Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет15/30
Дата13.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4043
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);  
2)
 
Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016); 
3)
 
567  жылы  Түрік  қағанаты  мен Византия арасында  сауда  келісімі 
мен әскери шарт жасалды (1450 жыл). 
2016-
2017  оқу  жылында  пән  мұғалімдері  әдістемелік  қызметтерінің 
негізгі міндеттері: 

тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін 
жүзеге асыру; 

мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді  
әдістері мен технологияларын зерделеу; 

тарихты  оқытудың  базалық  және  жоғары  деңгейінде  зерделеу  тиімді 
білім беру тәжірибесін тарату болып табылады. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  
 
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
 
 
Адам. Қоғам. Құқық 
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 9-сыныпта оқыту – адам, қоғам және құқық 
туралы,  қоғам  дамуының  негізгі  процестері,  адам  өміріне  әлеуметтік 
факторлардың  әсері  жөніндегі  ғылыми  білімді  меңгеруге  бағытталған. 
Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән пәнді оқыту 
оқушылардың  назарын  қазіргі  қоғамдық,  саяси,  мәдени,  әлеуметтік 
құбылыстарға,  оларды  реттеп  отыратын  заңдардың  өзара  байланысына  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
115 
аударуға негізделген.  
«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  оқытуда  «Mәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 
идеясын  жүзеге  асыру  оқушылардың  рухани-адамгершілік  қасиеттері  мен 
патриоттық сезімдерін, құқықтық сауттылығы, мен азаматтық жауапкершілігін, 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға, ұлттық сана-
сезім  мен  толеранттылықты  дамытуға,  зайырлы  құндылықтарды  нығайтуға 
және терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын 
қалыптастыруға,  Қазақстанның  көпэтникалық  жағдайында  қарым-қатынас 
жасай білуіне бағытталады. 
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша базалық білім мазмұны, оқушылардың 
дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптары,  пәнді  оқыту  міндеттері  ҚР  Білім 
және ғылым министрінің  2015 жылғы 18 маусымдағы                     № 393 
бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған. 
 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
9-
сыныпта аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды. 
Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар 
«Адам. Қоғам. Құқық»  пәнінің  мазмұнын  игеру  кезінде 
түрлі  әлеуметтік 
жағдайларда  тиімді  және  өнімді  әрекеттердегі  адамның  қабілетін  қамтамасыз 
ететін  оқушылардың  тұлғалық  және  пәндік  нәтижелеріне  көңіл  бөлу 
ұсынылады.   
Пәнді оқытуда оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын 
ұйымдастырушылық-әдіснамалық 
принциптер: 
білімнің 
зерделілігін, 
толықтығын,  тұтастығын,  сабақтастығын,  өзара  байланыстылығы  мен  білім 
алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін ескерген дұрыс.  
Оқу процесінде білім  алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары 
ұсынылады: 
-
 

мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  оқушыларды 
ынталандыра және дамыта оқыту; 
-
 
оқушылардың білім алуы  «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету; 
-
 
оқушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  
-
 
оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  
-
 
оқушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;  
-
 
оқушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық  жұмыс 
түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады. 
Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», 
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» 
және  басқа  пәндерден  алған  білімдеріне  сүйену,  оқу  материалдарын  тарихи 
фактілермен,  әдеби  образдармен,  физикалық  процестермен,  т.б.  нақтылау 
ұсынылады. 
Пәнді оқытуда мынадай педагогикалық әдіс-тәсілдерді:  

оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ой-пікірлерін айту, гипотеза 
ұсыну,  жоспарлау,  зерттеу  жүргізу,  дәлелдеу  қабілеттерін  дамытатын 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
116 
ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;  

белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «жобалау» т.б. әдістерін 
ұйымдастыру  (проблемаларды  табу,  әр  оқушының  идеясын  ұсынуы,  бүкіл 
сыныппен талқылау, оны талдау  және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);  

сабақта оқушылардың белсенділігін арттыратын қоғамдық жәнеқұқықтық  
проблемаларды талқылау; 

ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушылардың 
білімдерін 
кеңейту 
үшін 
мультимедиялық 
ресурстарды 
тиімді 
пайдалану,презентациялардың  түрлерін  пайдалана  отырып,  таңдалған 
тақырыптар  бойынша  шығармашылық  жұмыстар  жасау,  сандық  білім  беру 
ресурстары материалдарын қолдану ұсынылады.  
Пәнді  оқытудың  басты  ерекшелігінің  бірі  сабақ  барысында  маңызды 
заңнамалық  актілермен,  заң  түсіндірмелерімен  (Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек құқықтарының негізгі 
түсініктері) жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.  
Оқытудың  әдіс-тәсілдері  көптүрлілігіне  (пікірсайыс,  кейс  әдісі,  дебат, 
рөлдік  ойындар,  жағдаяттармен  жұмыс,  жобалық  және  оқу-зерттеулік  қызмет 
т.б.) басымдық беру ұсынылады. 
Ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар: 
пән  бойынша  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясын  оқытуға  
ұсынылатын тапсырмалар: 
1) 
«Зайырлы қоғам және мемлекеттілік жоғары рухтандырушылық (эссе)
2)
 
«Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» (негіздеу); 
3)
 
Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея  – Мәңгілік Ел идеясы (эссе); 
4)
 
Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  –  азаматтық  бейбітшілік  пен 
келісімнің бірегей институты (жоба) және т.б.. 
2) 
пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар: 
1) 
«Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»; 
2)
 
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»; 
3)
 
«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»; 
4)
 
«Мен және менің құқығым»; 
5)
 
«Өз құқығыңды білесің бе?»; 
6)
 
«Бала және оның құқығы»;  
7)
 
«Ұлы дала заңдары»;  
8)
 
«Заң және заман»;  
9)
 
«Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б. 
 
Өзін-өзі тану  
 
«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  негізгі  мақсат-мүдделері:    Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 
«Жаратылыстану»  пәні  бойынша  нақтыланған  оқушының  тұлғалық  рухани-
адамгершілікті  дамытуды  ынталандыру,  жалпыадами  құндылықтарды  және 
құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, 
өзіндік  қабілеттерін,  әлеуметтік  маңызды  тұлғалық  қабілеттерді  және  өмірлік 
дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды  табысты іс 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
117 
жүзіне асыру.  
Оқыт пәнінің негізгі  міндеттері:  

өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;  

оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру; 

қоғамда  және ұжымда өз орнын білуге көмектесу; 

өзі,  адамдар  және  қоршаған  орта  бір-бірімен  қарым-қатынаста  екенін 
сезінуді ынталандыру; 

өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында  адамгершілік және әлеуметтік 
тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;                    

не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық 
қасиеттерін дамыту. 
«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай 
болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» 
сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.  
«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  білім  беру  процесі  арнайы  жабдықталған 
кабинетте  жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-
көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы  
34 сағат.   
 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  
15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  2016-2017  оқу  жылынан  бастап  оқу 
процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық 
және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі. 
9-
сыныпта  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  компоненті  есебінен 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті  түрде 
оқыту  үшін  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді.  Курсты 
біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсыныңмәні және 
маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды 
анықтайтын  бастаулары ретінде,  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ететін  ғылыми-
дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған 
болып  табылады.  Курс  орта  білім  жүйесіндегі  қоғамтану  және  әлеуметтік-
гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.  
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты: 

оқушыларды  «зайырлылық»  ұстанымын  құндылық,  яғни  мемлекет 
баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 
аясында тануға үйрету;  

зайырлылықты 
рухани-адамгершілік 
құндылықтар, 
мемлекет 
тұрақтылығының  басты  факторы  ретінде  қабылдау,  дінді  мәдениет  ретінде 
қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;  

діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 
қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 
тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
118 

оқушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 
идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 
негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 
дүниетанымын қалыптастыру.  
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері: 
1)  оқушыларға  діннің  мәні,  тарихы  және  оның  қазіргі  қоғамдағы  рөлі 
жөнінде жүйелі мәлімет беру; 
2)  зайырлылық  ұстанымдарын  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі 
ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру; 
3)  зайырлылық  тұрғысынан діни  сана,  діни  сенім,  діни  таным  және  діни 
тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;  
4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдени  танымдық  және  адамгершілік  мәнін 
түсіндіру; 
5)  оқушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге,  толеранттылыққа 
баулу  арқылы  қазіргі  қоғамдағы  діни  ағымдарға  зайырлылық  ұстанымы 
негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру; 
6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 
ұстанымдарының  нәтижесі  ретінде  таныта  отырып,  оқушылардың  бойында 
азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу; 
7) Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің 
ерекшеліктерін айқындау 
8)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 
құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 
ұстанымдарына,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерінтүсіндіре 
отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу; 
9)  оқушылардың  бойында  діни  әдебиеттер,  электрондық  ресурстар  және 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдарын  салыстыра  білу  және  сыни 
тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру; 
10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, 
осы  тұрғыдағы  білімін  арттыруға,  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары  мен 
еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу. 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бағдарламаларының 
материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. 
Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Өнер»  сияқты  пәндерімен  және 
«Этносаралық  қатынастардың  қалыптасу  тарихы»,  «Абайтану»  курстарымен 
пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.  
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын 
оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз 
мәнділігі бар білім алмайды. Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда 
болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет 
және  дін,  зайырлық  этикасы  негіздері,  адамның  рухани  өмірі  мен  қоғамдағы 
діннің  рөлі,  діни  бірлестіктер  мен  ағымдар,жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі 
діни  жүйелердің  танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-
қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.  
Білім 
алушылардың 
жоғары 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерін 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
119 
қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 
сияқты  көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 
мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 
Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 
бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 
терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлі  екендігін  оқушылардың 
ұғынуына айрықша назар аударылған .  
«Қазақстан-дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 
Республикасының  діни  заңнамалары.  Зайырлылық  –  ұлттық  қауіпсіздік  пен 
мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы 
болуы тиіс.  
Курстың  мазмұнында  оқушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 
ұйымдастыратын  шығармашылық  жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 
жобаларда,  түрлі  нысандағы ұйымдастырылған  өздігінен  жасалынған  зерттеу 
жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 
Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 
мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.  
Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге 
қажетті  Қазақстан  аумағындағы діндер  мен  діни  бірлестіктердің  мақсаты  мен 
ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты 
мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде 
игерілген  білім  оқушыға  Қазақстан  Республикасының  толыққанды  азаматы 
ретінде  рухани  толысуға,  өз  халқының  рухани  мәдениетін  деструктивтік, 
радикалды  діни  бірлестіктердің  зиянды  әрекетінен  сақтау  және  қорғау 
мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  алады,  екінші  жағынан,  адамның 
қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және 
ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.  
Оқушылар  бойында өз  халқының рухани  құндылықтарына  құрмет  сезімі 
қалыптасуы  тиісті,  олар  гуманистік  дүниетанымға,  жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  және  толеранттыққа  қайшы  келетін  ұстанымдар  туралы 
ұғымдарды білуі тиіс.  
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсыныңоқу 
процестерін  ұйымдастыру  барысында  пікірталас,  дөңгелек  үстел,  шағын 
жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас 
және т.б. формаларын қолдану тиімді.  
Жобаларды  жеке  және  ұжыммен  ынтымақтаса  педагогика  принциптерін 
қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және 
алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:  

дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет 
мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша  ауызша 
және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 

діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;  

дәстүрлі 
діндердің 
біртұтас 
платформалары 
мен 
жалпы 
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
120 

БАҚ  ақпараттарына  сүйене  отырып  елімізде  және  өңірлердегі  діни 
жағдайларды сараптау;  

Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;  

толеранттылық  және  дінаралық  келісім  орнаған  еліміздегі  нақты 
жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;  
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:  

мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның 
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;  

пәнді  оқыту  барысында  қандай  да бір  діни  бағыттарға  артықшылықтар 
бермеу;  

жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  

ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 
заңнамалар талаптарын сақтау;  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  аясында  алған  білімдерін 
бекіту  мақсатында  оқушыларға  қызықтыратын  тақырыптары  бойынша 
шығармашылық-жобалық  жұмыстар  жасауға  болады.  «Зайырлылық  және 
дінтану  негіздері»  бойынша  әзірленген  электронды  оқулық,  Қазақстанда  дін 
жүйесінің  таралуы  мен  ықпалы  туралы  мәдени-танымдық  сипаттағы  барлық 
діндер  бойынша  қысқаша  бейнематериалдар  т.б.  (міндетті  түрде  Дін  істері 
комитетінің  сараптама  комиссиясы  мақұлдаған)  сабақ  барысында  пайдалану 
ұсынылады.  
Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:  
-
 
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды; 
-
 
зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 
-
 
мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас 
мәнін; 
-
 
діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 
-
 
қазақ-мұсылмандығының танымдық ойларын; 
-
 
«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңын; 
-
 
әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай 
Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 
-
 
республикадағы  мемлекет,  мәдениет  және  діни  бірлестіктер 
арасындағы қарым-қатынастың жайын; 
-
 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 
сақтау, елдегі және  халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни 
сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын; 
-
 
экстремистік, 
террористік, 
теріс 
сипаттағы 
ұйымдардың 
ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 
сонымен бірге: 
-
 
зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана 
ұғымдарының ара жігін ажырату, 
-
 
экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни  топтар  мен  ағымдар 
идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
121 
-
 
діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 
пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 
-
 
өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық 
деректер нұсқасында  тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі. 
 
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  
 
Музыка  
5-6-
сыныптарда  «Музыка»  пәнін  оқытудыңмақсаты  –  оқушылардың 
музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру, 
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде 
қолдана  білуге  негізделген.  Музыка  баланың  бойындағы  асыл  қасиеттерін 
оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.  
Пәнді оқытудың міндеттері:  
– 
дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен 
байланысы  және  оның  композиторлық  шығармашылығындағы  рөлі  туралы 
білім беру; 
– 
оқушылардың  музыка  өнері  жайында  көзқарасын  кеңейту,  музыкалық 
құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып, 
музыкалық шығармаларды бағалай білу; 
– 
музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу; 
– 
музыкалық  өнер  арқылы  оқушыларды  адамгершілік  қасиеттерге 
тәрбиелеу; 
– 
музыка  өнерінің  әртүрлі  әрекеттерінде  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін дамыту.  
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс 
және  батыс  классикалық  музыкасының,  әлем  музыкасының  ең  озық, 
қазақстандық  заманауи  өнер  туындыларын  қамтиды  және  оқушылардың 
мәдени,  құндылықты,  тұлғалық,  зияткерлік  қасиеттерін  қалыптастыруға 
бағытталған.  
Сабақтың, сабақтан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік  мақсатын  «Мәңгілік  Ел» 
идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
«Музыка»  пәні  бойынша  бағдарлама  пәнаралық  интеграция  принципін 
ұстана  отырып,  тіл  және  әдебиет,  тарих  және  бейнелеу  өнерімен  байланыста 
оқытуды  көздейді,  бұл  өнер  түрлерінің  өзара  байланысы  туралы  көзқарас 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  үздіксіздік  принципін  ұстана  отырып, 
бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік 
айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің 
жан-жақты  дамуы  мен  түрлі  құбылыстарына  жеке  көзқарасын  қалыптастыра 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет