰ,  ЕҚЫҰ,  ЮНЕСКО  ұйымдарына  мүше  болды,  2010 

жылы Азиаданы өткізді. Спортта да, саясатта, әлеуметтік дамуда, эка-

номикада да үлкен жетістіктерге жеттік. Қалалар өсті. Қазіргі таңда 

Қазақстанды әлем таниды. Жеріміздің үсті де, асты да қазынаға толы. 

Елімізде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл үлкен мақтаныш. 

Президентіміз  өз  жерімізден  шығып  жатқан  қорларды  игертіп, 

еліміздің  экономикасын  көтеруде.  Халыққа  көп  көмегін  тигізді. 

Атап  айтқанда,  қарттарға  зейнетақы,  қорғаушыларынан  айрылған 

жандарға төленетін жәрдемақылар, көпбалалы аналарға, оқушыларға 


475

Сочинения школьников Мангистауской области

шәкіртақы,  білім  гранттарын,  т.б.  жеңілдіктер  мен  жәрдемақылар 

тағайындады.

Шет  елден  келген  қонақтарға  ұялмай  көрсететін  бас  қаламыз 

Астананы  жасады.  Аспанмен  таласқан  зәулім  үйлер  мен  ғимараттар 

тұрғызды.  Астананың  символы  –  «Бәйтерек»  монументі  көкпен 

таласқан бәйтерек ағашындағы самұрық құстың алтын жұмыртқасы 

іспеттес. Еліміздің жас Астанасымен бірге мен де дүние есігін аштым. 

Мен Астанамен түйедей құрдаспын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Мен 

өскен сайын Астана да көркейіп, өсіп келеді. Қазақстан «ЭКСПО-2017» 

көрмесін  жеңіп  алды.  Бұл  Қазақстанды  әлемге  танытатын  көрме 

болмақ.Еліміздің  тыныштығы  мен  қауіпсіздігі,  көпұлтты  Қазақстан 

халқының  жарастығы  мен  ынтымақтастығы  –  Президентіміздің 

жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп ойлай-

мын. 

Қазақ  халқы  рухани  құндылыққа  бай.  Қазақ  тілі  –  бай  тіл. 



Қазақстанның  көк  аспанда  желбіреген  туы  мен  сазды  әнұраны 

маған  сенім  мен  рух  береді.Оң  қолымды  жүрегімнің  тұсына  қойып 

Әнұран айтқанда шабытым оянып, патриоттық сезімім еселене түсіп, 

жүрегімнің дүрсілі ерекше соғады. Әрбір Қазақстан азаматының жүрегі 

елім,  жерім  деп  соғуға  тиіс.  Мен  өз  Отанымды  шексіз  сүйемін  және 

қара көзді қандастарымыздың да Отанға деген сүйіспеншілігі, махаб-

баты жоғары болғанын қалаймын. Ұлттық намыс – ұлы ұғым. Әрбір 

қазақ  азаматы  қазақша  сөйлеп,  салт-дәстүрін  қадірлеп,  дінін,тілін 

жоғалтпай, өзге елге мазақ болмай жүрсе екен деп тілеймін.Елімізде 

өзге елдердегідей апатты жағдайлар болып жатпағанына Аллаға мың 

да бір шүкіршілік етемін. Жеріміз кең, табиғатымыз көз тойдырарлық. 

Жерімізде табиғаттың жасаған мүсіні қаншама. 

Ата-баба  аманаттаған  кең  байтақ  жерімізді  өркендетсек  ата-

бабаларымыздың  рухы  риза  болар  еді.  Қазақстанның  ертеңгі 

болашағы, осынау кең жерге иелік ететін - біз. Президент бізге білім 

алуымызға  барлық  жағдайды  жасады.Білім  алу  мен  оқу  кітаптары 

тегін.  Біз  ел  экономикасын  көтеруге,  ғылыми-техникалық  жағынан 

дамытуға  атсалысуымыз  міндет.  Ғылымға  тың  жаңалықтар  еңгізіп, 

алған  білімді  қорытып  жаңа  нәрсе  ойлап  табуымыз  керек.  Айтуға 

оңай.  Сөзбен  ғана  шектелмей,  іспен  дәлелдеу  қажет.  Мен  өз  еліме 

қай  жағынан  болмасын  үлесімді  қосуға  дайынмын.  Кеудемде  елім 

деп  соққан  жұдырықтай  ғана  жүрегім  барда  елім  үшін  қолымнан 

келгенін  аянбаймын.  Шығармамның  соңын  жастарға  рух  беретін 

Президентіміздің жастарға арнаған сөзімен аяқтағым келеді. «Еліңнің 



476

Казахстан, армия, патриотизм

ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың 

ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді 

сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» 



Лепесов Дастан

8 сынып, Бейнеу лицейі Бейнеу ауданы

 Жетекші: Момынова Индира

Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  ұғымы  тек  қазаққа  ғана  емес  барлық 

ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен 

ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болма-

сын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таны-

та  алады.  Қазақтың  қанына  сіңген  қасиеттері:  бауырмалдығы  мен 

ақжарқындығы,  қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс 

табады.  Әрине,  бұл  қасиеттер  басқа  халықтарда  да  кездеседі.  Соны-

мен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне 

ұқсап,  бірін-бірі  толықтырады.  Біздің  елімізде  салтты  қатаң  сақтау 

ерте кездерден бастау алған. Салт-дәстүрдің негізі тәрбиеден тұрады 

деуге болады. Бұрынғы өткен кезеңдерде салтты сақтамағандар қатаң 

жазаға  да  тартылған  кезі  болғаны  әдеби  шығармалар  мен  тарихи 

шығармалардан белгілі. Қазақ салты мен дәстүрінің мәні үлкенді сый-

лау мен кішіге құрмет көрсету, әлсізді демеуден құралады. Ауқымды 

мәселелерді. Өзге ұлттардың мәдениеті мен танымында да осындай 

ауқымды мәселелерді ғұрыптарын негізге ала отырып шешкен екен. 

Бабамыз: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген 

мақал  қалдырған  екен.  Той-думандарда,  жиындар  мен  мерекелер-

де  орындалатын  осы  қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  оның  ұмыт 

болмағанын паш етеді. Қазақ халқының бұрыннан пайда болған салт-

дәстүрлері басқа көршілес жатқан ұлттардың салт-дәстүрлеріне ұқсас 

болып  келетін  тұстары  да  бар.  Ғалымдар  түркі  тілдес  халықтардың 

тілі  мен  діні  ғана  емес,  ғұрпы  да  бір-біріне  ұқсас  екенін  айтады. 

Халықтың  салт-дәстүрлері  тіршілік  кәсібіне,  наным  сеніміне,  өмірге 

деген көзқарастарына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ау-

ысып,  өзгеріп,  жаңарып  отырады.  Қазіргі  уақытта  өмірдің  ағымына 

сәйкес қазақи құндылықтар өз арнасында күн санап даму үстінде.



477

Сочинения школьников Мангистауской области

Қазақ  әдебиетінде  әдет-ғұрыптың  жұрнағынсыз  жазылған 

шығарма  кемде-кем.  М.  Әуезовтың  «Әдебиет  тарихы»  зерттеу 

еңбегінен негіз алған қазақ фольклористикасының дені салт-дәстүр 

негізінде  жазылған  шығармалардан  туратыны  белгілі.  «Әдебиет  – 

өмір айнасы» дейтін болсақ, адам баласы шырылдап өмір есігін ашқан 

күннен  бастап,  бесік  жыры  –бесікке  салғанда,  «жар-жар»  өлеңі  жа-

стар қосылғанда, сыңсу өлеңі – қыз ұзатылғанда, беташар өлеңі жас 

келіннің  бетін  ашу  сәтінде,  жоқтау  өлеңі-  адам  дүниеден  өткенде 

айтылатыны  белгілі.  Абай  атамыз  айтқандай:  «Туғанда  дүние  есігін 

ашады  өлең,  өлеңмен  жер  қойнына  кірер  денең»  демекші,  қазақ 

поэзиясының бастау алар негізі салт- дәстүр болып табылады. Салт-

дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байла-

нысты,  тұрмыс-салт  және  әлеуметтік-мәдени  салт-дәстүрлер  болып 

үш түрге бөлінеді.

Қазақ  елі  бала  тәрбиесіне  байланысты  әдет-ғұрыптарға  аса 

үлкен мән берген. Баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін 

тәлім-тәрбиелерінен  бастап,  есейіп  азамат  болып  кеткенге  дейінгі 

кезеңі  кіреді.  Мысалы:  шілдехана,  сүйінші,  балаға  ат  қою,  бесікке 

салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет 

той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, 

еңбекке, өмірге бейімдеу.

Ата-бабамыз  салтты жоғары деңгейде қолдана білген, киіз үйді 

де,  сәйгүлікті  де  бабымен  жарата,  ұлттық  киімдерді  да  нақышына 

келтіріп  тіге  білген.  Қазақ  әдебиетінде  дәстүрді  бекем  ұстап,  құмай 

тазысын  ертіп,  бүркітін  шүйілтіп,  тұлпар  атты  салтанатымен  мініп, 

аңшылыққа шыққан сал- серілер жетерлік. Солардың бірі де, бірегейі 

Ақан сері «Құлагерін» жоқтаған, Біржан сал сынды сал-серілеріміздің 

әр басқан ізі салт-дәстүрден ауытқыған емес.

Қазақ әдебиетінің көрнекті көркем шығармаларында әмеңгерлік, 

қалың мал өтеу салтын ерекше назарға алады. Ә.Кекілбаевтың «Құс 

қанаты»,  М.Әуезовтың  «Абай  жолы»,  С.Көбеевтің  «Қалың  малы», 

т.б  қазақ  әдебиетінің  бетке  ұстар  шығармалары  салт-дәстүрді  ту 

қып  ұстап  жазылған  шығармалар.  Ә.Кекілбаевтың  «Құс  қанатында» 

ұлттық  тағамдар  мен  ұлттық  киімдер,  келін  түсіру,  бет  ашу  дәстүрі 

негізге  алынса,  қазақ  әдебиетінің  классигіне  айналған  М.Әуезовтың 

«Абай жолы» қазақ менталитеті мен әдет- ғұрпынан тұрады. Салтты 

сақтамады деп, Қодар мен Қамарды ауыр жазаға кескен Құнанбайдың 

дәстүрге  беріктігі  көрініс  тапса,  С.Көбеевтің  «қалың  малында» 

қазақтың қалың мал өтеу салт-дәстүрі көрініс тапқан. 



478

Казахстан, армия, патриотизм

Міне,  осы  мәселенің  барлығын  алдын  ала  ойланатын  болсақ, 

ата - бабамыздың салып кеткен сара жолын насихаттап, сол жолмен 

жүргеніміз  жөн  деп  ойлаймын.  Менің  осы  тақырып  туралы  ойым, 

салт-дәстүрді насихаттайтын, жете түсіндіретін бағдарламалар ашыл-

са,  ұлттық  құндылықтарымызды  жариялау  мақсатында  мектептер 

мен балабақшаларда іс - шаралардың саны көбейсе екен деймін.

Медеуова Әлия

10 сынып, З. О. Баймырзаев атындағы орта мектебі 

Қызылөзен ауылы

Менің кішкентай Отаным

Туған жер – адам өмірінде ең үлкен орын алады. Нақты осы жер 

оны  елімен,  өткенмен  және  болашақпен  байланыстырады.  Міне, 

сондықтан  да  тіпті  балалық  шақтан  бастап-ақ  адамда  отанға  деген 

махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан бастала-

ды: мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін 

қымбат жер Қызылөзен селосынан басталады. Дәл осы жерде менің 

көңілді  де,  шаттықты,  уайымсыз  балалалық  шағым  өтті.  Сол  кез-

де  ол  маған  өте  үлкен  болып  көрінетін.  Мұнда  көлік  сирек  жүретін, 

бірақ теңіз жағасында серуендеп жүретін адамдар көп болатын.. Қазір 

үлкейдім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула 

мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір 

бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

 Мен ауылымнан жырақтап кетсем күндіз есімде жүретін, ал түнде 

түсімде көретін Қызылөзен ауылы туралы айтқым келіп отыр. Менің 

ауылым байтақ Қазақстанның ең әсем жерінде орналасқан. Олай дейтін 

себебім Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының кәрі Каспий теңізі 

бойында орын алған менің ауылыма кірер тас жол төбеден құлау жер-

ден жүргізілген. Ал енді көз алдыңызға елестетіп көріңізші: төбеден 

құлар кездегі ана шеті мен мына шетіне көз жетпейтін көк теңіздің 

жағасында тау-тастың арасында орналасқан шап-шағын әдемі ауыл. 

Мен соы көріністі ауылға қайтар кезде қаншама рет көрсем де, сонша 

рет тебіренбей отыра алмаймын.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:



479

Сочинения школьников Мангистауской области

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

-демекші  мен  ата-бабаларымыздың  қаны  төгіліп  ,одан  беріде 

Ресейдің  300  жылдық  боданынан  аман  қалып,тәуелсіздік  алғаннан 

берідегі  тар  жол,  тайғақ  кешуді  басымыздан  өткізіп,  енді  ғана 

кеудемізді тік ұстап, Қадыр атамыз айтқандай «мың өліп,мың тірілген» 

қазақ екенімді зор мақтанышпен «айта бергім келеді, айта бергім»!

Біздің  ауылда  150үй  түтін  түтетіп  отыр,1207  адам  есепте  бар. 

Аулымызда  қазіргі  заман  талабына  сай  әкімдік,  мектеп,  селолық 

фельдшерлік  амбулаториялық  пункт,  пошта  үйі,  мектеп  жанындағы 

мини-центр жұмыс жасайды. Мектеп ғимаратын 2004 жылы «Аджип» 

компаниясы  спонсорлық  көмек  негізінде  салып  берген.  Мектебім 

Қазақстанға еңбегі сіңген қоғам қайраткері Зұлқаш (Зұлқарнай) Бай-

мырзаев  атында  екенін  мен  ерекше  айтқым  келеді.  З.Баймырзаев 

ақпан төңкерісінен кейін Маңғыстауда уездік соттың тілмашы әрі қағаз 

көшірушісі,  кейіннен  кеңес  қызметкері  –  Адай,  Табын  ревкомының 

төрағасы  болды.  1921  –  25  ж.  Мәскеу  коммунистік  университетінің 

тыңдаушысы, Адай уездік ОГПУ бастығының орынбасары. 1925 – 29 

ж. Түркістан мен Шалқар уездік комитетінің хатшысы, Ақтөбе губко-

мы төрағасының орынбасары, Қарқаралы окр. аткомының төрағасы, 

Гурьев округ партия комитетінің хатшысы болды (1932 ж). 

Мәскеудегі  Тимирязев  атындағы  ауылы  шаруашылық 

академиясының балық шаруашылық институтын бітіріп, ихтиолог-ин-

женер атағын иеленді. 1933 ж. Орта Азия саяси секторының нұсқаушысы, 

1934-35  ж.  Бүкілодақтық  «Рыбоплодэкспорт»  бірлестігінің  Ленин-

град  бөлімінде  және  Сыртқы  істер  халық  комиссарының  шет  елдер 

бөлімінде жауапты қызметкер, 1936 ж. Керчь мемлекеттік балық тресі 

бастығының  орынбасары  және  бас  инженері,  1937  ж.  Қырым  АКСР-

інің  Балық  өнеркәсібі  бас  басқармасының  орынбасары  қызметтерін 

атқарған. Зұлқаш атамыз сонау алмағайып кезеңнің, өткен ғасырдың 

30 шы жылдары орыс-украин арасында Қырым өңірінде қызмет ет-

кен қазақтан шыққан жалғыз азамат. Атамыз қоғам қайраткері бола 

тұра өзінің ихтиология саласындағы жұмысын да қоса атқарған. Сол 

Қаратеңіз жағалауынан Каспий теңізіне кефаль балығын алып келіп 

жерсіндерген. Қазіргі таңда осы кефаль балығы Маңғыстау өңірінен 

экспортқа  шығатын  қызыл  балықтан  кем  түспейтін  өнім  болып  са-


480

Казахстан, армия, патриотизм

налады. Кефаль өсіру мейлінше жемісті болды. Қазіргі кезде Каспий 

теңізінің фаунасында 854 түрлі балықтар мен басқа да су жануарлары 

болса соның екеуі сүйекті балықтар класы-кефаль туысына жататын 

–  «сингиль»,  «остронос»  Каспий  теңізінің  акваториясына  тұтастай 

таралған  кефаль  түрлеріне  айналды.Атамыз  өз  басы  қатерде  жүрсе 

де  өмірінің  соңғы  күндеріне  шейін  халқы  үшін  аянбай  қызмет  етіп, 

ғылымнан  да  қол  үзбеген.  Әлем  ойшылдарының  бірі,  мемлекеттік 

қайраткер Әбіш Кекілбаев ол туралы: «Ол қиян түкпірде туып, қилы 

заманда күрескер жігерімен, зеректігімен биік адамгершілігімен ерек-

ше көзге түскен арыс. Тағдыр мен тарих оны ең қиын шайқастар мен 

сайысқа салды. Соның бәрінен абыроймен өте алды... Сауатсыздықпен 

енді күрес бастап жатқан қыр қауымынан әлемдік державаға айналған 

іргелі  елдің  танымал  қайраткеріне  дейін  шарықтап  өскен  жарық 

жұлдыздардың  бірі.  Өз  халқына  қылаудай  қиянат  жасамаған  адал 

перзент. Тоталитаризм ұлттық кемелденуімізге қаншалықты қиянат 

жасағанын  осы  бір  айрықша  талант  қажымас  жігер  иесінің  көрген 

тауқыметінен-ақ анық аңғаруға болады».

«Тұлпар  тұяғымен  текті»  дегендей  оның  баласы  Жан-медицина 

ғылымының  докторы,  қызы  София  да  Медициналық  инситутын 

бітіріп,  ұзақ  жылдар  республикалық  емдеу  мекемелерінде  қызмет 

еткен.  Олардың  балалары  (Талап,  Ескендір  және  басқалар)  мен 

немерелері  демократиялық  және  құқықтық  мемлекет  құруға  бет 

алған тәуелсіз Қазақстанда өсіп-өнуде.

Міне,осындай  туған  жері  үшін  аянбай  тер  мен  қан  төкен 

аталарымыздың арқасында келіп жеткен тәуелсіздігіміз туын алдағы 

уақытта  биік  ұстап,  қазақстандық  әр  азамат  көрікті  ауыл,  келбетті 

қалада бақытты тұрмыс кешуі үшін аянбай қызмет етуіміз қажет деп 

ойлаймын.

Біздің  ауылдан  15  шақырымдай  жерде  «Саура»  каньоны  бар. 

Мұнда  әлемде  теңдесі  жоқ  «Қызыл  кітапқа»  енген  теңіз  тасбақасы 

тіршілік  етеді.  Батпақ  тасбақалары  шағын  көлдің  су  кеңістігіне 

қанағат тұтып паналап, шөл даланың тасбақаларынан оқшау мекен-

деп, барлық адамдар өмірінде өзінің жартысын іздеуде. Маңғыстаудың 

көне  көз  қариялары  Саура  шатқалынан  елу  метрдей  жердегі  Саура 

өзенінің  екінші  жартысы  бар  екендігін  біледі.  Кішкене  төбешіктен 

өткен  соң,  жаңа  жолдар  мен  әсерлі  көріністерге  қызығушылар 

жарылған тостағанның екінші жартысын тамашалай алады. Табиғат-

ананың сыйлығы тек бұл ғана емес. Көз алдыңызда тұщы көлге жақын 

жерде  тұзды  теңіз!  Теңіз  жағалауы  жібектей  қайыр  топырақпен 



481

Сочинения школьников Мангистауской области

төселген.  Теңіз  түбі  құм  қайраңды,  мінсіз  тегіс.  Ең  таң  қаларлығы, 

мұнда  өркениет  дөңгелегімен  және  адамзат  аяғымен  бұзылмаған 

көптеген ірі ұлу қабыршағын кездестіруге болады. Теңіз тасқынымен 

пайда болған шағын көлшіктер күн сәулесіне күмістей шағылысады. 

Кішкентай  тамшылары  жалғыз  көлге  әр  жақтан  ағын  су  болып 

құйылып, оның өмірін жалғастыруда. Каньон жергілікті маңызы бар 

тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінің  мемлекеттік  тізіміне  енген..

Жаз айларында каньон тамашалау үшін облыс орталығынан,басқа ау-

дандардан жүздеген адам келіп демалады.

Мен  өз  ауылым  туралы  кішкене  ғана  шығармамды 

Елбасымыздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында 

жататынын  естен  шығармауга  тиіспіз»,  -  деген  сөзімен  аяқтағым 

келеді.


Мусаева Асель

9 класс, школа № 19 г. Жанаозен

Руководитель: Бертлеуова А.М.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет