Методическое пособие. Астана: нао имени



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата13.02.2017
өлшемі1,55 Mb.
#4041
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  

 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 



Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде  

оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту 

 

Әдістемелік құрал 



  

Развитие математической грамотности учащихся  

на основе заданий исследования PISA, TIMSS  

 

Методическое пособие 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2014  

 


 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 



баспаға ұсынылды (2014 жылғы 14-наурыздағы №2  хаттама). 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 

образования им. И. Алтынсарина (протокол №2 от 14 марта 2014 года). 

 

 



PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде  оқушылардың 

математикалық  сауаттылығын  дамыту.  Әдістемелік  құрал.

 

–  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 46 б. 

 

Развитие  математической  грамотности  учащихся  на  основе  заданий 



исследования  PISA,  TIMSS.  Методическое  пособие.  –  Астана:  НАО  имени 

И.Алтынсарина, 2014. – 41 с.  

 

 

 



 

Бұл  әдістемелік  құралда  оқушылардың  математикалық  сауаттылығын 

қалыптастырудағы  отандық  және  шетелдік  тәжірибелер  зерделеніп, 

әдістемелік ұсыныстар берілген. 

Әдістемелік  құрал  мектеп  басшылары  мен  мұғалімдерге,  педагог-

зерттеушілерге, ата-аналарға арналған. 

 

В  методическом  пособии  рассмотрен  отечественный  и  зарубежный  опыт 



развития 

математической 

грамотности 

учащихся, 

проанализированы 

результаты  исследовании  PISA,  TIMSS.  Даны  методические  рекомендации  по 

развитию  математической  грамотности  учащихся  на  основе  заданий 

исследования  PISA,  TIMSS.  Включены  примеры  заданий,  которые 

использовались  в  международном  исследовании  образовательных  достижений 

учащихся. 

Работа  адресована  учителям  математики,  руководителям  школ, 

методистам,  педагогам  дополнительного  образования,  работникам  управления 

и отделов образования. 

 

 



 

 

 



 

 

© Ы.Алтынсарин атындағы  



Ұлттық білім академиясы, 2014.  

© Национальная академия образования  

им. И. Алтынсарина, 2014. 

 


 



КІРІСПЕ 

 

Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті,  қуатты  мемлекет  болып  қалыптасуын 



қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм 

беру  жүйесi.  Бiлiм  беру  жүйесiнің  алдында  тұрған  басты  міндет  –  білім 

сапасының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  бұл  өз  кезегінде  азаматтардың  кез 

келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. Осыған орай Елбасы Н.Ә. 

Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман 

талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, 

терезесін  тең  ететін  –  білім»  екенін  айта  келіп,  ол  үшін  «Бізге  экономикалық 

және  қоғамдық  жаңару  қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру 

жүйесі  қажет»,  –  деп  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мәселесін  алға  қойған 

болатын [1].  

Орта  білім  беру  жүйесін  жетілдіру,  сапалық  өзгерістер  енгізу  қажеттігі 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында,  Қазақстан  Республикасында  2015 

жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасында айқындалып, Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты [2].  

Қазіргі  таңда  ҚР  білім  және  ғылымды  дамытудың  басым  бағыттарын 

жүзеге  асыру  бойынша  2014-2016  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарында 

(ҚР  БҒМ  2014  жылдың  13  қаңтарындағы  №9  бұйрығымен  бекітілген)  біздің 

мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына және әлемдік 

білім беру кеңістігіне енуі үшін білім беру мазмұн жаңарту міндеті белгіленіп 

отыр [3].  

Бұл,  біріншіден,  білім  беруді  заман  талабына  сай  жаңа  мазмұнда 

ұйымдастыру  мәселесімен,  яғни  12  жылдық  оқытуға  көшумен  тікелей 

байланысты.  

Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  12  жылдық  білім  моделіне  көшуі  жас 

ұрпақтың  білім  алу  мүмкіндіктерін  кеңейту,  отандық  білім  беру  жүйесін 

әлемдік  білім  беру  жүйесіне  кіріктіру  мақсатынан  туындады.  Мектеп 

бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, 

мектепте  алған  білімдері  негізінде  әрекет  етуге  қабілеттілігі  мен  дайындығын 

тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп 

отыр. 12 жылдық білім жүйесінің негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан 

өзгермелі  қоғамда  өмір  сүруге  икемді,  өздігінен  білім  алуға,  алған  білімін 

өмірлік  жағдаяттарға  сәйкес  қолдана  білуге,  өзін-өзі  толық  жүзеге  асыруға 

дайын,  шығармашылыққа  бейім,  құзыретті  және  бәсекеге  қабілетті  тұлғаны 

қалыптастыру мен дамыту болып табылады.  

Екіншіден, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту. 

Қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде  функционалдық  сауаттылық  адамдардың 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсенді 

қатысуына,  сондай-ақ  «өмір  бойы  білім  алуына»  ықпал  ететін  базалық 

факторлардың  біріне  айналуда.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  және 



 

мектеп оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын дамыту  жөніндегі 2012 



–  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарында  белгіленгендей, 

функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары жалпы білім беретін 

мектептерде  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азамат 

қалыптастыру,  оның  әлемде  болып  жатқан  өзгерістер  мен  процестерге 

әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру болып табылады [4].  

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу 

және  жинақтау  сияқты  критерийлер  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 

жаңа  тәсілдерін  талап  етеді.  Мұндай  жүйе  әлемдік  тәжірибені  жан-жақты 

зерттеу  арқылы  енгізіледі.  Олар  ұлттық  және  халықаралық  бағалау  жүйелері 

арқылы  жүргізіледі.  Ұлттық  жүйе  арқылы  бағалау  –  жыл  сайын  өтетін  оқу 

жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау 

жүйелері  –  PISA  (Programme  for  International  Student  Assessment),  TIMSS 

(Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  және  PIRLS  сияқты  халықаралық 

зерттеулер.  

Функционалдық  сауаттылықты  дамыту  дәстүрлі  мектеп  моделінен 

рационалды модельге, әрі қарай феноменальді модельге «үш адым» ілгері аттау 

дегенді  білдіреді.  Осы  мақсатқа  қол  жеткізу  арқылы  Қазақстан  оқыту  деңгейі 

мен сапасы жағынан жетекші елдер тобына қосылады деп күтіледі. Бұл жолда 

атқарылатын жұмыстар төмендегідей:    

 



функционалдық сауаттылықтың мәні мен маңызын саралай түсу; 

 



оқыту  үдерісінде  оқушылардың  басқарушылық  (проблеманы  шешу 

қабілеті);  ақпараттық  (өз  бетінше  ақпараттар  көздері  арқылы  үнемі  білімін 

көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш 

тілде:  қазақ,  орыс,  ағылшын  (шет)  тіліндерінде  ауызша,  жазбаша  қарым-

қатынас  жасау);  әлеуметтік  (қоғамда,  өзі  өмір  сүріп  жатқан  ортада  іс-әрекет 

жасай алу қабілеті); тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті 

білім,  білік,  дағдыларды  игеру,  болашақ  кәсібін  өзі  таңдауы,  оның 

қиыншылығы  мен  күрделілігіне  төзімді  болу);  азаматтық    (қазақ  халқының 

салт-дәстүрін,  тарихы  мен  мәдениетін,  дін  мен  тілін  терең  меңгеріп, 

Қазақстанның    өсіп-өркендеуі  жолындағы  азаматтық  парызын  түсінуі); 

технологиялық  (әр  азаматтың  өз  мамандығына  қарай  ақпараттық 

технологияларды,  сандық  технологияны,  білім  беру  технологияларын  сауатты 

пайдалануы) құзыреттіліктерін дамыту әдістемесін басшылыққа алу [4]; 

 



математикадан 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыратын басты ұстанымдарды анықтау; 

 



оқушылардың 

математикалық 

сауаттылығын 

қалыптастыруға 

ұсынылған әдістемелік жүйелердің тиімділігін практикада дәйектеу. 

Осындай  алға  қойылған  бағыт-бағдарды  айқындау  негізінде  әзірленіп 

отырған  әдістемелік  құралдың  мақсаты:  PISA  (Programme  for  International 

Student  Assessment),  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science  Study) 

зерттеулерінің 

тапсырмалары 

негізінде 

оқушылардың 

математикалық 

сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік негіздеріді анықтау.  

Әдістемелік құралдың міндеттері:  



 



 

оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  дамытуда  отандық  және 

шетелдік тәжірибені зерделеу және қорыту; 

 



PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in 

Mathematics  and  Science  Study)  зерттеулерінің  тапсырмалары  негізінде 

оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  дамытуда  әдістемелік  ұсыныстар 

әзірлеу. 

  

 



 

 





Оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  дамытудағы 

отандық және шетелдік тәжірибелер 

 

 



1.1 Функционалдық сауаттылықтың мәні мен маңызы 

 

«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулерді 

қарастыра  келе,  бүгінгі  таңда  отандық  және  шетелдік  ғалымдардың 

еңбектерінде  «функционалдық  сауаттылық»  ұғымын  түсіндіруде,  мән-

мағынасын ашуда бірізділік жоқ екені байқалды.  

Ең  алдымен,  «сауаттылық»  ұғымын  қарастырайық.  Бұл  термин  ретінде 

ХІХ  ғасырдан  бері  «жаппай  сауатсыздықты  жою»  мәселесіне  байланысты 

қолданылып  келді.  Ол  заманда  сауатсыздықты  әлеуметтік  мәселе  ретінде 

қарастырған, яғни сауаттылықты «бастапқы оқу және жазу қабілеттілігі немесе 

хат тануы» ретінде таныған [5].  

Қазіргі  таңда  бұл  терминнің  мағынасы  «Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігінде»: «Сауаттылық – адамның әдеби тілдің нормаларына сәйкес ауызша 

және  жазбаша  сөйлеу  дағдыларын  меңгеруі»  [6,  298  б.]  –  деп  түсіндіріледі. 

Берілген анықтамада сауаттылық, жалпы, кең мағынасында алғанда, халықтың 

мәдени,  әлеуметтік  дамуының  көрсеткіші  ретінде  қолданылса,  контекстегі 

мағынасы оқыту үдерісінің сапалық көрсеткішінің бірі екенін меңзеп тұр. Бұл 

«Педагогикалық  түсіндірме  сөздікте»  берілген  «Сауаттылық  –  ана  тілінің 

заңдары мен ережелерін оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде пайдаланудың 

берік дағдыларымен үйлестіре отырып білуі» [7] деген анықтамаға мағыналық 

тұрғыдан жақын келеді.  

Жалпы,  сауаттылық  ұғымының  мән-мағынасын  қарастырған  ғылыми 

еңбектерде  берілген  анықтамаларды  зерделей  келе,  олардағы  ортақ  пікір: 

«сауаттылық – белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай 

оқу,  дұрыс  жаза  алу  дағдыларын  игеру»  екенін  байқадық.  Дегенмен,  бүгінгі 

өркениеттің  даму  деңгейі  білімділік  пен  сауаттылық  ұғымдарының  мазмұны 

мен оны түсінудің сара жолдарын әлі де іздестіруді қажет етіп отыр.  

Қоғамның  дамуына  байланысты  сауаттылық  ұғымының  мәні  тарихи 

тұрғыдан  өзгерді.  Бүгінде  сауаттылық  ұғымының  нақты  мазмұны  дара 

тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты жаңа сипатқа 

ие  болды.  Кейінгі  уақытта  ол  қарапайым  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктерін  ғана 

қамтып  қоймай,  адамның  әлеуметтік  үдерістерге  саналы  түрде  қатысуына 

мүмкіндік  беретін,  қоғамдық  қажеттігі  айқын  білімдер  мен  білік-дағдылардың 

жиынтығы  ретінде  қарастырылып  жүр.  Яғни,  тұлғаның  оқи  білу,  жаза  білу, 

санай  білу  қабілеттерін  қалыптастырудан  гөрі  белгілі  бір  қоғамда  өмір  сүруге 

қажетті  білім  мен  біліктердің  жиынтығын  игерту,  нақтылай  айтқанда, 

функционалдық  сауаттылыққа  қол  жеткізу  өзекті  мәселеге  айналды.  Қазіргі 

әлемдегі,  еліміздегі  өріс  алып  отырған  түрлі  бағыттағы  әлеуметтік, 

экономикалық,  технологиялық  дамулардың  әсерінен  қоғамның  адамға  қоятын 

талаптарының  өзгеруі  нәтижесінде  «функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  кең 

тарала бастады.  



 

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы термин ретінде 1960 жылдары пайда 



болып,  ЮНЕСКО  құжаттарында  алғаш  рет  қолданысқа  енгізілген.  Онда 

«функционалдық  сауаттылық»  оқу  мен  жазуды  қоса  алғандағы  білім,  білік, 

дағдылар жиынтығы ретінде анықталған болатын.  

«Функционалдық сауаттылық» ұғымының мән-мағынасына үңіліп көрейік. 

«Функционалдық» сөзінің түбірі – «функция» («function»).  

С.И.Ожеговтың  сөздігінде  «функция»  сөзінің  мәні  «Вызванный 

функционированием  чего-нибудь,  зависящий  от  деятельности,  а  не  от 

структуры, строения чего-нибудь (книжн.)» – деп анықталған [8, 46 б.]. «Қазақ 

тілінің түсіндірме сөздігінде»: «фукционалды» ұғымы бір нәрсенің құрылысы, 

құрамынан  емес,  қызметіне  қатысты,  соның  әрекетіне  байланысты 

қолданылады»  [6,  17  б.]  –  деген  сипаттама  беріледі.  Бұдан  «функция»  ұғымы 

белгілі  бір  заттың  атқаратын  қызметіне  немесе  іс-әрекетіне  қатысты 

айтылатынын түсінеміз. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ 

(компьютер,  сканер,  принтер,  т.б.),  олардың  әрқайсысының  өз  функциялары 

бар.  

Ал  «функция»  ұғымы  адамға  қатысты  айтылғанда,  оның  іс-әрекетіне 



байланысты қарастырылады. Мысалы: кез келген маманның атқаратын белгілі 

бір  функциясы  немесе  қызметі  болады,  ол  соның  дұрыс  атқарылуына  жауап 

береді.  Айталық,  мектеп  директорының,  оқу  ісі  немесе  тәрбие  жөніндегі 

орынбасарларының  әрқайсысының  өзіндік  лауазымдық  функциясы  бар  және 

әрқайсысы өз бағыты бойынша жауапкершілікпен қызмет атқарады.  

Ғылым  тілімен  айтсақ,  функционалдық  сауаттылықтың  ерекшелігі  – 

жылдам өзгеріп отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы білімдер 

негізінде  әртүрлі  қызмет  салаларында  өмірлік  мәселелерді  шеше  алуымен 

сипатталатыны.  Яғни,  функционалдық  сауаттылық  «адамның  өмірдің  және  іс-

әрекеттің  түрлі  саласында  қолданбалы  білім  негізінде  қалыпты  тіршілік 

міндеттерін шешу қабілеті» деген мағынада ұғынылады [9, 27 б.].  

Сонымен,  «сауаттылық»  адамның  білімділігіне  қатысты  ұғым  екенін 

анықтадық.  Яғни,  сауатты  адам  деген  сөздің  түпкі  мағынасы  оқу,  жазу,  санау 

біліктіліктері  қалыптасқан,  грамматикалық  тұрғыда  таза,  қатесіз  жаза,  сөйлей, 

оқи алатын, сондай-ақ қарапайым арифметикалық амалдардың көмегімен дұрыс 

есептей  білетін  адам  ретінде  танылады.  Ал  «функционалдық  сауатты»  адам 

деген  ұғым  белгілі  бір  кезеңге  сай  алған  білімі  мен  білік-дағдысы  негізінде 

сауатты іс-әрекет ете алатын адам деген мағынада қолданылады.  

Сауаттылық  ұғымы  оны  білім  берудің  әрекеттік  аспектісімен  бірлікте 

алғанда  ғана  мағынасы  кеңейе  түсіп,  функционалдық  сауаттылыққа  ұласады. 

Олай  болса,  функционалдық  сауаттылық  дегеніміз  –  тұлғаның  пәндік  білім, 

білік,  дағдыларын  әлеуметтік-қоғамдық  ортада  кез  келген  жағдаятқа  сәйкес 

еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі болып табылады.  

Қазіргі  қоғамда  сауаттылық  ұғымы  кез  келген  іс-әрекеттің  өлшемі, 

көрсеткіші  ретінде  қалыптасып,  кең  таралып  отыр.  Мысалы,  музыкалық 

сауаттылық,  техникалық  сауаттылық,  ақпараттық  сауаттылық,  компьютерлік 

сауаттылық,  т.б.  кездестіреміз.  Бұл  терминдер  адамның  өмірдің  және  іс-

әрекеттің  түрлі  саласында  қолданбалы  білім  негізінде  қалыпты  тіршілік 



 

міндеттерін  шешу  қабілетін  бағалау  мақсатында  қолданылып  жүргені  белгілі. 



Осыған  байланысты  функционалдық  сауаттылықтың  бірнеше  түрін  анықтауға 

болады (1-кесте): 

1) оқу және жазу сауаттылығы; 

2) математикалық сауаттылық; 

3) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық; 

4) компьютерлік сауаттылық; 

5) заң және құқық мәселесіндегі сауаттылық және т.б. 

 

1-кесте. Функционалдық сауаттылық түрлері 



 

Сауаттылық мазмұны 

Құзыреттіліктер 

Оқу сауаттылығы 

- мәтінді дұрыс, саналы, түсініп оқу; 

-  мәтін  бойынша  сұрақтар  қою  және  сұрақтарға 

жауап беру; 

-  оқығанын  өмірмен  байланыстыру,  өмірден 

мысалдар келтіру; 

-  оқыған  мәтіннің  мазмұнына  байланысты  өз  ой-

пікірін білдіру, дәлелдеу 

Жазу сауаттылығы 

- дұрыс, таза, қатесіз жазу; 

-  жазу  барысында  грамматикалық,  синтаксистік 

және  пунктуациялық  нормалар  мен  ережелерді 

орынды  қолдану,  неліктен  қолданғанын  дәлелдей 

білу; 

- өз ойын толық, жан-жақты, жүйелі қағазға түсіре 



білу 

Математикалық 

сауаттылық 

- математиканың өмірдегі орнын түсіну, білу; 

-  әр  түрлі  формада  берілген  сандық  ақпаратты 

оқу, талдау; 

-  есептерді  шығарудың  ыңғайлы  тәсілдерін  табу, 

орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; 

-  математикалық  білімін  өмірлік  жағдаяттарда 

кездесетін  түрлі  мәселелерді  шешуде  еркін 

қолдану 

Жаратылыстану-

ғылыми сауаттылық 

 

 



-  қоршаған  әлемде  және  табиғатта  болып  жатқан 

құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, 

жүйелеу, жалпылау; 

-  заттар  мен  құбылыстардың  негізгі  және  жанама 

белгілерін ажырату;  

-  алған  білімін,  қарапайым  ғылыми  зерттеу 

дағдыларын қолдану 


 

1-кестенің жалғасы 



 

Сауаттылық мазмұны  Құзыреттіліктер 

Компьютерлік 

сауаттылық 

- компьютерде ақпарат іздеу; 

- компьютерде жұмыс істеу; 

- компьютерде түрлі бағдарламалар жасау  

Ақпараттық 

сауаттылық 

- іздеп табу, іріктеу; 

- талдау, өңдеу, жалпылау; 

-  тұжырымдау,  есте  сақтау,  жағдаятқа  қарай 

қолдану 

Коммуникативтік 

сауаттылық 

- өзіне қарата білу;  

-  пікірталасқа  қатыса  білу,  өз  пікірін  дәлелдей 

білу; 


- басқаны тыңдай  және түсіне білу 

-сұрақ  қоя  білу  және  нақты,  толық  жауап  бере 

білу 

 

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  РІSА,  TIMSS 



бағдарламалары шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылық 

жоғарыда  көрсетілген  үш  сала  –  оқудағы  және  жазудағы  сауаттылық, 

математикалық  сауаттылық,  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша 

бағаланады. 

Кестеден  көріп  отырғанымыздай,  функционалдық  сауаттылықтың  әрбір 

түріне байланысты белгілі бір өлшемдердің көмегімен мектеп түлегінің өмірге 

дайындығын,  әлеуметтік  ортаға  бейімделу  деңгейін  бағалауға  болады.  Бұл 

жерде өлшем ретінде құзыреттіліктер алынып отыр.               

Қазіргі  таңда  функционалдық  сауаттылық  ұғымы  білім  кеңістігіндегі 

білімді  құзіреттілікке  бағыттау  парадигмасына  байланысты  туындап  отыр. 

Қазіргідей  пәндік  білімге  ғана  негізделіп  отырған  оқу  үдерісінде  баланың 

жалпы 


дүниетанымының 

қалыптасуы, 

өміртанымдық 

дағдыларының 

жетілдірілуі,  білімнің  күтілетін  нәтижеге  бағытталуы  мектепте  жүретін 

қоғамдық-гуманитарлық, 

жаратылыстану-математикалық, 

эстетикалық-

технологиялық  пәндердің  жаңарған  мақсат-міндеттерінен  бастап  оқытудың 

әдістемелік  жүйесінің  әр  бөлігінің  (білім  мазмұны,  оқыту  түрлері,  оқыту 

әдістері, білім нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз.  

Мектептік  білім  беру  жүйесін  жаңа  уақыт  талабына  орай  жетілдіру  білім 

беру 

жүйесін 


өзіміздің 

ұлттық 


болмысымызға, 

негізге 


алынған 

ұстанымдарымызға сай  құруды  қажет  етеді.  Осыған  орай мектептегі берілетін 

білімді  шынайы  өмірмен  ұштастырып,  бастауыш  мектеп  бітіруші  түлектерді 

үлкен  өмірге  дайындау  қажеттігі  туындайды.  Сондықтан  бастауыш  мектеп 

оқушыларының  меңгеруі  тиіс  білім,  білік,  дағдыларының  жиынтығы,  яғни 

оқытудың  түпкі  нәтижесі  ретінде  оқушылардың  бойында  қалыптасатын 

құзіреттіліктер алынады.  

Білім  берудің  нәтижесі  ретіндегі  құзіреттілікті  ғалымдар  (А.Хуторской, 

М.Ж.Жадрина,  Н.Н.Нұрахметов,  Ж.Т.Дәулетбекова)  белгілі  бір  пәнге  қатысты 


 

10 


оқушының  игерген  іс-әрекет  тәсілдерінің  жиынтығы  ретінде  анықтады. 

Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің 

басым  бағыттарының  бірі  ретінде  білімділік  бағыттан  оқушылардың  бойында 

құзыреттіліктерді  қалыптастыру  бағытына  өту  мәселесі  қарастырылуда. 

Құзыреттілік – межелеген мақсаттарға жету үшін оқушының ішкі (білім, білік, 

дағды,  құндылық,  психологиялық  ерекшеліктер  және  т.б.)  және  сыртқы 

(ақпараттық, 

адами, 


материалдық 

және 


т.б.) 

ресурстарды 

тиімді 

ұйымдастырудағы  дайындығының  қалыптасуын  көздейді.  Мектепте  берілетін 



білім  ендігі  жерде  негізгі  мақсатқа  жетудің  құралы  болуы  керек  деп 

тұжырымдалды.  Дәстүрлі  мектепте  білім  баланың  білімді  болуы  үшін  ғана 

беріліп,  сол  берілген  білімнің  болашақта  бала  өміріне  қаншалықты  қажет 

екендігі  қарастырылмады.  Нәтижесінде  бала  түсініктерді,  мәліметтерді, 

ережелерді, заңдылықтарды, біліктіліктерді және т.б. жаттанды түрде меңгеруге 

мәжбүр болды, ал мұғалім сол білімді меңгертуге (педагогикалық мақсат) тиіс 

болды. Егер оқу нәтижесі құзыреттілік деп анықталса, онда пәнді меңгертуден 

күтілетін нәтижелер оқушының өмірлік дағдыларымен сабақтастырылуы қажет 

болып саналады.  

Сонымен,  функционалдық  сауаттылық  –  адамдардың  (жеке  тұлғаның) 

әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы 

және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  факторы.  Яғни  бүгінгі 

жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  ілесіп  отыруы.  Функционалдық 

сауаттылық  –  адамның  мамандығына,  жасына  қарамастан  үнемі  білімін 

жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа  алынатын  функционалдық  сапалар: 

белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда  ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін 

дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  т.б.  Яғни,  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 

дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  өзгермелі  әлемде  әлеуметтік 

бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

болып табылады. 

Осыған  орай,  Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың  негізгі 

тетіктері  бөліп  көрсетіледі.  Соның  бірі  білім  беру  мазмұнын  (ұлттық 

стандарттар, оқу бағдарламалары) жаңарту болып табылады. Ол үшін мұғалім 

білім  алушының  бойына  алған  білімін  практикалық  жағдайда  тиімді  және 

әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді 

сіңіруі керек. Олардың бастылары мыналар:  

– басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);  

–  ақпараттық  (өздігінен  ақпарат  көздері  арқылы  үнемі  білімін  көтеріп 

отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштауы);  

–  коммуникативтік  (үш  тілде:  қазақ,  орыс,  ағылшын  (шетел)  тілдерінде 

ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);  

– әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);  

–  тұлғалық  (өзін  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  қажетті  білім,  білік, 

дағдыларды  игеру,  болашақ  кәсібін  өзі  анықтау,  оның  қиыншылығы  мен 

күрделілігіне төзімді болу);  



 

11 


–  азаматтық  (қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  тарихы,  мәдениеті,  ділі,  тілін 

терең  меңгеріп,  Қазақстанның  өсіп-өркендеуі  жолындағы  азаматтық  парызын 

түсінуі);  

–  технологиялық  (әр  азаматтың  өз  мамандығына  қарай  ақпараттық 

технологияларды,  сандық  технологияны,  білім  беру  технологияларын  сауатты 

пайдалануы) [4].  

Бұл  құзыреттіліктер  –  жалпылама  анықталған  білім,  білік,  дағдылар 

кешені.  Оларды  осы  күйінде  алып,  бастауыш  мектепке  көшіре  салуға 

болмайды.  Бастауыш  сыныптарды  бітірген  түлектің  бойында  қалыптасуы  тиіс 

құзыреттіліктер  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалардың  физиологиялық, 

психологиялық  ерекшеліктері  мен  педагогикалық  мүмкіндіктеріне  және 

бастауыш  білім  беру  сатысында  берілетін  білімнің  мазмұны  мен  көлеміне, 

оқытудың мақсат-міндеттеріне сәйкес анықталады. Оларға тұлғалық-азаматтық, 

әлеуметтік,  коммуникативтік,  басқарушылық,  ақпараттық  құзыреттіліктерді 

жатқыздық.  

Тұлғалық-азаматтық  құзыреттілік  оқушылардың  адами  қасиеттерін, 

патриоттық, ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімін, жалпы мәдениеттілігін, жеке 

әлеуетін  қалыптастыруды,  олардың  өз  құқықтары  мен  міндеттерін  білуін, 

сонымен  қатар,  ұжымға  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  кешенді  құзыреттілік. 

Бұл  құзыреттілік  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  төмендегідей  нәтижелерден 

көрінеді.  

Тұлғалық-азаматтық құзыреттіліктің қалыптасуы: 

– өз Отанына деген мақтаныш сезімін білдіре алуынан; 

– дүниежүзілік картада өз елінің орналасқан жерін білуінен; 

– өз елінің жетістіктеріне қызығушылық білдіруінен; 

–  өз  елінің  әнұраны  мен  мемлекеттік  рәміздеріне,  Қазақстан 

Республикасының Конституциясына құрмет білдіруінен; 

–  өз  халқы  және  Қазақстан  Республикасында  тұратын  басқа  да 

халықтардың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарауынан; 

–  тілектестік,  қайырымдылық  сезімдерін  білдіруінен,  басқа  адамдарға 

түсіністікпен қарауынан; 

– өзінің тұлғалық оң қасиеттерінің дамуына деген ұмтылысынан; 

– өзін қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде сезінуінен, жасына сәйкес 

әртүрлі әлеуметтік рөлдерді орындау қабілеттілігінен;  

– өз іс-әрекетіне дербестік пен жеке жауапкершілікті көрсете білуінен; 

– адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін айыра білуінен; 

– денсаулықты сақтау және өмір қауіпсіздік ережелерін білуінен; 

– шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуге ұмтылысынан;  

–  өнер  түрлері  мен  нақты  нысанды  зерттеуге  қызығушылық  білдіруінен 

көрініс табуы тиіс. 

Әлеуметтік  құзыреттілік  қоғам,  қоғамдағы  ережелер  мен  өзін-өзі  ұстау 

тәсілдері  туралы  білімді,  әлуеметтік-қоғамдық  ортада  болып  жатқан 

құбылыстарды,  өзгерістерді  немесе  жаңалықтарды  түсіну,  талдау,  жалпылау, 

қорытынды  шығару  біліктілігін,  өмірдегі  түрді  жағдаяттарда  жеке  басы  мен 



 

12 


қоршаған  қоғамдық  ортасына  тиімділігі  тұрғысынан  шешім  қабылдауды  және 

соған сәйкес әрекет етуді білдіреді.  

Әлеуметтік құзыреттіліктін қалыптасуы:  

– ұжымдық, қоғамдық, әлеуметтік еңбек өміріне қатысу белсенділігінен;  

– топ және ұжымда жұмыс істеу білігінен; 

– ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруінен;  

–  қоршаған  адамдармен  өзара  қарым-қатынастың  этикалық  нормаларын 

сақтауынан; 

–  отбасы  мүшелері  мен  қоршаған  адамдарға  ізгілік,  қайырымдылық 

білдіруінен,  отбасының  салт-дәстүрін  құрметтеуінен,  отбасындағы  өзіне 

қатысты міндеттерді орындауынан; 

–  болып  жатқан  әлеуметтік  оқиғаларға  қызығушылық  білдіруінен  көрініс 

табуы тиіс. 

Басқарушылық  құзыреттілік  өз  іс-әрекетін  жоспарлау,  ұйымдастыру, 

бақылау, реттеу және талдау білігін болжайды.  

Басқарушылық құзыреттіліктің қалыптасуы: 

– жас ерекшеліктеріне сәйкес ұжымда және отбасында оқу, қоғамдық және 

еңбек іс-әрекетін жоспарлау білігінен; 

–  туындаған  міндеттерді  шешетін  тәсілдерді  табу,  ұсыну,  қабылдау 

білігінен; 

– әртүрлі бақылау формаларының (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау) негізгі 

құралдарын меңгеру білігінен; 

– ұжымда ұйымдастырушылық білігінің байқалуынан; 

– шығармашылық іс-әрекетіне деген талабынан көрініс табуы тиіс. 

Коммуникативтік құзыреттілік тілдің грамматикалық және синтаксистік 

нормаларына  сәйкес  ауызша  және  жазбаша  сөйлеудің  формаларын  меңгеруді, 

мәдени қарым-қатынас нормасын сақтауды болжайды. 

Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы: 

– өз ана тілін және мемлекеттік тілді білуінен;  

–  сөйлеу  әрекетінің  негізгі  түрлерін  (айтылым,  тыңдалым,  оқылым, 

жазылым) меңгеруінен; 

–  әртүрлі  іс-әрекет  түрлері  жағдайында  адамдармен  өзара  қарым-қатынас 

жасау білігінен; 

–  құрдастарымен,  кіші  жастағы  балалармен  және  үлкендермен  қарым-

қатынас жасау шеберлігінен; 

– сөйлеу мәдениеті ережесін сақтауынан;  

– диалогиялық және полилогиялық қарым-қатынасқа қатысу білігінен; 

– мәселені ұжымда талқылауда тыңдай және оған қатыса алу білігінен; 

– өз ойын дұрыс, толық, жүйелі және нақты жеткізе алу білігінен;  

– тілдің грамматикалық және синтаксистік нормаларына сәйкес сөйлеудің 

монологтық және диалогтық формаларын меңгеруінен көрініс табуы тиіс. 

Ақпараттық  құзыреттілік  оқулық,  әдеби,  энциклопедиялық  және 

анықтамалық  кітаптар  мәтіндерінен  әртүрлі  ақпаратты  табу,  таңдау,  іріктеу, 

талдау, қайта өңдеу, қолдану біліктіліктері мен дағдыларын көздейді. 

Ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуы:  



 

13 


– ақпаратпен жұмыс істеу білігінен;  

– зерттеушілік іс-әрекет негізін меңгеруінен;  

– бір-бірімен ақпарат алмасу білігінен; 

– оқу мәтінімен өздігінен жұмыс істеу білігінен;  

–  қосымша  материалдардан  танымдық  сипаттағы  материалдарды  іздеу 

білігінен;  

–  ақпараттық-танымдық  іс-әрекет  дағдыларын  меңгеруінен  көрініс  табуы 

тиіс. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет